| 89 |
Негізгі функциялары
: репродуктивтік сұрақтар мен арнайы жасалған
проблемалық жағдаяттардың көмегімен оқу қызметінің жаңа ұғымдары
мен тәсілдерін ашу; танымдық қарым-қатынасты жандандыру және
оқушылардың ойлау және тәжірибелік қызметіне түрткі болу, оларда сөз
сөйлей білу және өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру;
оларға ұжыммен ойлау қызметінің тәсілдерін үйрету.
Негізгі белгілері
: оқу материалы хабарлаушы әңгіме түрінде баяндалады,
онда негізінен оқушыларға белгілі материал бойынша репродуктивтік
сұрақтар қолданылады. Мұғалім проблемалық жағдаят тудырып, бірқатар
проблемалы сұрақтар қоя алады, бірақ бұл жағдайда жаңа ұғымдар мен
әрекет ету жолдарының мәнін мұғалім түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: