Сана мен ойлаудың жаңа үлгісін әзірлеу: Олардың Қазақстар Руспубликасында жүзеге асуының негізгі стратегиялары мен бағыттары



Дата19.07.2023
өлшемі3,08 Mb.
#179505
Байланысты:
Серікжан Арайлым 13-15
Сын тұрғысынан ойлау1, docx1543950528, lesson-study-dsn-mektep-tzhribesnde-pajdalanu-tzhribe-blsu, Сессия жауап

САНА мен ойлаудың жаңа үлгісін әзірлеу: Олардың Қазақстар Руспубликасында жүзеге асуының негізгі стратегиялары мен бағыттары

Орындаған:Серікжан Арайлым

  • Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштердекөрініс табады.
  • Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді

Сана құрылымы.

  • Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

Сана мен ойлаудың жаңа үлгісі

  • 2017 жыл - Қазақстанның экономикалық өсуінің жаңа үлгісін жасап, біздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігімізді қамтамасыз ететін Үшінші жаңғыруды іске асыру қолға алынған жаңа дәуірдің басы болды. Жаңа конституциялық реформа ауқымды саяси жаңғырудың негізін қалап, Үшінші жаңғыруды іске асыруға арналған қоғамдық-саяси алғышарттарды қалыптастырды. Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының идеясы бүгінгі таңда өте қажетті және орынды идея.Біз саяси ұлтты қалыптастыру жолындамыз. Әлемде алдыңғы қатардан табылу үшін біздің әрқайсымыз және баршамыз бірігіп өзіміздің санамызды, ой-өрісімізді өзгертіп, ескірген таптаурындықтардан арылуымыз керек. 

Қазақстан - 2050 Стратегиясында Қазақстан Президенті Дәстүр мен мәдениет - ұлттың генетикалық коды 

  • Жаңа тұғырнамада жаңғырудың басты шарты - өз мәдениетіңді, өзіңнің ұлттық кодыңды сақтау екені ерекше көрсетілген. Қоғамның рухани жаңғыруы озық дәстүрлер мен ұлттық-мәдени негіздерге арқа сүйеуі керек. 
  • Бұрынғы инновациялар бүгін дәстүрге айналды, бүгінгі инновациялар ертең дәстүрге айналады. Мұндай ұстаным халқымыздың өткенін, қазіргі күні мен болашағын жалғауға, ұлттық сананың әралуан полюстерін жақындатуға мүмкіндік береді.

Елбасы қоғамды да, сондай-ақ әрбір азаматты да жаңғыртудың бірқатар негізгі бағыттарын ерекше бөліп көрсетіп отыр.

  • Біріншіден, бұл - бәсекеге қабілеттілік­, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерді білу, мәдени ашықтық сияқты факторларға негізделген тың жаңалықтарды әлемге ұсыну қабілеті. Екіншіден, бұл - прагматизм. Ол бірқатар әдеттер мен таптаурындықтардан бас тартуды да, сонымен бірге ұлттың прагматикалық мінез-құлқы мен ұтымды ойлауын, ата-бабалар дағдыларының тарихи тәжірибесін де қамтиды. Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық сана өзгерген кезде ұлттық Мен-нің ішкі мәйегін сақтау.
  • Алдымен, бұл - қазақ тілін жаһандық ақпарат және байланыс әлеміне жол ашатын латын әліпбиіне көшіру.Әлемдік ғылым мен технологиялардың, гуманитарлық білімнің соңғы жетістіктерін қамтитын 100 жаңа оқулық мемлекеттік тілге аударылып, басып шығарылады.Туған жер бағдарламасы кәсіпкерлердің, шенеуніктердің, зиялы қауым өкілдері мен жастардың өздерінің кіндік қаны тамған жеріне қамқорлық жасап, қолдау көрсетуіне, патриотизмді қалыптастыруға қолайлы мүмкіндік береді.Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, сондай-ақ елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүниежүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады.Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады.Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болады.

Елбасының жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс - біздің дамуымыздың ең басты қағидасы деген тезисі бүгінгі таңда өте өзекті.Сананы жаңғырту біздің мақсаттарымыздың бірлігін, құндылықтарымыздың ортақтығын және қоғамдық келісімнің қуатын айшықтайды. Жаңа идеологиялық тұғырнама конституциялық реформаны, Үшінші жаңғырудың экономикалық өркендеуін толықтыра түседі және Қазақстанның ХХІ ғасырдағы табысты дамуының ділдік қозғаушы күші болып табылады.Қоғамдық сананың өзгеруі сынаптай сырғыған уақытта, жаңа сын-қатерлер заманында Қазақстанның дамуының негізі болатын тұрақтылықты, бірлікті, татулықты нығайтуға мүмкіндік береді.

  • Елбасының жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс - біздің дамуымыздың ең басты қағидасы деген тезисі бүгінгі таңда өте өзекті.Сананы жаңғырту біздің мақсаттарымыздың бірлігін, құндылықтарымыздың ортақтығын және қоғамдық келісімнің қуатын айшықтайды. Жаңа идеологиялық тұғырнама конституциялық реформаны, Үшінші жаңғырудың экономикалық өркендеуін толықтыра түседі және Қазақстанның ХХІ ғасырдағы табысты дамуының ділдік қозғаушы күші болып табылады.Қоғамдық сананың өзгеруі сынаптай сырғыған уақытта, жаңа сын-қатерлер заманында Қазақстанның дамуының негізі болатын тұрақтылықты, бірлікті, татулықты нығайтуға мүмкіндік береді.
  • Қорытындылай келе, сана мен жаңаша ойлау белгілі бір межемен аяқталмай, үздіксіз жүзеге асып жатуы керек. Себебі, қазіргі ғылым мен технология аса жылдам қарқынмен дамып бара жатқан заманда, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырып, жасампаз ұлт ретінде үнемі түлеп, рухымызды көтеріп, жаңарып, өркендеп отырмасқа лажымыз жоқ. Бір сәт мүлгіп кетсек ғарыштың жылдамдығымен дамып жатқан әлемде, өркениет көші бізді күтіп тұрмай біраз жерге ұзап кетеді. Содан соң ол көшті қуып жетіп, оған ілесу қиындай түседі.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет