9 тақырып. Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы



Pdf көрінісі
Дата01.11.2022
өлшемі93,9 Kb.
#156012
Байланысты:
Семинар 9




тақырып. Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы 

Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары 

Саяси идеялар және Алаш қозғалысы өкілдерінің саяси ой-
тұжырымдары. 

Қазақстан Республикасындағы саясаттанудың жаңа тұрпатты қоғамдық 
ғылым және оқу пәні ретінде пайда болуы және дамуы. 
Әдістемелік нұсқау. 
Бірінші сұрақ бойынша: 
- Қазақ ағартушыларының әділетті қоғамдық құрылым, қоғамды реформалау 
жолдары және оны жүзеге асыру тәсілдері туралы көзқарастарына назар 
аудару қажет. Мысалы, Ш.Уәлихановтың ағартушылық идеялары: әлеуметтік 
реформалардың уақыт талабы мен қоғам деңгейінің дамуымен міндетті түрде 
сәйкес келуі; билікті сайлау принципін, соттың ерекше әлеуметтік рөлі
бірқатар консервативтік ғұрыптарды бағалауы, қоғамдық идеяларының 
либерал-демократиялық бағыты. А.Құнанбаевтың ғылыми танымның 
әлеуметтік-саяси рөлі туралы пікірлері, ағартушылықтың маңызы туралы 
жүйелі идеялары, экономикалық және мәдени үдемелілігін талап етуі, бірқатар 
консервативтік тұрмыстық ғұрыптар идеяларын сынға алуы. Ұлт тектілерінің 
әлеуметтік функиялары, мүліктік теңсіздікті жұмсарту үшін шаралар қажеттігі 
туралы және т.б. 
Екінші сұрақ бойынша: 
- Қазақстанның саяси ойының либералдық-демократиялық бағыттары мен 
қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің дамуындағы қазақ зиялы қауым 
өкілдерінің идеялық мұрасының тарихи және саяси маңызы туралы талдау 
жасау. Ә.Бөкейхановтың саяси басылымдары, оның көшпелі қоғам 
эволюциясын жылдамдату мәселесін теориялық пайымдауға шақыруы. 
Ұлттық демократиялық партиясын құру мәселесінің қойылуы. Ұлттық 
автономияға қол жеткізу, қазақ қоғамындағы саяси идеялық бірлесу, 
географиялық және рухани факторлардың рөлі мәселесі туралы қарастыру 
керек. «Алаш» партиясы бағдарламасының идеялары мен мазмұнын талдап, 
тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы партия лидерлерінің 
теориялық мұрасы мен саяси тәжірибесінің маңызын айқындау қажет.
Үшінші сұрақ бойынша: 
- кеңестік Қазақстандағы қоғамдық ғылымдардың даму ерекшеліктері мен 
кеңес басшылығы саясатының әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласына 
тигізген ықпалын талдау және тәуелсіз Қазақстан жағдайында әлеуметтік-
гуманитарлық ғылымдар саласының жаңа ғылыми бағыттарын дамыту 
қажеттілігінің объективті себептерін ашып көрсету қажет. Посткеңестік 
мемлекеттердегі өтпелі кезең жағдайындағы саяси қатынастарға талдау жасап, 
зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын құрудың қажеттілігі 
туралы дәлелдеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет