Ильясова гульжахан уалибековна



Pdf көрінісі
бет30/39
Дата11.03.2022
өлшемі3,92 Mb.
#135029
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
Байланысты:
Disser


зат дегеніміз не? 
- денелер неден тұрады? 
-
заттардың физикалық қасиетін атаңдар. 
6. 
Оқу құралымен жұмыс:
Оқу құралының 10-11 беттеріндегі материалды 
оқып, оны оқулықтан алған ұғымдарына байланыстыру. 2-сурет бойынша 
ауызша әңгіме құрастыру. 11-бетте кӛрсетілген әртүрлі денелердің заттық 
құрамын анықтау. 12-бетте берілген 5-6 тапсырмаларды орындау. Бұл 
жұмыстар арқылы оқушылар сабақтың бас кезінде алған білімдерін толықтыра 
түседі. Ӛзіндік жұмыстарды орындау арқылы теория лық білімдерін практикада 
қолданады. 


68 
7. 
Тақырып мазмұнын қортындылау
кезінде мұғалім бірнеше жаңа 
технологияларды қолданады: а)Не білдік?, Нені білгім келеді? сұрақтары 
арқылы оқушылардың ойын, сабақ барысында пайда болған пікірлерін және 
материалды меңгеру деңгейін байқайды. 
ә). Оқушыларға мәтінді қортындылау үшін жоспар жасауды тапсыру 
арқылы олардың материалды қаншалықты меңгергенін байқап қана қоймай, ой 
қорыту, білімін тұжырымдау деңгейлерін анықтайды. Осыған қарап, 
оқушылардың әлде де, жете түсінбей қалған ұғымдарын қайталауға, немесе, 
жақсы түсінген оқушыларға айтқызу мүмкіндігі туады. Мұндай жағдайда 
оқушылардың сабаққа жауапкершілікпен қарауы қалыптасады. 
Егер, кӛңіл аударып қарасақ, сабақтың ӛне бойы, тіпті кіріспеден бастап, 
оқушылардың ӛзіндік іс-әрекетінің басымдығын байқауға болады. Ол іс-
әрекеттердің түрі де ӛзгеріп отырды. Бірақ барлық іс-әрекеттің түрлері 
(оқулықпен, дәптермен, кӛрнекілікпен, оқу құралымен, үлестірмелі матери- 
алдармен, беріліген үлгі бойынша жұмыстар, сұрақтар мен тапсырмалар 
бойынша орындалған жұмыстар т.б.) дерлік мәтіннің мазмұнын ашуға және сол 
мазмұнға байланысты тәжірибелер, практикалық іс-әрекеттер орындауға 
арналған. Бұл оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттырып, ӛздігінен іздену 
арқылы білімді меңгеруіне кӛмектеседі. Мұндай жағдайда мұғалім 
оқушылардың қателескен, не ұғынбай қалған жерлерінде ғана кӛмекке келеді. 
Қазіргі таңдағы білім беруге қойылып отырған талаптың ӛзі осы. Оқытудың 
міндетті нәтижелерін анықтау және оқушылардың дайындығының мүмкін 
деңгейін қаматамасыз ету де маңызды, яғни оқулық құруда негізгілердің бірі 
болып табылады[138,139]. 
Бұл жоғарыда келтіріліп отырған сабақ жоспары сабақтың жаңа ұғым беру 
формасына ( түріне) жатады. Химиядан білім беруде мектеп ӛмірінде дәстүрлі 
сабақтардың түрлерінің жиі ұйымдастырылатыны бізге белгілі. Белгілі 
әдіскер-педагог И.Нұғыманұлы химия пәні сабақтарының түрін мына 
тӛмендегідей етіп жіктеген: 
- жаңа білім мен білікті игеру; 
- теориялық білім мен білікті жетілдіру; 
- білімді қорыту және жүйеге түсіру; 
- бақылау есепке алу; 
- аралас сабақтар[140]. 
Қазіргі таңда бұл сабақ типтері жеткіліксіз екенін тәжірибе кӛрсетіп 
отыр.Қазірде кӛбіне сабақты оқушылардың оқу әрекеттерінің түріне қарай 
жіктеуге кӛбірек кӛңіл бӛлінеді. Олар: 
- тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы ғылыми ұғымды меңгерту сабағы; 
- эксперимент жұмысы нәтижесінде берілетін білім сабағы; 
- оқушылардың ізденушілігін қалыптастыру сабағы; 
- ғылыми жобаны қорғау сабағы; 
- пікір сайыс сабағы т.б. 
Бұған қарап, сабақтың білімді бақылау, есепке алу т.б. әрекеттеріне мән 
беру болмайды деген пікір тумауға тиіс. Мұнда сабақ бастан аяқ оқушылардың 


69 
ӛзіндік іс-әрекетіне негізделеді де, соның ішінде олардың білімін есепке алу, 
білімді тексеру бәрі де оқушылардың ӛзіндік әрекеті арқылы жүзеге асады. 
Мәселен, жоғарыда берілген сабақ жоспарының қорытынды бӛлімінде 
оқушыларға: Не білдік?, Нені білгім келеді? сұрақтары бойынша олардың
сабаққа байланысты пікір тілектерін білу арқылы сол тақырыпты қаншалықты 
деңгейде меңгергендігі байқалады. Оқушылардың меңгерген білімінің деңгейі 
олардың талдауынан-ақ, белгілі болады. Сонымен қатар, оқушыларға мәтінді 
қорытындылау үшін жоспар жасауды тапсыру арқылы олардың материалды 
қаншалықты меңгергенін байқап қана қоймай, ой қорыту, білімін тұжырымдау 
деңгейлері анықталады. Осыған қарап, оқушылардың әлде де, жете түсінбей 
қалған ұғымдары бар ма, әлде олар ӛзіндік жұмыс нәтижесінде материалды 
жақсы түсінген бе, мұны мұғалім бірден байқай алады. Осының негізінде 
сабақты қорытуды жақсы оқитын оқушыларға тапсыруды да қолдануға блады. 
Бұл оқушылардың сабақта тек тыңдаушы емес, білімді меңгеру үшін қызмет 
жасайтын субъект ретіндегі орны айқындалады. 
Әр типке жататын сабақтың құрылымы да әртүрлі болатыны белгілі. 
Дәстүрлі сабақтарда міндетті түрде оқушыларды түгелдеу, яғни, сабақтың 
ұйымдастыру кезеңі белгілі уақытты алады. Сабақты жаңаша құруда мұндай 
уақытты жекелеп бӛлмей-ақ, бірден оқушылармен жұмыс істеуге кірісу арқылы 
оқушыларды түгендеуге арнаулы уақыт кетпейді. Ол сабақ барысында ӛзінен-
ӛзі белгілі болады да, мұғалім оқушылардың ӛзіндік жұмыс атқарып жатқан 
кезінде жоқ оқушыларды белгілеп алады. Ұйымдастыру дегенде, біз 
оқушылардың зейінін сабаққа ұйымдастыру деп қарастыруымыз керек. Ал, 
зейінді ұйымдастыру сабақты тартымды, қызықты, мәселелелік деңгейде 
бастаудан туындайды. Оқушылардың алдына бірден олардың шешуіне керекті 
мәселені қою оқушылардың зейінінің түгелдей сабаққа аууына түрткі болады. 
Сабақты жаңаша құруда оқушылар мен мұғалім, оқыушылар мен оқушы 
арасындағы қарым-қатынасқа да үлкен кӛңіл аударылады. Бұл қарым –қатынас 
тек сұрақтарға жауап беру арқылы ғана емес, оқушылардың бірігіп жұмыс 
жасауы, мұғалімнің білім беруді игілендіре отырып, оқушылармен қарым-
қатынасқа түсуі арқылы жүзеге асырылады. 
Егер, сабақтың құрылымын мазмұны, мақсаты, онда қолданылатын 
әдістері арқылы анықтасақ, ӛзіндік жұмыстарға негізделген сабақтарда бұл 
жіктердің арақатысы білінбей кетеді. Себебі, сабақтың ӛне бойында оқушылар 
ӛзіндік жұмыстың бір түрінен екінші түріне кӛше отырып, негізгі кӛздеген 
мақсатқа жүйелі түрде жетеді. Егер, дәстүрлі сабақтарда әрбір типтегі 
сабақтардың нақты бӛлімдері кӛрсетілетін болса, сабақты жаңаша құруда ондай 
қатып қалған бӛлімдердің болмауы мүмкін. Сабақты оқушылардың ӛзіндік 
жұмысына негіздей отырып құруда оның құрылымы мұғалімнің қалауынша 
және ӛзіндік жұмыстың түріне қарай ӛзгеріп отырады. Сабақты жаңаша құруда 
бастанаяқ оқушылардың ӛзіндік оқу іс-әрекеттері ұйымдастырылады да, осы 
арқылы білімді тұжырымдау да, білікті қолдану да, сабақты қорытындылау да 
жүзеге асады.Жаңа типтегі сабақтардың кезеңдерін жіктеуге тырыссақ, мына 
тӛмендегідей етіп қарауымызға болады: 


70 
- оқушыларды білімді қабылдауға дайындау яғни, сабақты олардың алдына 
мәселе қоюдан бастау; 
- жаңа білімді қабылдауға кірісу (ӛзіндік жұмыстарды орындау кезеңі); 
- жаңа білімді қорытындылау; 
- жаңа білімді қолдану, яғни жаттығулар, тәжірибелер орындау; 
- жаңа білімді меңгеру нәтижесін тексеру. 
Міне, жоғарыда кӛрсетілген сабақтың бӛлімдерінің бәрі мұғалімнің 
нұсқауы арқылы оқушылардың ӛзіндік іс-әрекеттерінің нәтижесінде жүзеге 
асатыны белгілі. Әрине, кез келген ӛзіндік жұмыстарды оқушылардың дұрыс 
орындауы үшін бірнеше талаптар қойылады. Олар: 
- мұғалімнің берілетін білімнің мақсатын толық түсіндіруі; 
- оқушылардың ӛзіндік жұмысқа деген ынтасының болуы; 
- оқушылардың ӛзіндік жұмыс орындауға жаттығуының болуы; 
- білімді қорыту кезінде оқушылардың еңбегін әділетті бағалап, 
жетістіктерін айтып отыру; 
- орташа 
оқитын оқушыларды ӛзіндік іс-әрекет кезінде жақсы 
оқитындармен жұптық-топтық жұмыстарға тарту. Ӛзіндік жұмыстар түріне 
бүкіл оқушылардың орындай алатын жұмыстары: химиялық диктант, 
тәжірибелер мен эксперименттер, ауызша, жазбаша сандық және сапалық 
есептер шығару бәрі жатады. 
Оқушыларға оқулық пен оқу құралдарындағы кӛрнекіліктер бойынша да
ӛіндік жұмыстарды орындатуға болады. Бейорганикалык химия пәні бойынша 
кӛрнекіліктер материалдарының мазмұнын аша алатын болса, онымен 
жұмысты бірден сабақтың басынан-ақ ұйымдастырылады. Ал, кӛрнекілік
мазмұнды материалды тек толықтыратын жағдайда, оны сабақтың орта 
немесе, қорытынды бӛлімінде пайдалану тиімді. Ӛйткені, кӛрнекіліктер мен
сабақ мазмұны бір-бірімен тығыз байланысып, сабақтасып жатады. 
Кӛрнекіліктер мен оқытушының атқаратын жұмысы берілетін білімнің 
мазмұнымен үндесіп отырады. Сонымен, бейорганикалық химия пәнін 
оқытуды осындай ӛзіндік жұмыс формаларын ұйымдастыруды жетілдіру 
арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Мәселен, оқулықта «Заттардың агрегаттық күйі» тақырыбы бойынша 33-
бетте сызбанұсқа беріліген. Бұл кӛрнекіліктің жақсылығы заттардың әртүрлі 
күйінің жылу сіңіргендегі, жылу бӛлінгендегі қандай күйге ұшырайтыны жақсы 
кӛрсетілген. Бірақ, бұл кӛрнекілікпен жұмысты тақырыпты қорытындылау 
кезінде ғана пайдалана аламыз. Себебі, бұған дейін оқушылар алдымен 
заттардың агрегаттық күйлері туралы түсініп алуы керек. 
Сондықтан, бұл кӛрнекілікпен жұмыс барысында мұғалімнің тапсыруы 
бойынша сызбанұсқаға қарап, заттардың агрегаттық күйінің жылуға 
байланысты ӛзгерісін түсініп, оның мәнін дәптерлеріне жазбаша жазады. Бұл 
арқылы оқушылар мәтін бойынша алған ұғымын тұжырымдайды. Осы 
тақырып бойынша ӛзіндік жұмыс ұйымдастыруға мол мүмкіндік беретін 
«Біліміңді тексер» бӛліміндегі сұрақтар мен тапсырмалар. Бұл мәселелерді 
шешуді сабақ барысында қамту үшін оқушыларды топқа бӛліп, әр топқа жеке-


71 
жеке тапсырма беріледі. Сонда ғана сабақ барысында мұның бәріне жауап 
алумен қатар, ӛзіндік жұмысқа оқушыларды түгел қатыстыруға мүмкіндік 
туады. 
Ӛзіндік жұмыс – бұл оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттің форма- 
ларының бірі. Олай болса, оқушылардың белсенді іс-әрекетін, қоршаған ортаға 
деген жағымды сезімін оятатын түрткілердің негізгілерінің бірі ретінде 
қараймыз. Оқушылардың ӛз бетінше іздену арқылы білімін кӛтеруі, біліктіліке 
талпынуы, ептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір 
жолы екендігі үнемі есімізде болуы керек. 
