Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет35/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#90104
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107
2.3 Ғылым әлеуметтік
институт ретінде 
 
Ғылымның әлеуметтік институты ХҮІ 
– ХҮІІ ғ.ғ басында Батыс Еуропада 
қалыптаса бастады. Алғашқы ғылыми 
мектептер Ерте Шығыста, Ерте 
Грекияда және Ерте Римде пайда болды. Орта ғасырларда ғылымды 
институттау үрдісі ғылыми ойдың орталығы ретіндегі 
университеттерді құруда көрінді. 
Ғылымды институттау үрдісі автономдықты, яғни тәуелсіздік 
пен дербестікті алу үрдісімен тікелей байланысты болды. Әлемді 
тану мәселерін шешуде жоғарғы орын теологияға берілді, ал 
ғылымға жеке сипаттағы мәселелер тән болды, ғылым мен шіркеу 
арасында үлкен даулар туды (мысалға Н.Коперниктің гелиоцентризм 
жүйесінің құрылуына байланысты). Ғылым теологияға тәуелсіз 
әлемді талдаудың күрделі мәселелерін шеше алатынын ұстанды. 
Ғылыми әрекеттің әлеуметтік маңызын мойындау, ғылымның 
әлеуметтік институт ретінде қалыптасуына негіз болды. Бұл үрдіс
жүздеген жылдарға созылды. Бірақ ғылымды институттау үрдісі – 
ғылымның қоғам мен мәдениетке әсерінің өсуіне байланысты жалпы 
құбылыс (объективті). 
Ғылымды әлеуметтік институт ретінде қалыптасуының
маңызды сатысы Лондондық корольдік қоғамның позициясын
әзірлеу (1660 ж) болды, онда ғылыми қауымдастық табиғи сипаттағы 
мәселелермен айналысады және теология, сана және саясат 
мәселелірне араласпайды делінген. Сол кезде табиғатты ғылыми тану 
табиғи теология – Құдайды тану ретінде қабылданды. Құдай 
адамдарға екі кітап – Библия және «табиғат кітабын» берді деп 
санаған. Жаратқаның сөзіне сену керек, ал «табиғат кітабын» зерттеу 
қажет. 
Ғылыми құндылықтарды жариялануына қарай, қоғамда жаңа 
көзқарастар да қалыптаса бастады. Бұл Қайта Өрлеу дәуірінде кең 
етек алды. Бұл заманғы адамдар қоғам дамуына кедергі келтіретін 
қоғамдағы кемшіліктердің бастысы - қараңғылық деп түсінген. 
Халықтың барлығына ғылыми және техникалық білімдердің кең 
тарауы әлеуметтік әділеттілік пен қоғамдық дұрыс құрылысына 
жетудің шешуші құралы деп түсінген. 
Қоғамда ғылыммен айналысу маңызды және пайдалы іске 
айналды. Ол таңдаулардың ғана емес, барлығының да жетістігі 
болды. 
Ғылымды институттардың маңызды кезеңі – ХІХ ғ екінші
жартысы мен ХХ ғ басы. Бұл кезеңде ғылыми қауымдастық пен 
қоғамның ғылыми зерттеулердің, ғылыми қызметтің кәсібилігінің 


70 
экономикалық тиімділігін түсінуі болды. Егер бұрын ғылыми 
зерттеулердің нәтижелігін бағалау дайын қағидалық өнім бойынша 
жүзеге асса, қазіргі жаңа жағдайларда жаңа материалдық 
құндылықтарды құру үшін ғылыми жетістіктерді қолдану мәселесі 
тұрды. ХІХ ғ екінші жартысында органикалық химия өнімдерін, 
тыңайтқыштар, 
жарылғыш 
заттар, 
дәрі-дәрмектер,
электротехникалық бұйымдарды кең масштабты өндіру етек алды. 
Ғылымда да үлкен өзгерістер болды: фундаментальдық 
зерттеулермен қатар экономикалық факторлардың әсерімен 
интенсивті кеңейген қолданбалы зерттеулер саласы туды.
Қазіргі ғылым – ұжымдар, кәсіпорындар мен мекемелер – 
зертханалар мен кафедралардан мемлекеттік институттар мен 
академияларға дейін өзара байланысты, шағын формальды емес 
ғылыми қауымдастықтан заңды тұлғаның барлық атрибуттарымен 
үлкен ғылыми кәсіпорындарға дейінгі, ғылыми парктерден - ғылыми 
инвестиция, корпорацияларға дейінгі, тәртіптік қауымдастықтан-
ұлттық ғылыми қауымдастық пен халықаралық бірлестіктерге дейінгі
өзара байланысты күрделі жүйе. Олар ішінара және қоғам мен 
мемлекеттің қосалқы жүйелері экономикалық, білім, саясат, 
мәдениетпен тығыз байланысты. Мемлекет өзінің материалдық-
қаржылық ресурстарымен еркін ғылыми ізденісті шектемей, өзіндік 
ұйымдасқан жүйеге көмек беру керек. Ғылым, қоғам алдындағы
жаңашыл қызмет мәселелерін шешуге кіретін ғылым «ғылыми 
этносқа», ғылыми қауымдастыққа тән ішкі құндылықтардың 
спецификалық жүйесі негізінде қызмет ететін ерекше әлеуметтік 
институт болып табылады. 
Ғылыми этностың нормалар экспликациясы 1930 ж. іске асты. 
Ғылымды әлеуметтік үйренудің негізін салушы Р.Мертон болып 
табылады. Оның пікірінше, ғылым әлеуметтік құрылым ретінде өз 
қызметінде 4 құндылық императивке - әмбебаптыққа, ұжымдықа, 
ұйымдасқан скептицизмге, көреалмаушылыққа сүйенеді. Кейінен 
американдық саясаттанушы Б.Барбер тағы екі императивті-тиімділік 
пен эмоциялық нейтралдықты қосты. 
Универсализм (әмбебапптық) императивті ғылыми білімнің
тұлғадан тыс, жалпы сипатын көрсетеді. Вернадскийдің пікірінше, 
бұл басқа жеке сипаттарға тән, басқалардан айырмашылығы осы 
болып табылады. Ғылыми ақиқаттың жалпы міндеті деп адамның
танымдық қызметінің басқа түрлерін айтуға болады.
Ұжымдық императивті ғылыми таным өнімдері жалпы ғылыми 
қауымдастық пен қоғамға тән. Олар ғылыми ұжымдық әрекеттік 
нәтижесі болады, себебі, кез-келген ғылым өзінен бұрынғылардың 
және қазіргі ғалымдардың ойына сүйенеді. Ғылымдағы жеке білім 


71 
алу құқығы болуға тиіс емес, алайда қомақты үлес қосқан ғалым
әрептестерінен және қоғамнан материалдық және моральдық сыйақы 
талап етуге құқылы. 
Қызғанбаушылық императивті ғалым әрекетінің басты мақсаты 
– шындыққа қызмет ету дегенді ұстанады. Ғылымда шындық жеке 
есепке жету құралы емес, қоғамдық маңызды мақсат болуы керек. 
Ұйымдасқан скептицизм императивті – ғылымда шындықты 
догматикалық нандыруды шектеу ғана емес, керісінше, ғалым өз 
әріптестерінің көзқарастарын сынау оның кәсіби міндеті болып 
табылады. Соған сәйкес өзіне айтылған сынды ғылым дамуының 
қажетті шарты деп қараған жөн. Скепсис және күмән – хирургтың 
қолындағы скальпель мен ине сияқты ғалым әрекетіндегі маңызды, 
қажетті және нәзік аспаптар болып табылады. 
Рационализм императивті – ғылым шындықтың жоғарғы 
арбитрі тиімділік болып табылатын дәлелденген, логикалық 
ұйымдасқан дискурсқа талпынады. 
Эмоционалдық нейтралдық императивті – ғылыми адамдарға
ғылыми мәселелерді шешуде эмоционалдық – психологиялық сала 
ресурстары – эмоция, жеке қызығушылықтар, жек көрушіліктерді 
қолдануға шектеу қояды. 
Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі қызметі - оны 
ұйымдастырудың ішкі сипаты, сонымен бірге қоғамның басқа 
салалары – экономика, саясат, идеологиямен байланысында 
туындаған сыртқы сипаттағы мәселелерін шешуге байланысты. Ішкі 
сипаттағы мәселелер ғылыми мектептер қызметін, ғылыми маман 
дайындау, ғылыми білімдерін көрсетумен анықталады. Ғылыми 
мектептердің білім беруі – ғылыми ізденістің демократизмділігін, 
жетістіктерге қатысты, сыни қарауын көрсетеді. Ойшылдар, ұлы 
ғалымдар басқарған ғылыми мектептер жалпы ғылыми ізденіс
стратегиясын анықтау арқылы ғылымға қомақты үлес қосты. 
Ньютон, М.В.Ломоносов т.б. өз еңбектерімен ғылым тағдырын 
анықтады. Егер Ньютон мен оның жақтастары қазіргі ғылым негізін 
қаласа, онда Эйнштейн мен Бор ғылымның классикалық емес даму 
сатысында ғылыми ізденістің негізгі мәселелерін белгіледі. 
Қазіргі ғылымның даму сатысы – классикадан кейінгі 
Вернадскийдің ноосфералық ойларын, Пригожиннің синергетикалық 
ойларын талқылаусыз қалдыру мүмкін емес. 
Ғылымды ұйымдастырудың маңызды мәселесі – мамандар 
дайындау. Ғылымға жаңа ойлары мен көзқарастары бар жаңа адамдар 
қажет. Маман дайындау жүйесіне магистратура, аспирантура және 
докторантура кіреді. Бұлар өзін-өзі толық ақтады. 


72 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет