Есеп№1. Серіппелі пистолеттің горизонталь бағытымен атылған снарядының жылдамдығы неше есе өзгереді?
а) Серіппенің сығылуын 2 есе арттырған кезде; б) Пистолет серіппесінің қатаңдығы 2 есе артық басқа серіппемен алмастырғанда; в) Снаряд массасын 2 есе арттырған кезде. Бұл жағдайлардың әрқайсысында жылдамдық тәуелді болатын барлық басқа шамалар өзгермейді. ( Жауабы: а) 2 есе өседі; б) есе өседі; в) есе кемиді)
Есеп№2. Майы бар жабық құтының не бөтелкенің ішіндегі ауа көпіршігінің көлемі бөтелке салқындағанда арта ма, әлде кеми ме?
Есеп№3. Біз таксиге не үшін төлейміз: жол үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе?
Есеп№4. Материялық нүктенің қозғалыс теңдеуі мынадай: . Бұл қандай қозғалыс?
Есеп№5. Сыйымдылығы бірдей алюминий және шыны ыдысқа ыстық су құйылады. Қай ыдыс құйылған ыстық судың температурасын лезде қабылдайды?