ІІІ. “Ырыс алды – ынтымақ” - негізгі бөлім Жаңа сабақты түсіндіру.
Өнеркәсіпте
алынуы
Қолданылуы
Темірдің маңызды
қосылыстары
Физикалық
қасиеттері
Химиялық
қасиеттері
Периодтық
жүйедегі орны
және атом құрылысы
Табиғатта
таралуы
Құрамында
темірі бар
қосылыстар
.
Темір- адам қоғамымен бірге туып, бірге жасасып, адам мүддесіне ұзақ уақыт қызмет етіп келе жатқан тарихи элемент. Ол-адамды алғашқы құрал мен қару жарақтан бастап, бүгінгі ғарыш кеңістігіне көтерген жасампаз металл.
Темір кенінің қоры жағынан Қазақстан -әлемде сегізінші, оны өндіруде он бірінші орын алады. Ал ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында тұр.
Темір –ІV период VIII топтың қосымша топша элементі. Қосымша топшадағы барлық элементтер сияқты темірде – d элементке жатады.
Темір –ІV период VIII топтың қосымша топша элементі. Қосымша топшадағы барлық элементтер сияқты темірде – d элементке жатады.
Жалпы сипаттама.
Периодтық жүйедегі орны
және атом құрылысы
Темір - айнымалы ІІ және ІІІ валентті,.
Қосылыстарында +2 және +3 тотығу
дәрежелерін көрсетеді:
Fe0 – 2e Fe2+
Fe0 – 3e Fe3+
Темір – табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 4,2%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде “аспан” және “жұлдыз” тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас (Fe2O3), магниттік теміртас (Fe3O4), пирит (FeS2). Елімізде темір кендерінің үлкен қорыРудный темір кені бассейінінде және Орталық Қазақстанда бар. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше жүздеген кен орындары мен кен ошақтары белгілі. Көптеген кен орындарында кендердің аз тереңдікте орналасуы оларды арзан ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді. Темір тұздары теңіз суларында бар, мұхит түбінде темірге бай табиғи шөгінділер кездеседі.
Магнетит
Гематит
Ғе3О4
Ғе2О3
Лимонит
Пирит
Темір – жылтыр, күміс түстес ақ металл,
оның тығыздығы – 7,87 г/см3.
Балқу температурасы жоғары – 15390С.
Темір иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын
қасиеті бар.
Жай заттармен әрекеттесуі:
Жай заттармен әрекеттесуі:
Темір оттекте жанғанда +2, +3 тотығу дәрежесін
көрсетеді, ұшқын шашыратып жанады:
1. 3Ғе + 2О2 Ғе3О4(ҒеО*Ғе2О3) темірдің тот қағы
Ылғалды ауада тат түзеді:
4Fe + 6H2O + 3O2 = 4Ғе(ОН)3
Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады:
2Fe + 3Cl2 = 2Fe Cl3 темір хлориді
Fe + S = FeS темір сульфиді
3Fe + C = Fe3C цементит
Күрделі заттармен әрекеттесуі:
Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:
Fe + H2O = FeO + H2
Сұйылтылған азот және күкірт қышқылдарымен
әрекеттесіп, темір тотықсызданады:
Fe + 4HNO3(сұйық) = Fe(NO3)3 + NO + 2H2O
Fe + H2SO4(сұйық) = FeSO4 + H2
Темір белсенділігі төмен металдарды олардың
тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып
шығарады:
Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu
Пирометаллургиялық әдіспен:
оксидінен тотықсыздандыру арқылы:
Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O
Алюминтермиялық әдіспен:
Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe
Көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру
арқылы:
Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2
Темір – тірі организмдердің құрамында кездеседі. Ересек адамдардың денесінде 4-5 г темір бар. Оның 65% қандағы гемоглабиннің құрамына кіреді. Темір ионы ғана қанға қызыл түс береді. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қаназдық ауруын туғызады. Темір көптеген тағамдардың құрамында кездеседі. Мысалы: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасында. Бұл тағамдарды күнде ас мәзірінде пайдаланып, қан аздықтың алдын алу керек. Ешкінің шикі сүтінде де темір кездеседі. Оны шикілей ішу адамға өте пайдалы.
Радиация әсерінен гемоглобин
Радиация әсерінен гемоглобин
синтезделмесе, адам ақ қан ауруына
шалдығады. Медицинада темірдің
дәрілік препараттары, зерттеу кезінде
индикатор ретінде қан ауруын
анықтауға қолданылады.
Темір (ІІ) оксиді немесе (FeO) – негіздік оксид, оңай тотығатын қара ұнтақ, оны мына реакция бойынша алады:
Fe2O3 + CO 2FeO + CO2
Қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді:
FeO + 2HCl = FeCl2 + H2O
FeO + CO2 = FeCO3
Темір (ІІІ) оксиді Fe2O3 – амфотерлі оксид, бірақ негіздік қасиеті
басымдау, ең тұрақты оксид, қызыл-қоңыр түсті, минералы
гематит.
ІІ. Химиялық қасиеттері:
қышқылмен Fe2O3 + 3H2SO4 = Fe2(SO4)3 + 3H2O
негізбен Fe2O3 + 2NaOH = 2NaFeO2 + H2O
Темірдің ІІ және ІІІ валентті оксидтеріне екі түрлі гидроксидтері сәйкес келеді.
Fe (II) гидроксиді – жасыл тұнба, ал Fe (III) гидроксиді – қызыл-қоңыр түсті. Олар суда ерімейтін заттар.
І. Алынуы.
ҒеSО4 + 2NaOH = Fe(OH)2 + 2Na2SО4
FeCl3 + 2NaOH = Fe(OH)3 + 3NaCl
Темір
құймалары
Қолданылуы:
Fe3C – цементит шойын
түрінде.
Болат
түрінде
Темірден жасалған
Темірден жасалған
әр түрлі
қару-жарақтар.
Х – ХІІ ғасырлар.
Темірден
жасалған
кілттер
Темір......түстес,........металл.
2. Темір иілімді,.......қасиеті бар,
тығыздығы.......,балқу температурасы....
3. Темір қосылыстарында......тотығу дәрежесін
көрсетеді.
4.Темір құймалары ........және......түрінде қолданылады.
темір
алюминий
ұқсастығы
Венн диаграммасы
Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды... егер металдар болмаса... адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді.”