Ӛзіндік жұмыстардың бір түрі, түрлі техникалық құралдарды пайдалана 
отырып, слайдтар, презентация жасау. Бұл жұмыстар оқушылардың пәнге 
деген қызығушылығын арттырады. Бейорганикалық химия пәні бойынша 
мұндай жұмыстарды оқушылардың орындауына мүмкіндік мол. Сондықтан да, 
оқулық және оқу құралындағы материалдар бойынша оқушылар слайдтар 
жасай алады. Мәселен, жоғарыда келтірілген «Заттардың агрегаттық күйі» 
тақырыбы бойынша оқу құралындағы 48-54-беттердегі суреттерді пайдалана 
отырып, осы мәтінді аша түсетін теориялық материалдар негізінде заттардың 
агрегаттық күйінің анықтамаларын кӛрсетуге болады. Ӛзіндік жұмысты 
ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар: 
- жұмыстың кӛлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға кӛңіл 
аудару; 
- оқушылардың ӛзіндік жұмысын білім берудің басқа әдістерімен
ұштастыра білу; 
- оқушылардың дербестігін арттыру үшін ӛзіндік білім алу мүмкіндіктерін 
жүйелі түрде дамыту; 

оқушылардың ӛзіндік жұмысын күнделікті ӛмірден алынған 
материалдарымен байланыстыру; 
- оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, 
сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды ӛздігінен талдап, түсінуге 
үйрету; 
- оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; 
- оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр 
уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; 
- оқушылардың ӛздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын 
қалыптастыру. 
Білім беру үрдісінде ӛзіндік жұмыс орындау дағдыларын дамыту үшін 
берілген тапсырмаларды қоршаған орта шындығымен нақты деректермен 
байланыстыру. 
Кез келген ӛзіндік жұмысты орындатуда мұғалімнің тапсырмаларды 
нақты және түсінікті түрде беруі шарт. Ӛзіндік жұмысты ұсынуда 
оқушылардың мүмкіндігіне қарай жүктеп және олардың ӛз еркімен жасауына 
жағдай туғызылуы тиіс. Ең маңыздысы оқушылар ӛзіндік жұмыстардың 
мазмұнын, міндеттерін түсінуі керек. Оқушылардың ӛзіндік жұмысты 
орындауына кедергі жасайтын нәрсе, олардың ӛзіне-ӛзінің сенбеушілігі, ӛз 


72 
күшін тӛмен бағалауы, міне,мұндай кедергілерді жою үшін берілетін ӛзіндік 
жұмысты оқушының білім және білік деңгейіне қарай бӛлу болып табылады. 
Сол арқылы біртіндеп күрделендіре отырып, олардың ӛзіне деген сенімін 
қалыптастыру мәселесі туындайды. 
Оқушылардың ӛзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы сабақтың 
сапасы мен тиімділігі артады. Пән бойынша берілетін теориялық білімнің 
терең бекуіне, саналы меңгерілуіне сабақ барысында орындалатын ӛздік 
жұмыстар түрлерінің дұрыс таңдалып, тиімді ұйымдастырылуына
байланысты. Бейорганикалық химия пәні бойынша ӛздік жұмыс кезінде 
оқушылар оқулықпен, түрлі дидактикалық материалдармен, түрлі 
анықтамалық кітаптармен, жұмыс істеуге үйренеді. Әсіресе, әрбір химиялық 
заттардың халық шаруашылығындағы пайдасы туралы сӛз болғанда 
оқушыларға қазіргі таңдағы олардың пайдаланылу деңгейін кӛрсететін 
материалдарды жинастыруды тапсыруға болады. Бұл туралы ақпаратты жинау 
арқылы оқушылар білімді ӛздігінен меңгеруге жаттығады. Оқушының пәнге 
деген қызығушылығының артуы ӛзіндік жұмыстың тартымдылығы мен
нәтижелі болуына тікелей байланысты [35]. 
Бейорганикалық химия пәнінен сыныпта орындалатын ӛзіндік жұмыстар 
кӛлемі жағынан, уақытты пайдалану тұрғысынан, шағын және оқушылардың 
тез орындауына лайықты болып, оқулықпен, дәптермен, оқулықтағы сызбалар 
мен сызбанұсқалар, түрлі кестелер, таратып берілетін материалдар арқылы 
жұмыс жасауға, тәжірибелер қоюға сол арқылы оқыған мәтін мазмұнын саналы 
меңгеруге арналса, сыныптан тыс орындалатын ӛзіндік жұмыстар кӛлемі 
жағынан да, мазмұны мен мәнділігі жағынан да тереңдей түседі. Сыныптағы 
ӛзіндік жұмыста мұғалімнің тапсырмаларды нақтылап (нұсқаулар) беруінің 
үлкен мәні бар. Сол арқылы оқушылардың жұмысты орындауының уақыты 
белгіленеді, 
оқушылардың 
дербестігінің 
мӛлшері 
анықталады. 
