Икт крит руководство для учителя 1 каз indd


АКТ-ны қалай қолдану керек



Pdf көрінісі
бет105/358
Дата11.05.2022
өлшемі7,84 Mb.
#142594
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   358
Байланысты:
Зайцев Педтехнологии лекция книга 1
АКТ-ны қалай қолдану керек
Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды.
Мектептегі технологияларға мыналар жатады:
• Теледидар бағдарламалары;
• Сандық теледидар;
• Интернет/ WWW;
• Ұялы телефон;
• Ұтқыр қондырғылар;
• Компьютер/ноутбук.
Сандық видеоны қолдану
Бағдарламалық жасақтама (БЖ)
Windows-тың көшірмелерінің көбісінде видеоны редакциялауға мүмкіндік беретін тегін 
және қолданыста өте жеңіл Windows MovieMaker бағдарламалық жасақтамасы бірге жүреді. 
БЖ тегін болуына қарамастан, видеоны редакциялауда таптырмайтын құрылғы. Осы БЖ-ның 
бізге ұсынатын мүмкіндіктері құны жүздеген фунтқа жететін басқа бағдарламалар ұсынатын 
мүмкіндіктерден еш кем түспейді. Бірақ бұл құрылғыда қолданушылардың көбі әдетте қолдана 
бермейтін бірқатар жоғары техникалық функциялар жоқ. БЖ орнатылған iMovie деп аталатын 
Macintosh компьютерінің көбісінде осыған ұқсас функциялар орналастырылған.
Кейде бейнекамераны қолдану қиын болып жатады, дегенмен Сізде камерамен бірге 
жүретін диск және қолдану жөніндегі нұсқаулық болса, жұмысыңыз жеңілдейді. Бағдарламалық 
жабдықтарды сенімді түрде колданудың жалғыз жолы – оларды пайдалануды бастау. Ол үшін 
кез келген қысқа бейнеклипті жүктеп алып, өзіңіздің бағдарламалық жасақтамаңызға енгізіп, 
онымен мұқият жұмыс істеңіз. Бұл жұмыс алғашында біраз уақытыңызды алуы мүмкін, бірақ 
кейіннен жеңіл және жылдам жұмыс істеуіңізге мүмкіндік береді.
Жарықтандыру 
Бұл нағыз проблема болуы мүмкін. Сандық камералардың көбінде автоматты жарықты 
икемдеу функциясы бар. Түсіп тұрған жарық көзі сай болып, әрі камераңыз жылжымай, бір 
жерде тұратын болса, бұл функция ыңғайлы болады. Ал камераңыз орын ауыстырып, жарық 
түсу деңгейі өзгеріп тұрса, бұл нағыз проблемаға айналуы мүмкін. Егер камераңыздың орнын 


| 59 |
ауыстырып тұруды жоспарласаңыз, орын ауыстыру жолын алдын ала ойластырыңыз, өйткені 
дұрыс емес орынға (мысалы, терезеге арқаңызбен) тұрып қалуыңыз мүмкін. Фотосуреттерде 
жарық деңгейін өзгерту айтарлықтай оңай, Windows MovieMaker сияқты кейбір 
бейнебағдарламалар да жарық деңгейін өзгертіп, редакциялай алады. Бірақ жарықтандыру 
мәселесін алдын ала ойластырып алған дұрыс.
Микрофондар
Көптеген камералардың орнатылған микрофоны бар, бірақ Сізге түсіріп жатқан 
видеоңыздың дыбыстық жолы маңызды болса, екінші микрофоныңыз болғаны дұрыс. 
Кейбір сандық бейнекамералардың екінші микрофонды қосуға арналған 3,5 мм ұясы болады. 
Микрофонды қосар алдында камераға орнатылған микрофонның өшіріліп, теңшеулердің 
барлығын жөнге салғандығыңызды және микрофонды ұстау ыңғайлы екендігін тексеріңіз 
(ұзын сымы бар микрофон пайдаланыңыз). Тағы бір тәсіл – саундтрек және баяндауды бөлек 
жазып, кейін оны қосу. Видеоны редакциялауға арналған БЖ арқылы саундтректерді кейіннен 
қосуға да болады (бірнеше рет те қосуға болады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   358




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет