Сызық пен штрих арқылы түрлі заттарды бейнелеп, әр алуан көңіл күйді білдіруге болады. Біз бейнелейтін заттардың бәрі де көлемді, ал қағаз беті жазық. Сонда біз жазықтықта бейнелеген заттарды көлемді етіп көрсетуге қалай қол жеткіземіз. Көлемді заттарды түзу сызықтармен штрихтасақ, онда олар мына құмыралар сияқты жазық болып көрінеді. Орыс суретшісі М. Врубельдің сызық пен штрихті пайдаланып, жұмыс істеу тәсіліне назар аударайық. Әрбір штрих заттың пішіні мен көлемін ғана емес, сондай-ақ материалдың ерекшелігін де көрсетеді. Біз графиннің шыныдан, шам қойғыштың металдан жасалғанын әрі ауыр екенін және терезенің ағаш жақтауларын анық байқаймыз. Әріп те суреттің бір түрі. Себебі олар белгілі сызықтардан құралады., ал сызықтар өте әсерлі бола алатын сендер білесіңдер. Әркімнің өз қиялына қарай әріп жазуда да сурет салғандай әсерлеуге болады.