Бұл
оқушылардың жұмысты ӛз еркімен, қалауымен істей отырып, белгіленген 
уақытта аяқтауына негіз болады. Мұның нәтижесінде оқушылар, 
шапшаңдыққа, ұқыптылық пен жинақылыққа дағдыланады. 
Сыныптан тыс орындалатын ӛзіндік жұмыс оқып ӛткен материалдарды 
пысықтау, қортындылау, алған ұғымдарын ӛмірмен байланыстыру білімді 
бекіту, нақтылау дәлелдеу тұрғысынан қарастырлылады. Сонымен қатар, 
сыныптағы ӛзіндік жұмыстарды жұптық, топтық тұрғыда орындату арқылы 
бірнеше мәселені қатар шешу мүмкіндігі бар. Сыныпта орындалатын ӛзіндік 
жұмыстарға тән тағы бір ерекшелік, оқушылар бір-біріне кӛмекке келе алады. 
Сонымен қатар, бірін-бірі түзетуге, пікір алмасуға болады. Ал, сыныптан тыс 
ӛзіндік жұмыстар кезінде әр оқушының жеке мүмкіндігі ашылады. Сондықтан 
да сыныптан тыс орындауға берілетін ӛзіндік жұмыстың мазмұны мен мақсаты 
олардың мүмкіндігіне лайықты деңгейде болуға тиісті. 
Сонымен қатар, сыныптағы және сыныптан тыс ӛзіндік жұмыстардың 
мазмұны сабақтастықта болуға тиісті. Мәселен, оқулықтағы «Атомдар, 
молекулалар, заттар» тақырыбы бойынша білім беруде сынып жағдайында 
оқушылар ең алдымен оқулықпен ӛздігінен жұмыс орындайды. 


73 
Мұндай жағдайда оқушыларды топқа бӛлуге болады. Топтар құруда 
бірнеше жағдайлар ескеріледі, оқушылардың бір-бірімен психологиялық 
сыйымдылығы мен қызығушылықтары; топ басшысының беделді пәнді жақсы 
білетін оқушының болуы ; білім деңгейлерінің әртүрлілігі.
Әр топтың ӛзмақсатын түсінуі; мақсатқа байланысты әр топ мүшесінің 
жеке тапсырмаларды орындауы; жұмыс нәтижелерін ӛзара тексеру және 
туындаған қиындықты шешуге кӛмектесуі; әр топ мүшесінен алынған 
нәтижелерді біріктіріп, бір толық қорытынды жасалуы; топтың жұмысын кӛш 
басшы бағыттап отырады. Оның басшылығымен барлық оқушылар алған 
тапсырмамен жұмыс істейді, берілген зертханалық жұмыстарды орындайды, 
ұсынылған әдебиетпен жұмыс жасап, тақтада ауызша, немесе жазбаша жауап 
беруге дайындалады. 
а) Оқушыларды топқа бӛліп (4 оқушыдан) әр топқа жеке тапсырма беру. 
1-топқа, мәтін мазмұнынан атом мен молекулаға берілген анықтаманы 
тауып, дәптерлеріне жазу; 
2-топқа, атом мен молекуланы зерттеген ғалымдар туралы оқып, түсінігін 
айтуға дайындалу; 
3-топқа, оқу құралын пайдаланып ( 42-45 беттер), тек бір ғана атомнан 
тұратын заттардың атын және олардың ерекшелігін дәптерлеріне теріп жазу; 
4-топқа оқу құралының (44-45) беттердегі зертханалық тәжірибенің 
суретін салып, оның нәтижесін қысқаша дәптерлеріне жазу; 
5-топқа оқулықтағы жай және күрделі заттар туралы анықтаманы оқып 
түсіну, дәптерге олардың анықтамасын жазу тапсырылады. 
Осы тұста оқушыларға ӛзіндік жұмысты орындау уақыты да белгіленіп, 
айтылады. Оқушылардың ӛзіндік жұмысының нәтижесін кезекпен ретімен 
бастай отырып, бүкіл сынып болып талқылайды.Сабақтың қорытынды 
бӛлімінде оқушылардың ӛзіндік жұмысының нәтижесін қорытындылауды да, 
олардың ӛздеріне тапсырып кӛруге болады. Бұл жағдайда олар бір-бірінің 
жұмысына пікір айтады, олқылықтарын толықтырады, ӛздерінің іс-әрекеттеріне 
сын кӛзбен қарауға жаттығады. Мұндайда олардың мәтінді түсіну дәрежесін 
ғана емес, олардың ой қорыту мүмкіндіктерін де анықтауға болады. Мұғалім 
оқушылардың олқылықтарын атап айтып отырып толықтырады. Олардың 
жұмыс орындаудағы іскерліктерін, ой қорыту дәрежелерін де атап ӛтеді. Тіпті 
нашар орындаған балаларға да кӛтерме сӛздер айтып, олардың қолынан 
келетіндіктері туралы үміт туғызып отырады. 
Енді оқушылардың сабақта ӛзіндік жұмыстар орындау нәтижесінде алған 
білімдерін тиянақтау мен тұжырымдау мақсатында үйден орындайтын 
тапсырмалар беру кезінде олардың сыныпта жіберген олқылықтары ескеріледі. 
Сондықтан, сыныптан тыс орындауға оқушылардың бәріне ортақ жалпы 
тапсырма беріледі. Оқулықтағы мәтінді қайталап оқып, оның мазмұнын айту 
үшін жоспар құру. «Білімін тексеруге» арналған сұрақтар мен тапсырмаларға 
дайындалу тапсырылады. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушылар сыныпта 
алған ұғымдарын жүйелеп, қортындылайды. 


74 
Бейорганикалық химиядан ӛзіндік жұмыс орындау кезінде оқушылар 
бойында мына тӛмендегідей іскерліктер қалыптасады: 
- оқулықтың және ұсынылған оқу құралының кез келген тақырыбы 
бойынша ӛздігінен жұмыс істей білуі; 
- ӛзі орындаған жұмысын ӛзі талдап, қорытынды жасай білуі; 
- орындаған жұмысының мазмұнына және түріне байланысты ӛз ойларын 
жүйелеп, айта білуі; 
- жұмысты ұйымдастыра білуі; 
- орындаған жұмысының мәнін басқа оқушыларға түсіндіре білуі; 
- ӛзінің жұмыс орындау тәсілін басқаға үйрете білуі; 
- басқаны тыңдай білуі, жолдастарының орындаған жұмысына байланысты
сұрақ қойып, талқыға қатысуы; 
- ұжыммен қарым-қатынас жасау мәдениетінің болуы. 
Оқулық пен оқу құралындағы мәтіндердің қайсысын алып қарасақ та
ғылыми негіздегі ұғымдарды оқушыларға жеткізуге негізделген.Сол 
материалды оқушылар санасына жеткізудің тиімді жолы берілетін білімнің, 
оқушылардың ӛзіндік іс-әрекетіне негізделуі болып табылады. Білімді саналы 
меңгеру оқушының ӛзіндік іс-әрекеті, ӛзіндік ой тоғамы, ӛз еңбегі арқылы ғана 
жүзеге асатыны белгілі. 
Берілген тапсырмалардың дұрыс бӛлінуіне байланысты оқушылардың 
ӛзіндік жұмысын орындауда ептілікгі, іскерлігі, шеберлігі мен тездігі 
осылардың нәтижесінде жұмысты орындау дағдысы дамиды. Біртіндеп ӛзіндік 
жұмыс орындауға дағдыланған оқушылардың арасында сабақ үстінде олардың 
шапшаңдығын дамытатын жарыстар ұйымдастыруға да болады. Мұнда 
берілген тапсырманы дұрыс және шапшаң орындау біліктіліктері анықталады. 
Ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі оның нақты мақсаты 
болуына байланысты. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білуі 
керек. Дұрыс ұйымдастырылған ӛзіндік жұмыс оқушылардың бойындағы 
танымдық қабілетін, шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. 
Ӛздігінен орындауға тапсырылатын жұмыстың мазмұны оқушының 
қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс яғни, оның іс-әрекеті жұмыстың соңына 
дейін бәсеңдемейтіндей болуы керек. Ӛзіндік жұмыс кезінде оқушылардың
еңбек дағдылары мен жұмысты орындау әдістерін жетік игеруі оның 
нәтижесінің сәтті шығуының кепілі. 
Оқушының ӛзіндік танымдық жұмысы мәтіннің мазмұны мен мақсатына 
байланысты кейде сабақтың басынан басталып ұйымдастырылса, кейде
сабақтың қорытынды, бекіту бӛлімінде қолданылады. Сабақтың кіріспе 
бӛлімінде қолданылу арқылы мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылығы 
мен қабілетін ескере отырып, оларды дамыта оқытуға бағыттайды. Ал, 
қорытынды бӛлімінде қолдануда тақырыптан алған білімдерін қорытындылау 
мақсатын жүзеге асырады.Сыныптан тыс орындалатын ӛзіндік жұмыстардың 
түрін кӛбіне оқу құралы бойынша тапсырған тиімді деп ойлаймыз. Ӛйткені оқу 
құралында берілген тәжірибелер ӛте күрделі емес және үй жағдайында жасауға 


75 
болатын мазмұнда берілген.Сыныпта жасаған тәжірибелер мен қосымша үйде 
жасалған тәжірибелердің нәтижесін байланыстыруға оқушылар біртіндеп 
үйренеді. 
Мәселен, оқулықтың 14-бетіндегі «Гетерогенді қоспаларды бӛлу» 
тақырыбы-на байланысты берілген тәжірибелерді сыныптағы лабораториялық 
сабақта жасауға болады. Сол арқылы қоспаны бӛлудің бірнеше түрін оқушылар 
тәжірибе жүзінде кӛре алады. Сонымен қатар, оқулықтағы мәтінді оқып, оны 
тәжірибе нәтижесімен байланыстыру арқылы саналы меңгере алады.Ал, үйде 
орындауға берілетін ӛзіндік жұмысқа оқу құралының 124-бетіндегі 8-9-10 
тапсырмалардағы тәжірибені орындау тапсырылады. Бұл тапсырмаларды 
оқушылар ӛздігінен орындау нәтижесінде сабақта алған білімдерін теориялық 
тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да тұжырымдай түседі. Ӛзіндік іс-әрекет 
арқылы орындаған тәжірибелердің нәтижесін дәптерлеріне жазады. Ӛткен 
мәтінді қаншалықты дәрежеде меңгергендігін оқушылардың үйден жасаған 
тәжірибелері бойынша талдауы кӛрсетеді. 
Ӛзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың ізденушілігін дамытуда білімді 
пәнаралық кіріктіре отырып оқытудың мәні зор. Осы тұрғыдан алғанда 
бейорганикалық 
химияның 
басқа 
да 
жаратылыстану 
пәндерімен 
байланыстыруға мүмкіндігі мол. Соның бірі, оқушылардың географиялық 
білімдерімен байланыстыру жолдары мен әдістерін қолдану болып табылады. 
Мәселен,оқулықтағы «Геологиялық химиялық қосылыстар» тақырыбы 
бойынша оқушылар 
минералдармен, магмалық 
және 
шӛгінді 
тау 
жыныстарымен танысып, олардың тұрмыстағы және халықшаруашылығындағы 
қолданылу дәрежесін де біледі. Бұл материалды меңгеру оқушыларға қиынға 
соға қоймайтыны белгілі. Себебі, олардың кӛптеген түрлерінің қолданылуын 
күнделікті ӛмірден кездестіріп жүргендіктен, сабақты ӛмір тәжірибесімен 
байланыстыру арқылы, оқушылардың материалды саналы меңгеруіне негіз 
салынады. Бірақ, осы тұста оқушылардың химялық білімін географиялық 
ұғымдармен байланыстыра кету мүмкіндігі туады. Ол үшін оқу құралының 56- 
бетіндегі жердің ішкі құрылысы жайында беріліген материалға сүйенуге мол 
мүмкінідік бар. Сол арқылы мәтінде аталып отырған табиғи пайдалы қазба-
лардың бәрінің де жер қойнауынан шығатыны айқындала түседі. Сонымен 
қатар, кейбір пайдалы қазбалардың ӛндірілетін жерлерін физикалық 
географиялық картадан кӛрсетуге де болады. Мұндай жағдайда оқушылар 
ғылымдардың бір-бірімен байланысын жалпы табиғаттың біртұтастығын терең 
түсіне бастайды. 
Үйге тапсырма ретінде ӛзіндік жұмыс түрлерін орындау беріле отырып, 
оны орындау арқылы оқушылардың білімін жергілікті материалдармен 
байланыстыра алу деңгейін байқау кӛзделеді: 
- георафия мен химияның байланысы туралы пікіріңді жаз. 
- жердің ішкі құрылысының суретін салып, онан қандай минералдардың 
шығатынын жаз.Ӛз жеріңде бұл минералдардың қай түрін кездестірдің? 
- ӛздерің білетін минералдардың атын және шаруашылықта пайдалануы 
туралы жаз. 


76 
- геграфиялық картаны пайдаланып, пайдалы қазбалардың шартты 
белгілерін және ӛндірілетін кен орындарының атын жаз. Ӛз жеріңде кездесетін 
пайдалы қазбалардың атын жаз, пайдасын кӛрсет. 
- органикалық шӛгінді жыныстардың пайда болу жолын және олардың 
қазіргі таңдағы пайдасын сипатта. Ӛз жеріңде қандай органикалық шӛгінді 
жыныстар бар? 
Бұл ӛзіндік жұмыс жалпы сыныпқа емес, топтарға бӛліп беріледі. Кейін 
сыныпта бүкіл ұжым болып талқылайды. Мұндай жағдайда оқулық пен оқу 
құралының байланысын іске асыра отырып, оқушылардың ой қорытуына, 
ӛзіндік іс-әрекетін орындауға, ізденуіне және алған білімін жергілікті 
материалдармен байланыстыруға жағдай туады. Мұндай тапсырмалардан кейін 
«Білім бекіту және білім тексеру» түріндегі сабақты пікір сайыс түрінде 
ұйымдастыруға болады. 
Сол сияқты химияның математикамен байланысын жүзеге асыру мақсатын 
да орындауға оқу құралындағы материалдар мол мүмкіндік береді. Оқулықтағы 
«Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым химиялық формула» 
тақырыбын оқып үйрену барысында оқу құралының химиядағы математика 
бӛліміндегі берілген материалдарды кеңінен пайдалануға болады. Мұнда 
салыстырмалы атомдық және молекулалық массаға байланысты, күрделі 
заттағы элементтің массалық үлесін табу мәселелеріне нақты деректер, есептер 
кеңінен берілген. Бұл материалдарды негізінен оқушылардың сыныпта және 
сыныптан тыс ӛзіндік жұмыстарын ұйымдастыру кезінде пайдалану ӛте 
қолайлылық туғызады. 
Химиялық есептер шығаруды сарамандық әдіс ретінде қарастыруға 
болады. Есеп шығару барысында оқушы теориялық білімін іс жүзінде 
қолдануды жүзеге асырады. Есеп шығару, бұл оқушының химиялық 
ұғымдарына, теориялық білімдеріне, химиялық тілді қолдана білуіне, 
іскерлігіне, ізденушілігіне негізделеді. Химиялық есептер оқушының
химиялық ұғымдарды, мағлұматтарды қаншалықты меңгергенін, білімнің 
деңгейін, есте сақтауын тексеруге кӛмектеседі. Кейде белгілі бір тараудың 
соңында есеп шығарту арқылы материалды пысықтауға болады.
7-сыныптың 
бейорганикалық 
химиясында 
кӛбіне 
қолданылатын 
есептердің түрі:
- заттарды бір – бірінен ажырату;
- химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру;
- заттарды алу;
- заттардың сапалық құрамын анықтау;
- қоспаның құрамын анықтау және бӛлу;
- берілген заттарға тән реакциялар жасау;
- әртүрлі концентрациялы ерітінділерді даярлау. 
Оқу құралында күрделі заттағы элементтің массалық үлесін табуға 
байланысты да күрделі есептер ұсынылған. Бұл есептерді сабақ барысында да 
пайдалануға мүмкіндік бар. 


77 
Бейорганикалық химиядан ӛзіндік жұмыстарды орындау кезінде оқушылар 
тек ғылыми ұғымдарды меңгеріп қана қоймайды, осы жұмыстар нәтижесінде 
оларға жан-жақты тәрбие беру мақсаттары да орындалады.Ең алдымен ӛз 
бетінше білімін толықтыру, ғылыми ақпараттарды жетік әрі тез игеру 
дағдылары қалыптасады. Біріншіден, олардың тұлғалық сапалары: ӛздігінен 
ойлау, салыстыру, қортындылау, тұжырым жасау, басқалармен бірігіп жұмыс 
істей білу т.б. әрекеттері дамиды.Екіншіден, ізденушілік, зерттеушілік 
икемдіктері артады. Үшіншіден, олар химиялық заттардың ерекшеліктерін, 
пайдасын талдау барысында ӛз елінің байлығына кӛзі жетіп, оны сақтау, қорғау 
мәселесін де түсініп, елін, жерін құндау, яғни отанын сүюге тәрбиеленеді. Осы 
пәннің оқытылу кезінде оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениеті де 
дами түседі.
Біз зерттеу жұмысымыздың бұл бӛлімінде бейорганикалық химия оқулы- 
ғының (7-сынып) ӛзіміз дайындаған оқу құралымен байланысын жүзеге 
асыруды оқушылардың ӛзіндік жұмысына сүйене отырып кӛрсетуге тырыстық 
(4 - сурет). Себебі, оқу құралын дайындаудағы мақсаттың ӛзі оқулықтағы 
материалдардың мазмұндық және практикалық тұстарын толықтыра түсу. Оны 
меңгеруде оқушылардың ӛзіндік іс-әрекетінің түрлерін ұйымдастыруға мән 
бере отырып, оларды дамыту, шығармашылық деңгейге кӛтеретін. 
Тәжірибе жасау Оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс
тапсырмаларды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет