Илемдеу өндірісінің технологиялық сұлбалары


Илемдік орнақтардың жіктелуі



бет2/3
Дата25.01.2020
өлшемі175,17 Kb.
#56472
1   2   3
Байланысты:
Илемдеу өндірісі


1.2 Илемдік орнақтардың жіктелуі
Жұмыс қапастарының орналасуы бойынша. Жұмыс қапастарының орналасуына байланысты илемдік орнақтар бес топқа бөлінеді:

- бір қапасты;

- желілі көп қапасты;

-тізбекті;

- жартылай үздіксіз;

- үздіксіз.

Бір қапасты орнақтар құрамында бір жұмыс қапасы және пішінбіліктер жетегінің тізбегі бар. Жетек құрамына айналдырықтар, тістегеріштік қапас, редуктор, муфталар және бас электрқозғалтқыш кіреді.

Бір қапасты орнақтар құрылымы қарапайым. Пішінбілік жетегінің тізбегіне кіретін жабдықтар жұмыс қапастары күрделі орналасқан орнақтарда негізінен қайталанады. Бұл орнақтар тобына блюмингтер мен слябингтер, үш және төрт пішінбілікті қалың табақты және әмбебап орнақтар жатады.

Желілі орнақтар. Бұл орнақтардың жұмыс қапастары бір, екі, үш және одан да көп желілер бойымен орналасқан және де әрбір желі өзінше жеке электрқозғалтқыштан немесе бірнеше желі бір электрқозғалтқыштан қозғалыс алады. Мұндай типті орнақтар кері қимылсыз; оларды сымтарту, сортты, рельс-арқалықты және қалың табақты орнақтар түрінде қолданады.

Тізбекті орнақтар. Илемделетін тілкем орнақтың қапасынан бір рет қана өтеді, сондықтан мұндай орнақтардың қапастар саны максимал өтпе санына тең болуы керек. Цех ұзындығын қысқарту мақсатында қапастарды бірнеше қатарға орналастырады, мысалға үш немесе одан да көп қатарға тізбекті кросскоунтри, тізбекті шахматты орналасқан.



Әрбір қапаста илемдеуден өткен соң тілкем ұзындығының өсуіне байланысты қапастар аралығының арақашықтығы да біріншісінен соңғысына қарай өсіп отырады. Тілкем ұзындығының өсуіне сәйкес пішінбіліктердің айналу жылдамдықтары да өседі. Мұндай орнақтар орташа өлшемдегі сортты пішіндерді илемдеуге қолданылады. (өнімділігі 300–900 т/сағ) (сурет-1).

1-сурет – Әртүрлі илемдік орнақтардың жұмыс қапастарының орналасу сұлбасы: а – бір қапасты; б-желілі; в-қосарланған; г-сатылы; д-үздіксіз топтасқан жетекті; ж-жартылай үздіксіз; з-тізбекті қайталамалы; и-шахматты

Жартылай үздіксіз орнақтар екі топтан құралған қапастардан тұрады: үздіксіз және желілі

Мұндай орнақтарда тілкем қапастардың бір тобынан үздіксіз (үздіксіз илемдеу деп- илемдеу кезінде тілкемнің бір мезгілде екі немесе одан да көп қапастарда болатын илемдеуді айтады), ал екінші тобында тілкем ілмек қалыптастырып илемденеді.

Жартылай үздіксіз орнақтар майда сортты және сымды илемдеу үшін қолданылады. Мұндай орнақтардың өнімділігі 100-400 мың.т/жыл.

Үздіксіз орнақтар. Үздіксіз орнақта илемдеу барысында металл бір мезгілде бірнеше қапаста болады, сондықтан пішінбіліктердің айналу жылдамдығы секундтық көлем тұрақтылығының шарты сақталатындай болып таңдалады.

(1.1)
Мұндағы:

F1, F2, F3 – тиісті қапастардың шығарысындағы металдың көлденен қимасының ауданы;

V1, V2, V3 – осы қапастардың пішінбіліктерінен шыққан кездегі тілкем жылдамдығы.

Секундтық көлем тұрақтылығы шартының орындалмауы қапасаралық керіліс немесе іркіліс тудырады. Керілісті реттеу үшін әртүрлі ілмекұстағыштар және айналу жылдамдықтары автоматты қалыптылықпен реттелетін тұрақты тоқ қозғалтқыштары қолданылады. Күрделі сортты пішіндерді илеидеу кезінде керіліске жол беруге болмайтын болса, керісінше табақты металды илемдегенде алдыңғы және артқы керілісте көбірек мән береді.



Үздіксіз орнақтардың өнімділігі өте жоғары болып келеді 6–7 млн.т/жыл. Сортты орнақтарда жетек топтамасы, ал табақты орнақтарда жекеше болады (сурет-2).

2-сурет – Сортты орнақтарда жетек топтамасы


Орнақтардың тағайындалу міндеті бойынша жіктелуі.

Тағайындалған міндетіне қарай илемдік орнақтарды мынадай топтарға бөлуге болады:

- ыстықтай илемдеу орнақтары: қысқыш, дайындамалық, реліс-арқалық, ірі сортты, орта сортты, майда сортты, қалыңтабақты сортты, орташа табақты, жұқа табақты, кең тілкемді, штрипсті (штрипс- құбырға арналған дайындама) орнақтар;

- суықтай илемдеу орнақтары: табақты, қаңылтыр илемдейтін, жұқа және өте жұқа таспа илемдеуге арналған орнақтар;

- қолдану аясы тар орнақтар: дөңгелек илемдейтін, құрсау илемдейтін, қимасы айнымалы және мерзімді пішіндер мен жолақтарды илемдеуге арналған орнақтар.

Құбыр өңдіруге арналған және пішіні мерзімді өзгеретін әртүрлі орнақтар ерекше топ құрайды. (Қобылағыш орнақтар, автоматты орнақтар, шар илемдейтін орнақтар және т.б.)

Ең үлкен илемдеу жылдамдығы мен (50м/с дейін) сым тарту, жатықтыру және т.б. орнақтар жұмыс істейді.
Ең кіші илемдеу жылдамдығы жаншығыш орнақтарға тән:
(1.2)
Сортты илемдік орнақтардың негізгі параметріне, оның өлшемін сипаттайтын таза қапастың пішінбілік немесе тістегерішінің диаметрін алады (250, 300, 550, 700/900, 650/750, 900, 1150, 1300 орнағы және т.б.).

Табақты орнақтардың негізгі параметріне пішінбілік бөшкесінің ұзындығын алады. Өз кезегінде ол, илемделетін табақтың ең үлкен енін анықтайды (1200, 1700, 2800/1700, 3600, 5000 орнағы және т.б.) Әдетте осы орнақтарда илемделетін табақ ені пішінбілік бөшкесінің ұзындығынан 200–250 мм кіші болып келеді, яғни Втабақ=Lпішінбілік - (200 ÷ 250) мм, мысалы 2500 мм орнағында ең үлкен ені 2300 мм табақ илемделеді.


1.3 Илемдеу кезіндегі үйкеліс коэффициенті
Илемдеудегі үйкеліс коэффицентін – қарпу бұрышын, озып кетуді және ұлғаюды анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар энерго күштік параметрлерді есептеу үшін де білу қажет. Бір жағынан илемдеу процесі үйкеліс болғанда ғана жүзеге асса, екінші жағынан үйкеліс шамасының жоғары болуы энергия шығындарының көп болуына әкеп соғады. Сондықтан жаншу шамасы қарпу бұрышымен шектелетін жерлерде пішінбілікті кертулер мен балқытып қаптастыру шаралары арқылы үйкеліс коэффициентін өсіруге тура келеді, ал жаншау шамасын жабдық беріктігі немесе жетек қуаты шектейтін болса, онда үйкеліс коэффициентін жақсы ажарланған пішінбіліктер мен әртүрлі майларды қолдана отырып кемітеді.

Илемдеу кезіндегі үйкеліс коэффициентінің ақиқат мәнін эксперимент жүзінде дәл анықтау өте қиын, өйткені үйкеліс коэффициентінің шамасы пішінбілік бетінің күйінен, майлануынан, илемдеуегі қысым мен температурадағы, илемдеу жылдамдығынан, пішінбілік материалы мен илемделетін металлға және т.б. тәуелді.

Әдебиеттердегі үйкеліс коэффициентін анықтау әдістері әрбір нақтылы илемдеу жағдайы үшін жанама анықтауға ғана мүмкіндік береді.

