«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі
педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН
НҰСҚАУЛЫҚ
Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Әдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016
Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген
құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нысанды қоса алғанда, авторлық
құқық берушінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға
тыйым салынады.
| 3 |
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ...............................................................................................................................................
4
Бағдарламаның мазмұны .................................................................................................................
9
Адамдардың қалай оқитындықтары туралы білім саласындағы заманауи жетістіктер ...........10
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер .................................................................................................26
Мұғалімдер қалай оқу керектігін үйретеді .......................................................................
26
Қалай оқу керектігін үйрену ...............................................................................................
33
Сыныптағы диалогтің маңызы ..........................................................................................
38
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету ....................................................................................................
43
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау ...........................................................................................
49
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану ............................
54
Талантты және дарынды балаларды оқыту ...................................................................................64
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу ......................................................69
Оқытуды басқару және көшбасшылық ..........................................................................................
78
Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау ..............................................................................81
Этикалық талаптар ...........................................................................................................................
83
Мұғалімдерді бағалау ......................................................................................................................
85
Глоссарий ..........................................................................................................................................86
Байланыс ақпараты ..........................................................................................................................91
| 4 |
КІРІСПЕ
Осы «Мұғалімге арналған нұсқаулық» әдістемелік құралы «Тәжірибедегі рефлексия»
жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасын (бұдан
әрі – Бағдарлама) зерделеу және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып табылады.
Аталған Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп,
соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді,
сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын
оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті
ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған
мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне
көбірек ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін
өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011).
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту
жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі
екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті
деңгейде кездеседі.
Осы «Мұғалімге арналған нұсқаулық» Бағдарламаның негізін құрайтын ғылыми зерттеулер
кешенін зерделеуге және талдауға арналған. Сонымен қатар мұнда ұсынылған түсініктер мен
тәсілдер еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің, сондай-ақ тәжірибелі ұстаздардың көп
жылғы тәжірибесіне негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |