Тақырыбы: Төлеген Тәжібаевтың психология саласындағы
басты теориялық ғылыми бағыты
Орындаған: Алмашева С. Л
Тексерген: пс.ғ.к. Кадыржанова Ж. Е
Төлеген Тәжібаев
(1910—1964)
Төлеген Тәжібаев 1910 жылы 23 ақпанда
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласының
маңындағы Тақыркөл мойнағындағы 9-шы
ауылда шаруа жанұясында дүниеге келген
Төлеген Тәжібаевтың балалық шағы
қиын қыстау кезеңде өтті. Қазақстанның
Оңтүстік ауданында 1917 жылы болған жұт,
отаршылдыққа үйрене қоймаған, егін
шаруашылығын негізгі кәсіпке айналдырмаған
көшпенді мал шаруашылықты ауылдарды ауыр
қиыншылыққа ұшыратты
Осындай жағдайда Төлегеннің ата-анасы, бірге туған бауырлары қаза болады.
Жеті жасқа жаңа толған Төлеген жолаушыларға ілесіп, Арыс темір жол
станциясына келеді. Панасыз жетім бала Төлегенді аязды, қақаған суық
кештердің бірінде үйіндіде кірпігі ғана қимылдап жатқан жерінен
Арыс темір жолының жұмысшысы Иван Федорович Кабанов үйіне алып келеді.
Әйелі Мария екеуі баланы жуындырып, тамақтандырып өздерінің
алтыншы баласы етіп бауырларына басады. Кейінен Төлегенді интернатқа оқуға
береді. Табиғатынан зерек бала мінезі жайдары, салмақты, оқуға ынталы
болып өседі
Төлеген Тәжібаев 1928 жылы Шымкенттегі педагогикалық техникумды,
1935 жылы Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы коммунистік тәрбие
академиясын бітіреді. 1938-1940-жылдары Қазақтың Абай атындағы
педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ
Ұлттық педагогикалық университеті) педагогика
және психология кафедрасының доценті және
меңгерушісі болды
1940-1942 жылдары Қазақ КСР-і Халық ағарту комиссарының 1-ші
орынбасары, Халық ағарту комиссары, 1941-1944 жылдары Қазақ КСР-і
Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары, 1944-
1957жылдары Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрі, С.М.Киров атындағы
Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындығы Қазақ
Ұлттық университеті) ректоры, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі
төрағасының орынбасары, 1957-1961 жылдары Үндістандағы КСРО
елшілігінің кеңесші-өкілі болды. 1961-1964 жылдары С.М.Киров
атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби
атындығы Қазақ Ұлттық университеті) профессоры,
педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болды
Төлеген Тәжібаев мемлекеттік және педагогикалық қызметтермен қатар
ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де шұғылданды. 1940 жылы «Халық
мұғалімі» журналында жариялаған мақалаларында психологияның
сол кездегі көкейтесті мәслелелерін, классикалық психологияның
тарихын, қалыптасу жолдарын талдауға алды. Осы еңбектері негізінде
1961 жылы «Жалпы психология» атты тұңғыш оқулық жазды.
Төлеген Тәжібаев қазақ тілінде психология ғылымы терминдерін
қалыптастыруға елеулі үлес қосты
Төлеген Тәжібаевтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыттары:
Қазақстандағы педагогикалық ойдың даму тарихы, оқу-ағарту ісінің
дамуы және мектептер тарихына арналған. Оның
еңбектерінің біразы халқымыздың ғұламалары Шоқан Уалиханов,
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың психологиялық және
педагогикалық көзқарастарын зерттеуге арналған.
Әсіресе, Абайдың психологиялық көзқарастарын көп жылдар бойына
сарыла зерттеп, бірнеше еңбектер жазды. Абайдың саяси- әлеуметтік,
пәлсапалық көзқарасына жан-жақты талдау жасай келіп, оның
психологиялық ойлары мен пайымдауларына кең тоқталады. Ғалымның
тұжырымдауынша Абай тек асқан кемеңгер, ойшыл ақын ғана емес, ол
сонымен бірге қазақтан шыққан ірі философ, психологиялық білімдер
жүйесін насихаттаумен айналысқан ғұлама.
Төлеген Тәжібаев 1949 жылы профессор, 1954 жылы «Педагогика және
психология» мамандығы бойынша Қазақ ССР Ғылым
Академиясының ең бірінші академигі болды, ал 1962 жылы педагогика
ғылымының докторы атағын алды. Төлеген Тәжібаевтың елге сіңірген
еңбегі жоғары бағаланып, 1945 жылы «Еңбек Қызыл Ту», 1967 жылы
«Құрмет белгісі» ордендерімен және көптеген медальдармен
марапатталды. 2-4 сайланған Қазақ КСР-і Жоғары
Кеңесінің депутаты болды.
Төлеген Тәжібаев 1964 жылы 14
маусымда Мәскеу ауруханасында
54 жасында дүниеден өтті
Төлеген Тәжібаев қандай жоғары мәртебелі қызметте жүрсе де адами
қадірін түсірмеген, абыройын асыра білген абзал жан, көреген
басшы, жастарды ғылым жолына бағыттаған
ұлағатты ұстаз бола білді.
Достарыңызбен бөлісу: |