13 тақырып. Сана мен ойлаудың жаңа үлгісін әзірлеу: олардың Қазақстан Республикасында жүзеге асуының негізгі стратегиялары мен бағыттары



Pdf көрінісі
Дата20.04.2023
өлшемі97,36 Kb.
#175027
Байланысты:
Семинар 13
!1-СОР Алгебра 8 классс каз, осымша материалдар М тін лингвистикасы ылыми п н ретінде М тін, Үлгілік оқу, 1035721, 14 тапсырма


13 тақырып. Сана мен ойлаудың жаңа үлгісін әзірлеу: олардың Қазақстан 
Республикасында жүзеге асуының негізгі стратегиялары мен 
бағыттары

Гуманитарлық білім берудің қазіргі заманғы моделінің дамуы Қазақстан 
Республикасында қоғамдық сананы жаңғыртудың негізі ретінде. 

«Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» 
бағдарламаларының тұжырымдамалық қағидалары Қазақстан халқының 
тарихи санасы мен мәдени-рухани бірегейлігінің қалыптасуының идеялық 
тұғырнамасы ретінде. 

Адам капиталын дамыту идеяларымен бағыттары Қазақстанда 
инновациялық экономикаға өтудің шарты ретінде. 
Әдістемелік нұсқау. 
Бірінші сұрақ бойынша: 
- Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын мұқият қарастыра келе, саяси-
экономикалық жаңғырудың нақты мақсат-міндеттер мен тәсілдерге ғана 
сүйеніп жетістікке қол жеткізудің басты шартының бірі - қоғамдық сананың 
озық жаңғыруынсыз толыққанды жүзеге аспайтынын түсіну керек; 
- Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғыртудың түйінді ережелері ретінде 
бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, елдің эволюциялық жолмен дамуы, ұлттық 
бірегейлік, білім мен жаңалыққа құштарлық сияқты құндылықтарды қоғамдық 
санада нық орнықтыру арқылы біртұтас Ұлт қалыптастыру болып 
табылатындығына назар аударыңыз;
- қоғамдық сананы жаңғыртудың әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды 
дамыту негізінде жаңа гуманитарлық білім беруді жан-жақты дамытуға 
негізделетініне назар аударыңыз. 
Екінші сұрақ бойынша: 

Қазақстан халқының ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және 
қазақстандықтардың патриоттық сана-сезімін дамыту мақсатында өмірге 
әкелген мәдени-рухани құндылықтары негізгі мазмұнына арқау болған 
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея тұжырымдамасын сипаттаңыз;
- ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтары, адамгершілік қағидаттары, 
ғылыми ережелер, Қазақстан халқының әдет-ғұрып, дәстүрлері арқау болған 
Қазақстан қоғамының идеологиялық тұғырнамасына айналған «Рухани 
жаңғыру» кешенді бағдарламасын жан-жақты қарастырыңыз және жүзеге 
асырылу барысын айқындап (мысал келтіру) көрсетіңіз; 
- еліміздің мәдени-рухани мұрасының іргелі негіздерін пайымдау арқау болып 
табылатын халқымыздың тарихи санасын жаңғыртуға арналған «Ұлы 


даланың жеті қыры» мақаласын талдаңыз. Бағдарлама ретінде жүзеге асырылу 
барысына назар аударыңыз. 
Үшінші сұрақ бойынша: 
- ғылыми ашулар мен технологиялық инновацияларға негізделген жаңа 
енгізілімдерді кеңінен пайдалану арқылы жаңа ілімдер мен ақпараттар басты 
фактор болып табылатын инновациялық экономиканың ерекшеліктерін 
қарастырыңыз;
- елдің экономикалық өсуі мен озық дамуын қамтамасыз етуге жол ашатын 
ғылым мен білім, денсаулық сақтау мен мәдениет жүйесіне сүбелі 
инвестициялар тарту арқылы заманауи инновациялық экономиканы дамыту 
жолындағы адам капиталының айқындаушы рөлін зерделеңіз; 
- адамның тіршілік қарекетінің барлық саласында жаһандық өзгерістерге жол 
ашатын, жеке тұлғаның өндірістік және тұрмыстық қызметінде 
киберфизикалық жүйелерді жаппай енгізуге негізделген төртінші өнеркәсіп 
төңкерісін қарастырыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет