Өзін – өзі танудың парадигмалары



бет1/3
Дата28.07.2017
өлшемі0,7 Mb.
#22291
  1   2   3
Өзін – өзі танудың парадигмалары

Парадигма (гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.Парадигма — қазіргі тандағы ғылым методологиясындағы негізгі үғымдардың бірі. Ол білімнің қандай да бір саласының ғылыми пайымдалуының даму сатысын белгілейді және оларға тән ерекшеліктерді көрсетеді, білім дамуының сатысындағы ғылыми бейнелеудің объектісін зерттеу әдістемесінің өзіндік сипатын анықтайды. Ғылымның парадигмалық мәселесі ғылыми білімдердің өз дамуында салыстырмалы дербестікке ие екендігін бейнелейді, өйткені таным процесінде рационалды дәлелденген жүйе ретіндегі ғылыми дәстүр пайда болып дамиды. Осы дәстүр ғалымдардың ғылыми іс- әрекеттерінің базалық негізін құрып, оларға өздерінің дербес ғылыми инструментарийін жасауға көмектеседі. Шынайы ғылыми тұрғыда дүниені қабылдаудың нәтижесінде ғылыми танымның осы сатысында дүниенің ғылыми бейнесі қалыптасады. Өте тар мағынада, парадигма — ғылыми проблемалар мен оны зерттеу мөселесінің қойылуы мен қалыптасуының логикалық моделі. Парадигма ұғымының құрылымы келесі қағидаларды қамтиды:

1. Ғалымдардың қазіргі бірлестігіне тән ғылыми принциптердің, сенімдердің, қүндылықтардың жиынтығы, осының негізінде ғалымдар өздерінің зерттеу объектісінің ғылыми картинасын, яғни ғылым пөнін жасайды.

2. Ғылыми зерттеулер үшін қолданылатын "пәндік матрица"деп аталатын техникалық тәсілдер, ғылыми инструментарийлер жүйесі және мұны игеру мен пайдалану нәтижесінде бірін-бірі түсінетін ғалымдардың бірлестігі жасақталынады.



Педагогикалық парадигма

Педагогикалық парадигма- педагогикалық міндеттердің белгілі топтарда қалыптаскан үлгі-стандарты, дағдылы көзқарасы. Алайда, танымал үлгі-стандартты және көзқарастарды күмәнді етіп койғанымен, педагогика ғылымында және төжірибеде фактілер қолданылады.Педагогикалық парадигма екі жақтық қызмет атқарады: бір жағынан - педагогика ғылымға ғылыми проблемалардың шешімін жеңілдетеді, ал екінші жағынан педагогикалық шығармашылық мәселелердің өңделуін тоқтатып, жаңа идеялардың қабылдауына кедергісін сәл де болса тигізеді. Кейбір педагогикалық парадигмаларды келтіруге болады.



  1. қазіргі заманда төл педагогикамызда «білетін адам» (ЗУН жүйесімен жабдықталған) парадигмасы «тіршілік әрекетіне дайын адам» парадигмасына, яғни белсенді және шығармашылық ойлауға қабілетті және іс-әрекет, өзіндік өсетін, интеллектуалды, өнегелі және дене тәрбиесіне өзгерістер енгізілуде;2. көптеген педаготтардың пікірінше, тәжірибиеде қолжеткізу ұстанымын іске асыра отырып, оқу материалының мазмұны және білім көлемі оқушылардың жас ерекшеліктеріне ақылына сай және алғашқы дайындық деңгейіне сай болу қажет. Егерде осы принципті спортта іске асырсақ, онда бірде-бір спортсмен біз жеткен жетістіктерге жете алмаушы еді.Оларды теориялық тәсіл немесе жеке білім деңгейі шенберінде ғылыми бірлестік бөліседі



 

Өзін – өзі тану рухани адамгершілік білім жобасы

 «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарында үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы – адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз.Сондықтан ұл – қызымызға көзбе -көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен-жүрекке жетсе, қандай ғанибет.»

Сара Алпысқызы

«Өзін-өзі тану» адамның адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы

Білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын ұсынды. «Өзін-өзі тану» эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының білім мекемелерінде пән ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша эксперименттік жұмыс Республикамыздың 120 аса білім беру мекемелерінде – 30 жоғары оқу орындарында,43 – мектепте, 2 пед. колледжде және интернаттық мекемелерде іске асырылды. Ал, 2002 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 7 алаңда : 2 мектепке дейінгі ұйым, 3 жалпы орта білім беретін мектеп, 2 жоғарғы оқу орнында балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беруге арналған «Өзін-өзі тану» авторлық жобасы тәжірибе ретінде жүргізілді. «Өзін-өзі тану» пәні шәкірттерге сапалы білім беріп қана қоймай, үйлесімді дамыған тұлға болып қалыптасу үшін оларды сүйіспеншілік, бауырмалдық, қайырымдылық, төзімділік, ізеттілік сияқты игілікті қасиеттерге үйретеді. «Өзін-өзі тану» пәнінің ең басты ерекшелігі – адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған адами асыл қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру, ата салт пен ұлттық ұлы дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін тамырына тағлым етіп дарыту.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында оқушылар мен студенттер өздерін еркін сезініп, бір-біріне өздерінің отбасындағы адамдар жөнінде, олардың қандай ыстық екенін жеткізе алады. «Өзін-өзі тану» бұл тек өзі туралы біліп қана қою емес, қоғамдық-қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде сезіну. Өзін және қоршаған ортаны тану арқылы баланың жан дүниесін байытып, адамгершілік- рухани білімді халықтық дәстүр арқылы жеткізу. Бала өз елінің, халқының мәдениетін сәби шағынан біліп өсуі маңызды. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу отбасы мен біздердің ең басты міндетіміз. «Тәрбие- отбасынан басталады» демекші ата- аналарға осы пәннің қазіргі таңда қажеттілігін түсіндіре отыра, өз ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиесінің маңыздылығы зор екенін атап өткен жөн.

ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Өзін-өзі тану» бағдарламасын қоғамға насихаттау мақсатында өткізген іс-шаралары:

2008 жылдан «Қазақстан – Шымкент» радиосымен бірлескен медиа-жоспары бекітіліп келеді. Осы жоспарға сай ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары жасөспірімдердің бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында 18 сұхбат берді. ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Облыстық білім басқармасының қолдауымен «Өзін-өзі тану» курсының нақты жұмыстарын жүргізу, оқушылардың іскерлік қабілеттерін арттыру және кеңінен насихаттау мақсатында 2008 жылы «Асыл жүрек» педагогтар клубы құрылды. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша құрылған «Асыл жүрек» клубының негізгі міндеті «Өзін-өзі тану» жобасын қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, қала, облыс, республика көлемінде бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстырып, кеңінен тарату болып табылады.

ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шаралардың басты мақсаты: Қазақстанның кемелді де жарқын болашағы мен дамуына өз үлесін қосатын жас ұрпақ тәрбиелеу, баланың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, шыншылшылдыққа үйрету, отансүйгіштікке баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, балаларды мәдениетті де өркениетті өскелең ұрапақ болып өсіп-жетілуіне, отансүйгіштікке баулу, құрбы-құрдастарына, жалпы айналасындағы қоршаған ортаға «құрмет» көрсету сияқты ұғымды бойларына сіңіру. Білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасын жаппай насихаттау мақсатында облыстық «Отырар» телеканалынан №39 «Інжу-Маржан» балабақшасының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткізіп жатқан сабақтарынан көріністер 2009 жылдан жолға қойылып, әр жексенбіде сағат 10-00-де «Ата-анасыз 1 сағат» атты балалар бағдарламасында көрсетіліп келеді.

 

 



Негізгі орта мектепке арналған «Өзін – өзі тану» пәнінің оқу бағдарламасы

«Өзін-өзі тану» пәнінен оқу бағдарламасы

1. Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.

2. Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

3. Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:

1)      адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

2)      оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

3)      қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

4. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:

1)      өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

2)      түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

3)      өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

4)      адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

5)      өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

6)      жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

7)      өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;

8)      қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

5. Білім берудің бастауыш, негізгі және жоғарғы сатылары үшін өзін-өзі тану бойынша ұсынылып отырған бағдарламада қарастырылған міндеттер:

1)      оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;

2)      өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;

3)      өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту;

4)      адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;

5)      әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;

6)      белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және оған талдау жасау үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу; жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно-мәдени құндылықтарға қайшы келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;

7)      күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және топпен, командамен жұмыс істеу іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

6. Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып, 1-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.

7. Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны төмендегі дидактикалық негіздемелерге сәйкес іріктелді:

1)      рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты адамның қабілеттіліктерін ашуға, оның дене, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық әлеуеттерін үйлесімді дамытуға бағытталған;

2)      өзін-өзі тану пәнінің білімдік мақсаттары оқушылардың бойында зияттылық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік мәдениеттерді дамытуға ықпал етуді қарастырады;

3)      күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесі жалпы орта білімнің жинақтап келгенде оқушылардың оқу жетістіктерінің алты кезеңіне сәйкес және оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау мен бағалауға мүмкіндік беретін әр сыныптан соң (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-сыныптардан кейін) қойылған мақсат ретіндегі оқушылардың адамгершілік мінез-құлқы негіздерін қалыптастыруды көздейді.

8. Пән мазмұнының логикалық құрылымын өзін-өзі тану бойынша күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде анықтауға:

1) жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі:

өзін-өзі тануға: махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тән мен жан үндестігі;

өзгелерді тануға: отбасы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық, диалог, өзара түсіністік, ынтымақтастық;

әлемді тануға: табиғат, Отан, әлем, өмір, Бүкіл әлеммен үндестік, сенім, үміт;

адамзаттың рухани тәжірибесін тануға: ақиқат, жер адамзаттың ортақ үйі, шығармашылық, мәдениет, адамзатпен бірігу.

2) жеке тұлғаның негізгі қасиеттері:

өзіне қатысты: махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау, дербестік, еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік;

өзгелерге қатысты: жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, әділдік, төзiмдiлiк, сыпайылық;

әлемге қатысты: қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат, қайырымдылық, қоғамға қызмет ету;

адамзатқа қатысты: елжандылық, оптимистік, дәстүрді жалғастыру, болашаққа ұмтылу, зор  жауапкершілік.

3) адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің құрамдас бөлiктері:

әлемдік мәдениет, халықтар даналығы, білім мен ғылым мүмкіндік береді.

адамның өзін-өзі тануы

адам және қоғам

адам және қоршаған орта

9. Адамзаттың рухани тәжірибесі тәрізді төрт тарауды қамтитын базалық мазмұн өзін-өзі тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзатты тануға құралған мазмұндық желілерді нақтылайды.

10. Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл тараулар мектептің түрлі сатыларындағы оқыту мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты бірізділікпен құрылған.

11. Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 1-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.

12. Вариативті оқу жүктемесінің 1-2 оқу сағаты бастауыш мектепте таңдау бойынша сабақтарда, негізгі мектепте таңдау бойынша курстарда және мектептің жоғарғы сатысындағы бейімдік оқыту жағдайларында, қолданбалы курстарда пайдаланылады. Модульдік принцип бойынша жобаланған осы курстардың өткізілу уақыты (34 сағаттан 68 сағатқа дейін) мен сипаты әр түрлі болуы мүмкін.

13. Вариативті, инвариантты бөлімдердегі жүктемеге сәйкес оқу әрекеті және сыныптан тыс және мектепішілік шаралардың барлығы оқушылардың қоғамға қызмет ете білу дағдыларын меңгертуге бағытталуы тиіс.

14. Бағдарламада жалпы орта мектептегі деңгейлер мен сыныптар бойынша жалпыадамзаттық құндылықтар туралы негізгі түсініктер мен жеке қасиеттерді дамыту өзара сабақтастықта қарастырылған. Сонымен қатар бұл бағдарлама өзін-өзі танудың басқа жалпы білім беретін пәндермен байланысы арқылы салауатты өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық санасын, эстетикалық курстарды қалыптастыру тұрғысынан пәндер мазмұнын ықпалдастыруды іске асыруға да негіз болады.

15. Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-міндеттеріне әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік тәсілдерін пайдалануды қарастырады. Мысалы «Шаттық шеңбері» және «Жүректен жүрекке» әдістері әрбір сабақтың басталу және аяқталуы кезеңдеріне орай қолданылады. Әрбір оқушының сабақта көтерілген проблемаға тартылып, ұжымға қабылданып, өзі де ұжымды қабылдай алуға, сабақ мазмұнын сезіммен қабылдап, алған әсерлерімен бөлісіп және бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік жасалады. Пән мазмұны оқушылардың құндылықтар және адамгершілік қасиеттер туралы білімдері мен түсініктерін кеңейтеді және эмоциясын, ерік-жігерін, ойлауын дамытады. Оқу материалдарын қабылдауда танымдық қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін ашуға («Оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелесу», «Жағдаяттар кезінде ойлану», «Шығармашылық жұмыс» және т.б.) бағытталған әдіс-тәсілдерді пайдалануды ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін («Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті») әдістемелік тәсілдердің көмегімен дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт болып табылады.

16. Бағдарлама өзін-өзі тану пәнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы күтілетін нәтижелер деңгейлеріне сәйкес пән мазмұнын сыныптар бойынша тақырыптық топтастыруды көздейді.

2. Базалық білім мазмұны

17. Мектептің негізгі сатысы (5-9-сыныптар). Бағдарлама мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын және жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартының бесінші, алтыншы және жетінші деңгейлеріндегі күтілетін нәтижелерді анықтауға бағытталған.

18. Мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда оқу жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелерде көрсетілген көп деңгейлі мақсаттар жүйесінің сәйкестігі, сонымен қатар оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктері ескеріле отырып, мазмұнда көрсетілген жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы адамдық қасиеттерді дамыту көзделеді.

19. Пән мазмұны арқылы эстетикалық талғам, қоршаған орта және ондағы адамның орны туралы білім қалыптастыру және дамыту; қоғамдағы адамның рөлі, адам мен табиғаттың, әлемнің бірлігі мен үйлесімінің мәні, үйлесімді дамыған тұлғаны толықтай дамыту үдерісінің түрлі қырларын ашу; өзге адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу; адамзаттың рухани тәжірибесінде жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсіндіру қарастырылады.

20. Жалпы орта білім беруге арналған өзін-өзі тану бағдарламасы оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне, рухани-адамгершілік және дене жағынан дамуына, адам тағдырын, өмірдің мәнін түсінуге кең мүмкіндіктер ашады.

21. «Өзін-өзі тану» пәні мектептің негізгі сатысында білім берудің құндылықтық мәнін күшейте отырып, адамдарды сүйе білу, өзіне-өзі сену, жақсылық жасау, мейірімділік таныту, өзгелерге қамқор болу, сыни ойлау, адамгершілік таңдау жасай білу, дәстүрді дәріптеу және дамыту, жасампаздық, өзіне жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін ашып, дамытуға бағытталған.

22. Пән мазмұны оқушылардың өзара түсінісу білігіне, адамдар арасындағы қарым-қатынаста татулық пен келісім орнатуға әр адамның жауаптылығы туралы түсініктерін тереңдетуді; «өзара қарым-қатынас», «өзара түсіністік» ұғымдарының мағынасын кеңейтуді нысана тұтады.

23. Бұл кезеңде адамның жақсылық, сыпайылық, сыйластық, ықылас білдіру, елгезектік, жаны ашырлық сияқты басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға көмектесетін адамгершілік қасиеттерін ашуға көңіл бөлінеді. Сыныптарда қамтылған өзара қарым-қатынас негізінде қыздар мен ұлдар арасында достық орната білу, отбасы қарым-қатынасында жауапты болу қабілеттерін дамытуға баса назар аударылады. Сонымен қатар оқушылардың татулық, келісім, тату адам сияқты ұғымдар туралы түсініктерін тереңдете отырып, мазмұнда адамдардың нәсіліне, ұлтына, дәстүрі мен көзқарастарына қарамастан, олардың арасындағы қарым-қатынас этикасы тұрғысынан мінез-құлық мәдениетіне; сыпайы және ізетті болу, басқаларды түсіне білу, айналасындағы адамдарды сыйлау, оларды шаттыққа бөлеу, олармен тату болу біліктерін дамытуғада көңіл бөлінеді.

 24. Мектептің негізгі сатысында рухани-адамгершілік білім берудің маңыздылығы адамның әлемде алатын орны, «өмірлік мақсат», «өмірдің мәні», «адамның орны» ұғымдарының мағынасын терең түсіндіру арқылы қоғамға қызмет ету ниеттерін дамыту болып табылады. Сонымен бірге оқушылардың бойында табиғатты, әлемді әсемдік ретінде түсініп, оны қадірлей білуге, ғаламшар деңгейінде шығармашылықпен қабылдауға, әлем туралы көзқарастарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

25. 5-9-сыныптарда білім беру оқушылардың ұлттық мәдени мұраның өзін-өзі тануда алатын орны, адамзаттың мәдени мұрасының рухани негіздері туралы түсініктерін кеңейте отырып, адамның үздіксіз рухани кемелденуіне, оның шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етуге бағытталады.

26. Мектептің негізгі сатысында оқушылардың өзіндік қабілеттерін, адамгершілік қасиеттерін анықтауына және дамытуына, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне ықпал ету осы кезеңнің негізгі идеясы болып табылады.

27. 5-сыныптағы өзін-өзі тану пәні бойынша білім мазмұнының құрылымы мен негізгі идеялары мектептің бастауыш сатысымен сабақтастығын сақтай отырып, төмендегідей 4-тараудың аясында дамытылады:

1) таным қуанышы;

2) қарым-қатынас жарастығы;

3) адам болам десеңіз...;

4) әсемдік әлемінде.

28. 6-сыныпта «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұны  пәннің мазмұндық желісін сақтай отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай  4 тарауға біріктірілген:

1)таным жолында;

2) қарым-қатынас мәдениеті;

3) адам мен әлем тұтастығы;

4) жасампаздық жарасымы.

 29. 7-сыныптағы «Өзін-өзі тану» пәнінің білім мазмұны БМЖМС-ына сәйкес мына тараулар бойынша беріледі:

1)Таным жолында;

2) Қарым-қатынас мәдениеті;

3) Адам мен әлем тұтастығы;

4) Жасампаздық жарасымы.

30. 8-сыныптың білім мазмұны бұрынғы сыныптармен сабақтасып, келесі тарауларға жүйеленген:

1) таным жолында;

2) қарым-қатынас жарастығы;

3) адам мен әлем тұтастығы;

4) адамзаттың рухани тағылымы.

31. Мектептің негізгі сатысындағы пәннің мазмұндық логикалық құрылымын сақтай отырып, олардың бұрын меңгерген жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін жинақтап, қорытындылау мақсатында 9-сыныптағы білім мазмұны мына бағытта беріледі:

1) адам және өмір;

2) адам болам десеңіз...;

3) адам және мәдениеттілік;

4) адам әлем аясында.

32. Бұл тараулардың мазмұнында оқушылардың өзін-өзі тануы тек жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың сезімдерін дамыту, құндылықтық қасиеттерді дарыту, жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруі  және  тұлғалық қалыптасуы қамтылады.

33. 5-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):



Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұны

Сағат

саны


І-тарау.Таным қуанышы

 

1

Өзімді-өзім танумен өсіп келемін

Өзін-өзі танудың балалар өміріне ықпалы; олардың өмірді түсінуі, бағалау түсініктерінің кеңейтілуі.

1

2-3

Адам  мінезімен танылады

Адамның мінез-құлқы туралы түсінік. Жақсы мінез мәнінің ашылуы. Ерік, жігер құндылықтары мәнінің ашылуы; адам ойын нақты жеткізе алуы, босқа сөйлемеуі, өз күшіне сенуі, шектен шықпауы, өмірде өз ұстамдарына берік болуы туралы түсінік.

2

4

Адамның жан сұлулығы

Адамның жан сұлулығы туралы түсінік. Адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы қасиеттерін дамыту.Адамды тек сыртқы келбетіне, түріне ғана емес, оның адамгершілігі мен қамқорлығына, инабаттылығы мен ізеттілігіне қарап бағалай білуі.

1

5-6

Жақсы көңіл күй – жан шуағы

Жағымды, жағымсыз эмоциялар, сезім-күйі және  ішкі сезімдерін түсіне білуі.

2

7-8

Жақсылықпен жаным дос

Жақсылық жасау. Әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейірімділік, жанашырлық көмек.

2

IІ-тарау. Адами қарым–қатынасқа үйренейік

9-10

Махаббат –өмір өзегі

Махаббат, сүйіспеншілік өмір сүрудің негізі. Ата-анаға, Отанға, туған жерге сүйіспеншілік.

2

11-12

Отбасы жарастығы

Ата, әже, әке, шеше, аға, іні, әпке, қарындас және т.б. өзара сыйластығы, татулығы және ата-ананы құрметтеу, үйде, өз айналасындағылармен сыйластықты қарым-қатынас.

1

13-14

Сөйлесе білу де өнер

Адами қарым-қатынастағы сөйлесу мәдениеті.

2

15-16

Сөз іспен көрікті

 


Сөз бен істің  бірлігі. Үлгі, өнегені көп сөзбен айтқанша, бір іспен көрсету туралы түсініктер; дағдылар.

2

IІІ-тарау. Адам болам десеңіз

17-18

Қызға – нәзіктік, ұлға – батылдық

 

 



Қыз балаға тән қасиеттер, ер балаға тән қасиеттер, ұл бала мен қыз баланың арасындағы өзара сыйластық. 

2

19

Адам еңбекпен шыңдалады

Шыдамдылық, төзімділік, табандылық ұғымдары мәнінің ашылуы және өзара байланысы.

1

20-21

Сенім – менің серігім

 

 



 

 


Сенім – достық қарым-қатынас негізі. Адамның бір-біріне сенімділігі, сенім артуы достық қарым-қатынастың бастауы. Өмірде өз сенімдеріне берік болуы.

1

22

Сабырлылық пен ұстамдылық

Адами қарым-қатынастағы сыпайылық, сабырлылық өзін-өзі ұстай білу түсініктері, дағдылар.

2

23-24

Адалдық пен әділдік

Өз ісіне, сөзіне адал болу. Әділдікті жақтау.

 


2

25-26

Кеңпейілділік пен жомарттық

Үнемділік – ұқыптылық белгісі, ысырап етпеушілік.  Жомарттық ұғымы мәнінің ашылуы.

 


 

IV-тарау. Әсемдік әлемі

27

Табиғат тылсымы

Табиғаттың адамға шабыт беруі.

1

28-29

Табиғат ғажаптары

Табиғат сұлулығы, үні, сазының адамға әсер етуі. Адамды руханилық тұрғыдан қуаттандыру.

2

30

Шығармашылық –жетістік бастауы

Шығармашылық ұғымы мәнінің ашылуы. Шығармашылықтың адам өміріндегі рөлі. Бос уақытын тиімді пайдалану туралы түсініктер, дағдылар.

1

31-32

Салауаттылық –менің қалауым

Салауатты өмір салты мәнінің ашылуы. Адамға жағымсыз, денсаулығына, өміріне зиян нәрселерге әуес болмау туралы түсінік.

2

33-34

Өмір мектебі

Өзін-өзі тану пәнінен алған білімдері

2
















Каталог: uploads -> doc -> 0223
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0223 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушыларға қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі Әбілхан
0223 -> Өткізген: биология-химия пәні мұғалімі Ж. Б. Курмангалиева. География-биология пәні мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет