Сабақтың тақырыбы Біздің айналамыздағы ақпарат



Дата25.03.2022
өлшемі0,67 Mb.
#136739
түріСабақ
Байланысты:
біздің айналмыздағы ақпарат



Тексерілді:

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байзахова Жайна

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Біздің айналамыздағы ақпарат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


5.2.1.1- әр түрлі формада ақпаратты атап шығу және көрсету

Сабақтың мақсаты

Барлығы: әртүрлі формада ақпарат түрлерін білу және мысал келтіре алу.
Көпшілігі: әртүрлі ақпаратты ажырата алу және жұмыс жасай білу.
Кейбірі: әртүрлі формадағы ақпараттардың компьютерде жұмыс жасалатынын білу.

Ойлау дағдыларының деңгейлері



Білу, түсіну, жинақтау

Бағалау критерийі

әртүрлі формада ақпарат түрлерін біледі және мысал келтіре алады.
әртүрлі ақпаратты ажырата алады және жұмыс жасай біледі.
әртүрлі формадағы ақпараттардың компьютерде жұмыс жасалатынын біледі.

Тілдік мақсаттар



Негізгі сөздер мен тіркестер.
Ақпарат, графика, символ, сигнал, бейнелік, таңбалық
Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын әдістер
1.Адам ақпаратты не істейді?
2. Ақпараттың түрлерін ата ?
3. Ақпараттың қасиеттерін ата?

Құндылықтарға баулу


Оқушыларды патриоттық сезімге, қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікке, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, өмір бойы оқуға дайын болуға баулу.



Пәнаралық байланыс

- жаратылыстану
- математика
- бейнелеу
- орыс тілі



Алдыңғы білім



Бізді қоршаған әлемдегі құбылыстарды біледі ақпарат ұғымын өзінше түсініп қабылдайды және қабылдау мүшелерін біледі.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин


5 мин



1. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу
- оқушыларды түгелдеу
- ынтымақтастық ахуал туғызу;
«Шаттық шеңбері» әдісі. Оқушылар шеңбер құрады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Мысалы:пысық, сүйкімді, жарқын жүзді, салмақты, батыр, әдемі, білімді, мықты, жылдам, өжет, ұяң, өнерлі.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр оқушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. Сонымен, қоршаған ортада осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік.
1. Үй тапсырмасын сұрау: «Өрмекші» әдісін қолдану барысында, оқушылар бір-біріне жіпті лақтыра отырып, сұрақтар қою арқылы өрмекшінің өрмегін жасаймыз.
1. Ақпаратты қорғау дегеніміз не?
2. Вирус дегеніміз не?
3. Құпия сөз дегеніміз не?
4. Құжаттарға қорғаныс қалай орнатылады?
5. Құпия сөз орнатудың маңызы қандай?
6. Неліктен ақпаратты қорғау керек?
7.Не үшін құпия сөзге жеке мәліметтерді енгізбейміз?
8.Неліктен құжаттарды мұрағаттаймыз?
А л енді парақшаның келесі бетіне назар аударайықшы, ақпараттың негізгі түрлерін ескере отырып оқушыларды бес, 5, (мәтіндік, сандық, графикалық) түрде топқа біріктіру.

Қобдиша, стикер


бума жіп




Сабақтың ортасы


12 мин


3 мин

3 мин

3 мин

3 мин



6 мин


2. Жаңа сабақты түсіну барысында «РАФТ» әдісін қолдану. Берілген кесте бойынша әр топ өздерінің рөлдерін бөліп алып өзара топта талқылап, үздік деген жұмысты ортаға шығып бөліседі.
М/ы: журналист «Біздің айналамыздағы ақпарат» тақырыбында түрлі сұрақтар дайындап, әр топтан кем дегенде 2 оқушыға сұрақтар қою арқылы түсініктеме береді.



Рөл

Аудитория

Форма

Тақырып

Журналист

мұғалім

түсінік

Біздің айналамыздағы ақпарат

Ақын

оқушы

Өлең жолдары

Термин сөздер

Суретші

көрермен

Сурет салу

Ақпараттың түрлері,



1. Тапсырма: Ақпарат түрлерін анықтаңыз

Дескриптор



2.тапсырма:
Ақпараттың қасиеттерін салыстырыңыздар

өзектілік

Ұқсастық толықтық

Дескриптор :
- Ақпараттың қасиеттерін салыстыра отырып айырмашылығын біледі.
3. тапсырма

Ақпараттың берілу түрі

Ақпаратты қабылдау түрі

Ақпаратты қабылдау формасы

Көбейту кестесі





Сурет, автобустың қозғалу сызбасы







Күннің күркіреуі, құстың дауысы, телефон шылдыры







Оқулықтағы өлең жолдары







Бейнефильмнің көрінісі










Дескриптор :
- ақпарат қабылдау түрлерін біледі
-ақпарат қабылдау формасын түсінеді

Сергіту сәті: «бұзылған телефон» ойыны. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады, мұғалім қасында тұрған оқушыға құлағына сыбырлап кез- келген сөзді айтады солай сағат тілімен жалғаса береді, соңында барлығы дауыстап естіген сөздерін айтып шығады осылай бұзылған телефон анықталады.

4 . тапсырма. Практикалық жұмыс: Суреттерге қарап ақпарат көздері, ақпарат қабылдаушылар туралы мәтін құрастырыңдар. Мәтінге атау қойып компьютерде теріңдер және сақтаңдар.

Дескриптор:

  • Суретке қарап ақпарат түрлерін анықтайды

  • Суретке қарап ақпарат қабылдаушылар туралы мәтін құрастырады

  • Мәтінді компьютерде теріп атау қойып сақтайды


Оқулық, жұмыс дәптері,


Үлестірме материал

Оқулық
Үлестірме материал


Плакат, маркер

Жұмыс дәптері, оқулық

компьютер, оқулық





Сабақтың соңы
5 мин

2 мин




Қорытынды. Онлайн режимінде тест тапсырмасын орындау

Кері - байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны 
• Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
 
1. Чемодан(суреті)
 
2. қоқыс жәшігі (суреті)
 
3. еттартқыш (Суреті)
 
Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
 


Үй тапсырмасы:
«МӘТІН» «САН» «ГРАФИКА» сөздерін кілт сөзі етіп алып сөзжұмбақ дайындап келу.

www.Create.Kahoot.it


Үлестірме материал



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Ынттымақтастық ахуал туғызу мақсатында “Шаттық шеңбер” әдісін қолданамын. Оқушылардан үй тапсырмасын «Өрмекші» әдісімен жалпы қамтып сұралады. Заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру негізінде топтарға біріктіремін. Жаңа сабақты түсіну барысында «РАФТ» әдісін қолдану арқылы оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады, жеткізеді. Тапсырмалар деңгейлік болғандықтан қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларды қолдау көрсетіп, мақсатқа жетелейді. Сергіту сәті «бұзылған телефон» ойынын тақырыпқа сай келетін болғандықтан алдым.Компьютерде практикалық жұмыс орындайды. Балалардың жаңа сабақты түсіну деңгейін анықтау мақсатында www.Create.Kahoot.it сайтында онлайн режимінде тест тапсырмасын орындайды. Кері байланыс әдістерінің бірі «Тазалық»ойынын қолдандым. Үй тапсырмасына «МӘТІН» «САН» «ГРАФИКА» сөздерін кілт сөзі етіп алып сөзжұмбақ дайындап келу.


  • Дескриптор арқылы өзін-өзі бағалау

  • Геометриялық фигуралар арқылы бағалап отырдым

  • Топтық бағалау

  • Мадақтау

  • www.Create.Kahoot.it сайтында онлайн тест тапсыру нәтижесінде бағаланады.

  • Кері - байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны арқылы өз-өздерін бағалайды.

Компьютерде жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техника ережелерінің талаптарынга сай жұмыс жасауын қадағалау.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

.






Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:


2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет