Ііі тоқсан БӨлім бойынша №1 жиынтық бағалау тапсырмалар



бет9/11
Дата19.02.2022
өлшемі146,63 Kb.
#132509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
6.7.8 3токсан

Оқылым
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбын, мәтіндердің типтерін, құрылымын салыстырыңыз. Мәтіндер қандай стильде жазылған?
[5]

А мәтіні
Жасөспірімдер және қылмыс


І. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау – бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін мәселе. Әрбір құқықбұзушылық пен қылмыс – отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында қалады. Қалай десек те, құқықбұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық.
ІІ. Жалпы, жастардың және жасөспірімдердің қылмыс жасау мәселесі құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар отбасының, барша мемлекеттік ұйымдардың үнемі қадағалауын талап етеді. Жастар арасындағы қылмыс қашан да ұлт тұтастығы мен ел болашағына қауіп төндіріп, қоғамымыздың ары қарай дамып өркендеуіне кері әсерін тигізетіні анық.
ІІІ. Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы
– дәуір қасіреті. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар. Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады? Қоғам желіктіріп тұр ма, жоқ, әлде тәрбие таяз ба? Сотталған жас азаматтардың көбеюі қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады.
ІV. Астана қалалық сотының мәліметінше, соңғы жарты жылда кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен елордада 43 қылмыстық іс қозғалыпты. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі. Алайда адам өлтіру, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адамды ұрлау және т.с.с. ауыр қылмыс жасаған тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ә мәтіні
Заң психологиясындағы кәмелетке толмағандардың мәселесі


Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық тәрбиесін бұзушылығын әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан талдау үлкен орын алады. Яғни жас «қылмыскерлердің құқық бұзушылығына» себеп болған жағдайларға ғылыми тұрғыдан қарап, ғылыми тұрғыдан баға беру, шешілмеген мәселелерін шешу – ғалымдардың басты міндеті. Жалпы баланың қалыптасу кезеңінде оған әртүрлі жағдайлар мен факторлар әсер етсе, ол ең алдымен, оның көзқарасына, қызығушылығына, икемділігін өз нәтижесін беріп, қатынас, сезім, көңіл күйді қалыптастырады. Осылардың деңгейінде бала бойында белгілі бір сипаттық белгілер мен жеке басының жақсы, жаман жақтары дамиды. Баланың адам болып қалыптасуы, ең алдымен, отбасыға байланысты. Отбасы бала өмірінің жағдайын тудыратын, реттейтін орта болғандықтан, ол әртүрлі таңданыс пен өкініштердің қайнар көзі ретінде жат қылықтардан жирендіретін, дұрыс жолға бағыттап, басқаратын күш, өмірдегі тірек және де алғаш тәрбиелік орта болып табылады.
Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта, әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының ав-томатты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас, әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені қылмыс дегеніміз – әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы – өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.



А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы







Мәтіндер қандай стильде жазылған?







Мәтіндер қандай типте жазылған (баяндау, сипаттау, талқылау)?







Мәтіндердің құрылымы толық сақталған ба?







2. Әр мәтіннің мазмұны бойынша кем дегенде екі сұрақтан құрастырыңыз.
[5]



А мәтіні

Ә мәтіні

1.
2.

1.
2.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет