79
бірлік; бірлікке себепкер сияқты екілік пен белгісіз зат сияқты
жатады, бірліктен және белгісіз екіліктен сандар шығады; сандардан –
нүктелер; нүктелерден – сызықтар; олардан – жалпақ пішін;
жалпақтан – көлемді пішіндер; олардан – сенушілік түсінілетін
денелер; олардың төрт негізі бар – от, су, жер және ауа; тұтас
орналаса және айналдыра, олар әлемді туғызады – рухтанған, акылды,
шар тәрізді, ортада – жер....», - деп Пифогорлықтар мәлімдеген.
Антикалық ғылым өзінің білімін аяқталған үлгілер ретінде ретке
келтірді. Оларға Аристотельдің «Аналитики» еңбегі, Евклидтің
«Начала»-сы, Архимедтің жұмыстары: «теоремалардың дәлелденуі
туралы математикалық әдісі», «жалпақ пішіндердің тепетеңдігі
туралы», «жүзуші денелер» және т.б. қатыстыруға болады. Оларды
қисынды негіздердің жалпылық теориялық дәлелдігі, математикалық
құралдардың белсенді қолданылуы біріктіреді.
Антикалық ғылымның ерекшелігі оның пайымдаушылық
өзгешелігімен. Ол практикалық мақсаттардың шешіміне арналған
емес, шындық іздеу үшін бір сапқа тұрады. Ғылым және философия
тығыз байланысты, ал ғылыми білім ақырындап философиялық
пайымдауға ауысып отырады. Олар нағыз даналық іздеуге, тұтас
ұғынуға қосылған. Осы ізденістердің ең жоғарғы талаптары Игіліктер,
Сұлулық және Шындық.
Сонымен, көне ғылым математикалық теориялардың кең
қолдануымен, пайымдаушылықпен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: