Икт крит руководство для учителя 1 каз indd


Бағдарламаның теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет2/358
Дата11.05.2022
өлшемі7,84 Mb.
#142594
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   358
Бағдарламаның теориялық негіздері
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал 
оқыту әдістемелері арасында 
сындарлы оқыту теориясына
негізделген тәсіл кең тараған 
(Hattie, 2009).
Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы 
оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойлауы 
олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерден, 
мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла дамиды деген 
тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны 
дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білім беруге 
негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік 
қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра 
бермейтінін тілге тиек етеді.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың 
жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау
үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте 
сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы 
терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе 
емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. 
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну 
қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана 
білуін қамтамасыз ету.


| 5 |
Оқытудың сындарлы теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің 
өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге 
сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша 
білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре 
алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып 
құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар:
• жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуы;
• оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен 
жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы;
• кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін 
жете түсінуі.
Сындарлы оқытудың
 
жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен 
негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді 
білуін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   358




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет