Сұрақ 1: ЖҰМЫС КҮШІ
Жұмысқа қабілетті халық қандай екі негізгі топтарға бөлінген?
Жұмыстары барларға жəне жұмыссыздарға.
Жұмысқа қабілетті жастағыларға жəне жұмысқа қабілетті емес жастағыларға.
Толық жұмыспен қамтылған адамдарға жəне жартылай жұмыспен қамтылған адамдарға.
Жұмыс күші құрамына кіретіндерге жəне жұмыс күші құрамына кірмейтіндерге.
1 балл
Сұрақ 2: ЖҰМЫС КҮШІ
Жұмыс күші құрамына кірмейтін жұмысқа қабілетті халықтың саны қанша? (Тек санды
ғана жазыңдар, пайыздарды көрсетпеңдер).
949.900
1 балл
Сұрақ 3: ЖҰМЫС КҮШІ
Кестенің сол жақ бөлігінде жазылған адамдарды диаграммада ұсынылған қай халық тобына жатқызуға болады?
Кестенің сəйкес келетін торкөзін крестикпен белгілеңдер.
Кестенің бірінші жолында мұны қалай істеуге болатыны көрсетілген. 2 балл
Сұрақ 4: ЖҰМЫС КҮШІ
Жұмысқа қабілетті халық туралы мəліметтер алдында келтірілген диаграмма пішінінде жыл сайын жарияланады деп жобалайық.
Төменде диаграммада көрсетілген мəліметтердің төрт түрі ұсынылады. Бұл мəліметтер бір жылдан екінші жылға өзгеріп отырады ма, соны көрсетіңдер.
«Өзгереді» немесе «Өзгермейді» сөзін айналдырып сызыңдар. Бірінші жолда мұны қалай істеу керек екені көрсетілген.
Диаграммада көрсетілген мəліметтер
|
Жауап
|
Диаграммада көрсетілген халық тобының атауы (мысалы, «Жұмыс күші құрамына кіретіндер»)
|
Өзгереді / Өзгермейді
|
Пайыздар (мысалы, “64,2%”)
|
Өзгереді/ Өзгермейді
|
Халықтың əр түрлі топтарының саны
(мысалы, “2656,5”)
|
Өзгереді/ Өзгермейді
|
Диаграммадан кейін берілген ескертулер
|
Өзгереді/ Өзгермейді
|
1 балл
Достарыңызбен бөлісу: |