| 79 |
тұрады, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған есептерді оқу,
оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс-тәжірибе
алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті
аяқтау тәсілі емес, диалог құру мақсатындағы ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.
Бұл үдерістер ауқымы мен көлемі бойынша азғантай ғана болуы мүмкін, бірақ олар
педагогикалық пікірталас қалыпты жағдай деп саналатын ортада мәдениеттің қалыптасуы мен
жаңаруына үлес қоса алады.
Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында біртіндеп жүзеге асырылатын
рефлексия, жоспарлау, кеңес беру тәсілдері арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір
ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі
қадам – өзгеріс енгізуге қатысты әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну
мен келiсу бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы
мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл
жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай
алатындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді өтсе, онда дамыту жұмысы
да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс тәжірибелі мұғалімдер
тарапынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Бізге олардың мектеп құрылымы
мен дамыту басымдықтары туралы пікірі қажет, себебі олардың кеңесі мен жетекшілігі өте
құнды.
Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей
кезеңдерде
айқындалады.
1-кезең. Құндылықтарды анықтау.
2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.
3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.
4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.
5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.
6-кезең. Зерттеуге негiзделген дамыту жұмысындағы көшбасшылық.
7-кезең. Кәсiби бiлiмнiң дамуына ықпал ететін қоғамдастықтағы жұмыс.
Дамытудағы көшбасшылық мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен
тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын
тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: