Өнеркәсіптік масштабтарда аммиактың қолайлы шығымына ықпал ететін факторларды қолдануды дәлелдейді:
Фосфордың аллотропиялық модификацияларының физикалық сипаттамаларындағы айырмашылықты түсіндіреді
Эксперименттік деректерді салыстырады және галогендерді топтағы белсенділігіне сәйкес анықтайды
Ағзадағы сандық құрамы бойынша элементтерді жіктеу принципін түсіндіреді
Ауыр металдардың адам ағзасына түсу және олардан туындаған улану тәсілдерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма 1. Аммиакты Габер процесі арқылы өндіреді.
Азот пен сутегі арасындағы реакция келесі жағдайды жүреді:
- 200 атмосфералық қысым;
- Темір катализатор;
- 400-450оС температура;
(а) Азот газының көзі болып табылады?
A. Ауа
B. Мұнай
C. Топырақ
D. Нәруыз
(b) Габер процесінде орын алатын реакция теңдеін жазыңыз. ________________________________
(с) Аммиактың жай заттардан түзілуі қайтымды үрдіс.
Кестеде 600° С-та тепе-теңдік қоспадағы аммиак үлесінің қысымға тәуелділігі көрсетілген.
Аммиак үлесі
8
12
15
20
Қысым/ атм.
200
300
400
500
Не себепті қысым артқан сайын қоспадағы аммиактың массалық үлесі
артатынын түсіндіріңіз:_______________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
2. Суретте фосфордың екі аллотропиялық түр өзгерістері көрсетілген.
(а) Екі аллотропиялық түрөзгерістің қайсысы жоғары температурада балқиды? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз:
___________________________________________________________________________
(b) і. Фосфордың А аллотропиялық түр өзгерісінің жану реакция теңдеуін құрыңыз:
іі. Алынған өнімді суға ерітіп, лакмус тамызғанда ерітінді қандай түске боялады?
3. (а) Осы заттардың қайсысы хлормен әрекеттеспейді:Na, CaF2, KI, H2 және «Х» белгісімен
Белгілеңіз.
Na
CaF2
KI
H2
Сl2
(b) Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңыз:
___________________________________________________________________________
4. Элементтерді ағзадағы сандық құрамына байланысты макро- және микроэлементтерге
жіктейді.
Элементтерді жіктеңіз:
сутек, көміртек, кобальт, магний, натрий, стронций, азот, йод, оттек, бром.
Макроэлементтер:
__________________________________________________________________________
Микроэлементтер:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
5. 9-сынып оқушысы медициналық тексеруден өту кезінде оның ағзасында темір, фосфор,
магний және йод сияқты элементтердің жетіспеуі анықталды.
Ағзадағы элементтердің орнын толтыру үшін сіздің құрдастарыңызға тамақтану
рационын ұсыныңыз:
Темір: __________________________________________________________________
Фосфор: ________________________________________________________________
Магний: ________________________________________________________________
Йод:______________________________________