Тілкемдер мен пішіндерді ыстықтай илемдегенде үйкеліс коэффициентін μ келу формуласы бойынша анықтауға болады:


(1.3)
Мұндағы:

t – металл температурасы, С;

n1 – пішінбілік беттерінің күйін сипаттайтын коэффициент; болат пішінбілктер үшін n1=1, шойын үшін n1=0,8;

n2 – илемдеу жылдамдығын ескеретін коэффициент, v=1;5;10;15;20 м/с болғанда n2= 1,0; 0,9; 0,8; 0,75; 0,7;

n3 – илемделетін металдың химиялық құрамын ескеретін коэффициент, мысалы, көміртекті болаттар үшін n3=1,0; Р-18 үшін n3=1,10; ШХ15-1,30; 12Х18Н10Т-1,40; 15Х25Т-1,55 және т.с.с. формуласы t>700 0C болғанда ғана дұрыс.

Табақты және тілкемді металдарды салқындай илемдеудегі үйкеліс коэффициентін анықтау үшін теориялық есептеулер мен эксперименттер нәтижесінде алынған анықтамалық мәліметтерді пайдалануға болады.

Илемдеу таза өндеу салқындату процестері кезінде металды ары-бері жылжыту үшін әртүрлі типті және конструкциялы тасымалдағыштар мен тоңазытқыштар қолданылады.

Дайындамалар мен ірі сортты пішінді металды цех колденеңінен орын ауыстыру үшін (жеткізгіш рольгангінен әкетуші рольганке, жинағыш қалтаға немесе цехтың көрші пролетына) арқанды немесе шынжырлы тасымалдағыштар – шлепперлер қолданылады. Шлепперлер көпшілік жағдайда металды салқындату қызметін де атқарады, содықтан оларды бұл жағдайда шлепперлі тоңазытқыштар деп атайды.

Арбашасының жылдамдығы 1–2 м/с үздіксіз реверсті жұмыс істеу барысында шлеппер аса зор ептілігімен ерекшеленді және металды бір мезгілде салқындата отырып, металды көптеп сөреге жинауға және ары-бері жылжытуға мүмкіндік береді.

Арқанды шлеппермен жабдықталған сөрелер мен тоңазытқыштардың төсеніштерімен металды жылжыту арқанға бекітілген және рельс жолымен сырғып жүретін арбашалар көмегімен іске асырылады.

Суықтай илемделген сортты металды рольгангтен 1 жинау қалтасына 3 тастауға арналған шынжырлы шлеппер. Шлеппер 1,1 м/с жылдамдықпен қозғалатын алты шынжырдан тұрады. Қарпығыштар 2 аралығының адымы 1200 мм; шынжырлар қатары аралығының адымы 2000 мм; тасымалданатын илем ұзындығы 5–12 м; массасы 1200 кг. Алдыңғы жулдызша қуаттылығы 30кВт электроқозғалтқышымен жетектеледі.

Жеткізуші мен әкетуші рольгангтерінің арақашықтығы үлкен болғанда қосарланған шлепперлер қолданылады (сурет-3).



3-сурет – Сортты пішіндерді рольгангтан қалтаға тастауға арналған шынжырлы шлеппер
Майда сортты орнақтарда майда сортты пішіндерді (дөңгелек, квадрат, бұрыштық, майда швеллер, тавр және т.б.) салқындату үшін төрткілдешті (реечный) типті тоңазытқыштар қолданылады. Олардың ұзындығы 100–150 м, жабдықтың салмағы 1000 т астам. Орнақтың соңғы қапасынын шыққан пішінді тілкем ұзындығы тоңазытқыш ұзындығынан асып кеткен жағдайда, тілкемді бөліктерге кесу үшін айналмалы қайшы орнатылған.

Орта сортты орнақтардың көпшілігінде пішіндерді салқындату үшін роликті тоңазытқыштар қолданылады. Роликті тоңазытқыш жеткізгіш рольганг осьіне 35–400 бұрыш жасай орналасқан диаметрі кішірек (100–200 мм) ұзын роликтерден тұрады. Роликтердің ұшында конусты тістегеріштер бар, олар ортақ трансмиссиялы білікке қондырылған конусты тістегерішпен іліністе болады. Білік редуктор арқылы электрқозғалтқышпен айналысқа түсіріледі. Барлық роликтер бір мезгілде айналғанда оның бетіндегі сортты пішіндер жеткізгіш рольгангпен әкеткіш бағытында жылжиды. Мұндай тоңазытқыштың артықшылығы илемнің бір қалыпты салқындатылуы, өйткені илем мен роликтің жанасқан жері роликтің айналуымен жаңарып отырады. Пайдалану тәжірбесі роликті тоңазытқыштардың конструкциясы төрткілдешкке қарағанда қарапайым және сенімді екенін көрсетіп отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет