Пән мұғалімі Бахтыгереева Гулнар Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні : Биология
Күні:
Сыныбы: 7
Сабақтың атауы
Жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар типін қорытындылау сабағы
Сілтеме
Білім стандарты, биология пәнінің бағдарламасы, орта мерзімді жоспар
Жалпы мақсаттар
Оқушы бойында өз бетімен білім алу,өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.Сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз ету.
Оқыту нәтижесі
Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі.
Ақпараттық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз етіледі.
Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады.
Негізгі идеялар
Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді.Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау.
Дереккөздер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; АКТ;
Талантты және дарынды балаларды оқыту;
Оқытуды басқару және көшбасшылық.