3.Файл, файлдың құрылысы, файлдық құрылым.
Файл
– ортақ логикалық мәні мен атауы бар қатты дискідегі аймақ. Файл аты –
файл қасиеттерінің біреуі, файлға тура сілтеп тұрады.
4.Файлдық жүйе дегеніміз не?
Файлдық жүйе – тасушылардағы ақпараттың орналасуының ортақ, алдын-ала
анықталған ережелер жинағы.
5.Файлдық жүйені көруге болатын бағдарламаларды атаңыз.
Екі файлдық жүйе
FAT
(File Allocation Table) – 9х–ұқсас Windows және DOS-жүйелерінде х–ұқсас Windows және DOS-жүйелерінде
қолданылған ФЖ. Артықшылығы – аппараттық талаптары аз, сол үшін қазіргі
кезде тұрмыстық техникада қолданылады. Файлдық жүйенің құрылысы жай
болып келеді. Диск басында файлдардың орналасу кестесі бар, ол – арнайы
аймақ, дискідегі қай файлдың физикалық жағынан қайда орналасқанын
көрсетеді. Егер файл ұзындығы бірнеше сектор болса, онда әр сектордың
соңында келесі секторға сілтеме орналасады. Ақпарат блоктары дискіде кез–
келген тәртіппен орналасуы мүмкін.
NTFS
(NT File System) – файлдарды сақтаудың мүлдем басқаша жүйесі. FAT–
пен бір уақытта пайда болса да, ол кезде аппараттық талаптары үлкен еді. NTFS
құрылысы жағынан деректер қорына ұқсас болып келеді. Файлдың
қасиеттерінің саны шексіз болуы мүмкін. Осы қасиеттерді басқаша ағымдар
(streams) деп атайды. Ағымдар өзара байланыспаған да болады. Файлда
пайдаланушы үшін көрінетін ақпарат жоқ болса да, ағымдарда ақпарат
сақталады, сол үшін файл кез–келген өлшемге ие болуы мүмкін. Сонымен
қатар, NTFS жүйесінде дисктің аймақтары емес, метафайл деген ұғым бар.
Достарыңызбен бөлісу: