Iii тарау Карталардың математикалық негізі



бет12/14
Дата20.02.2023
өлшемі7,98 Mb.
#169406
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
3 Тарау

3.8. Координаталық торлар
Координаталық торлар – картаның математикалық негізінің маңызды элементі болып табылады. Олар картада бағдар алу үшін, бағыттарды анықтау (азимуттар, румбтер, дирекциялық бұрыштар), машруттарды салуға, мазмұн элементтерін түсіру, олардың координатасы бойынша жаңа нысандарды салу және картадан нысан координаталарын алу үшін қажет. Одан бөлек торлардың болуы карта масштабы туралы, проекция түрі мен ондағы бұрмаланудың таралуына талдау жасауға мүкіндік береді. Тор картаны карта ететін нәрсе, тіпті «торы жоқ карта, шкаласы жоқ термометр сияқты» деген сөз де бар.
Картографиялық тор – дегеніміз картадағы меридиандар мен параллельдердің графиктік кескіні болып табылады. Олар бастапқы Гринвич меридианынан бастап есептелінетін бойлық мәндері мен экватордан басталатын ендік мәндерін көрсетеді (3.16-сурет). Картографиялық тор «солтүстік-оңтүстік» және «батыс-шығыс» бағыттарын көрсетеді, ендік белдеулерін, нысандардың жарық жағынан салыстырғандағы орналасуына талдау жасауға мүмкіндік беретін маңызды географиялық мағынаға ие. Меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі бойынша географиялық азимуттар есептелінеді, ал екі пункт бойлықтарының айырмашылығы олардың уақыттарын көрсетеді. Карталарда географиялық тордың сызықтарын әдетте бірдей интервал бойынша сызады: бірнеше ондаған градустар, бірнеше градустар, минут және тіпті секундтар – барлығы картаның масштабы мен пайдаланылу мақсатына байланысты болады.



3.16-сурет. Глобустағы ендік пен бойлық және картадағы параллелдер мен меридиандардың торлары.




Тікбұрышты координаттар торы (тікбұрышты тор) – бірдей аралықтар арқылы өткізілген өзара перпендикуляр сызықтардың стандартты жүйесі, мысалы, белгілі-бір шақырым санынан кейін (осыдан шақырымдық тор немесе шаршы шақырымдар торы деген атау шығады) дегенді білдіреді. Бұл тор әдетте топографиялық карталарға және пландарға салынады, оның тік сызықтары геодезиялық зонаның осьтік меридианына параллель жүреді (абцисса осі), ал горизонтальды сызықтар экваторға параллель салынады (ордината осі), олар шақырыммен цифрланған, ал картаның шақырымдық рамкасы көбіне бөлшек бөліктерге бөлінген (3.17-сурет). Мұндай тор геодезиялық есептеулер үшін қолайлы: тік бұрышты координаталарды анықтау, қашықтықтар, дирекциялық бұрыштар және т.б.



3.17-сурет. Координаталық сызықтары бар геодезиялық зонаның және топографиялық картадағы тік бұрышты координаталар торының суреті


Көрсеткіш тор – нысандардың тұрған орынын және іздеуді көрсетуге негізделген картадағы кез-келген тор. Мұндай тордың ұяшықтары әріптермен және сандармен белгіленеді (мысалы, В-3), бұл қолайлы, мысалы, елді мекендердің алфавиттік гоеграфиялық көрсеткіште тұрған атаулары бойынша іздеу үшін қажет. Әдетте көрсеткіш торлар карта атластарына салынады, ал соңында атласта көрсетілген нысандардың барлық атаулары келтіріледі.


Басқа да координаталық торларды кездестіруге болады. Ескі теңіз карталарында яғни портоландарда компас сызықтарының торы бейнеленген, кейбір француз карталарында әлі күнге дейін градустар торы беріледі (шеңбер 400 градусты құрайды, ал әрбір градус 100 метр минутқа тең). Кейбір елдер өздерінің тік бұрышты координаталар жүйесін және сәйкесінше өздерінің координата торларын пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет