Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет71/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#90104
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   107
9.1
Жаратылыстану
және әлеуметтану 
ғылымдарының
өзара байланысы 
9 ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ 
ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
 
ХХ ғасырдың басындағы ғылыми 
революциялар 
бейклассикалық 
физика туындауымен, жаратылыс-
тануды 
математикаландырудың 
таралуымен байланысты және 
соңғысын сапалы жаңа деңгейге көтерді. Нақты ғылымдардың 
жетістіктері «ғылымның» кемеңгерлігі елесін, ғылыми-техникалық 
өрлеудің арқасында әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндігін тудырды. 
Ғылым өз кезегінде бірегей сенімді және шынайы білім түрі болуымен 
белгіленді, ұтымды үлгі бола бастады. Осы жетістік арқылы өмірге 
келген позитивизм тек филисофиялық бағыттардың бірі ғана емес, 
сондай-ақ барлық ғылымдарға енетін ойлаудың үстемдік ететін түрі 
болып шықты. Жаратылыстану ізденістерінің әдістерін гуманитарлық 
ғылымға ауыстыруға бағытталған әрекеттер де болған. Ғылымдағы 
шұғыл бұрылысты жағдай гуманитарлық білімнің ғылыми сала үшін 
маңыздылығын мойындауға, оның өзіндік бағасын нақтылауға, 
гуманитарлық 
ғылымның 
жеткіліктілігін 
белгілеуге, 
оның 
жаратылыстанудан 
өзгешелігін 
айқындауға 
септігін 
тигізді. 
Гуманитарлық ғылымдар жаратылыстану ғылымдарының мәртебесімен 
теңесуге үміткер болғандықтан, ең бастапқы кезден бастап олардың 
өзара қатынастары, өзара байланысы мәселесін шешуге тура келді. 
Барлық білім саласына жаратылыстану әдістерінің ұстамсызданып 
қойылуы гуманитарлық ғылымның мәртебесі және өмір сүру құқығы 
туралы сұрақ мәнді және барлық ғылымдар мен әдіснамалардың 
мәселесіне айналды. Жаратылыстану ғылымдарындағы таным амалы 
неғұрлым тар әрі шектелген сала, рационалды тип ретінде көрсетіледі 
және осы рационалдылық пен таным әдісі бірегейлік пен 
әмбебаптылыққа құқты береді.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда өздерінің құрылымының екі 
құрамдылығын 
танытатын 
«антропологиялық 
параметр» 
және 
«антропологиялық таным» бар. Бір салада ұқсастырылған бірегейлігі, 
абстракция қолданудан алынған әмбебап құрылым (типтерге енетін 
антропологиялық және әлеуметтік белгілердің іске асуы, қайта қалпына 
келуі, кезектесуі) сияқты типизация қабаты біріктіріледі. Басқа салада 
жекелену қабаты жинақталады, оларға өзгеше жағдайларда қимыл 
агенттерінің мәліметін жіберіп отыратын әмбебап құрылымдар 
(әлеуметтік және гуманитарлық субъектілер) жатады.


160 
Жаратылыстану- табиғаттың өзгертілмеген шынайылығымен 
алғашқы объективті зерттеулеріне бағытталған кең танымдық сала; 
жаратылыстану ғылымынан туған білім нысаны ретінде көпжақты; ол 
Materia naturata-ның жалпы пәндік базисін теориялық меңгеруге 
негізделген білім қабаттары, көптеген пәндерді қамтиды.
Сонымен қатар осы танымның фокусында материяны жан-жақты 
сараптау операциялары, нысандар, механизмдер, құрылымдар, 
элементтер, салалы-тірек білім, шекара, өлшем, оның тіршілігінің тиімді 
және қауіпті жағдайларын суреттеу, ортамен өзара әрекеті; типологиялық 
көзқараспен 
алғанда 
жаратылыстану 
эмпирико-феноменалистік 
(суреттеуші) және теоретико-эссенциалистік (түсіндіруші) теориялармен 
қосылады.
Бұдан басқа оның гносеологиялық өзгешелігі жаратылыстанудың 
онтологиялық өзгешеленуін қамтамасыз ететін шынайылықтың белгілі 
бір бөлігімен сәйкес келетіндігінде.
Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың 
құрылуы мен дамуы аясында анықтау, салыстыру, ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын табу үрдісі бар. ХХ ғасыда тарих, әлеуметтану, тіл 
білімі, эстетика, этика, құқық, дін және мәдениет тарихы сияқты 
пәндердің дамуы жаратылыстану ғылымдары және математиканың 
ғылыми білімнің жалпыға ортақ нысаны ретінде одан ары қарастырыла 
алмайтындығын түсінуімізге септігін тигізді.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар негізінің қалануы сол заманда 
дамыған табиғат туралы ғылымдардың белсенді әсерінен басталды; бұл 
әсер жаратылыстану саласының әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу 
саласына парадигмалық импликация сериясы ретінде іске асты; осы 
үрдістің алғашқы кезеңінде шешуші рөлді ХVІІІ ғасырдағы ғылыми 
дамудың неғұрлым дамыған түрі ретінде механика алды; механикалық 
әлем көрінісі жалпы ғылыми әлем көрінісі қызметін атқарды. Сондықтан 
қоғам мен адам туралы ғылымның қалыптасуы ғылыми әлем 
көрінісіқағидасын қолдануға негізделгенәлеуметтік механика ретінде 
жүзеге аса бастады. Осы ғасырдың ғылымы механикалық 
жаратылыстануды өзінің зерттеу бағдарламасы ретінде қолдану арқылы 
қоғам мен адам туралы ғылыми білім құруға ұмтылды; әлеуметтік 
нысандарды жай ғана механикалық жүйе ретінде қарастыру жеңілдету 
болып есептелді. Әлеуметтік нысандар өзіндік қиындығы бар, адам мен 
оның санасын қосатын объектіге жатады; бұл нысандар өздерін 
зерттеуде ерекше әдістерді қажет етеді. Мысалы О.Конт өзі 
қалыптастырған әлеуметтік шынайылық картинасына қоғамның негізгі 
сипаттамасын көрсететін оның тарихи дамуы туралы ойларын қосқан; 
оның тұжырымдамасында қоғам механизм ретінде емес, барлық 
бөліктері толық бірлескен ағза ретінде қарастырыла бастайды; 


161 
байланыстағы әлеуметтік тұжырымдамаға биологиялық ұсыныстар әсер 
етеді. 
Тағы да бір ерекшелік – әлеуметтік-гуманитарлық білімнің 
парадигмалық үлгілерін өзгертудің маңызды сатысы әлеуметтік таным 
әдіснамасының ойталқысы және қоғам мен адам туралы ғылымдағы 
зерттеулердің идеалдары мен нормалары жайлы түсініктің өзгеруі 
болады.
Ғылым тарихынан белгілі, Дильтей рух пен ғылымның табиғат 
туралы ғылымнан қағидалық айырмашылықтары туралы тезис 
қалыптастырды. В.Дильтей, В.Виндельбанд және Г.Риккерт түсіну мен 
түсіндіру, жекелену мен генерализация, бірегей тарихи оқиғаларды 
суреттеуге бағытталған идеографиялық әдіс пен жалпылама заңдарды 
мақсат тұтатын номотетикалық әдісті бір-біріне қарама-қарсы қою 
арқылы айырмашылықтарын ажыратады; әлеуметтік-гуманитарлық 
ғылым нормалары мен идеалдарын баяндауда екі соңғы жиек 
айқындалды: біріншісі олардың жаратылыстану ғылымындағы 
зерттеулері идеалдары мен нормаларының біркелкілігін көрсетсе, 
екіншісі олардың қарама-қайшылығын көрсетті. 
Ал ғылымилықтың дәстүрлі идеалын және ғылым мен білімнің 
басқа да құндылықтарына бағыт көрсеткен сыншылардың ең 
алғашқыларының бірі Ф.Шлейермахер болған; оның пайымдауынша 
философия таза ойлауды (теориялық және жаратылыстану ғылымы) 
емес, күнделікті қалыптасқан өмірді зерттеу керек; философия тарихтан 
және нақты адам тәжірибесінен алшақтай алмайды, оған өнер анализі, 
дін, этика, саясат, тіл жатады. Ф.Шлейермахердің В.Дильтейге үлкен 
әсер еткен маңызды белгілеуінің бірі – біркелкі және жекеленген заңның 
жалпыламаға өту танымындағы өзгерістің қажеттілігі.
Ф.Шлейермахерден Г.Риккертке өтетін дәстүр ғылыми танымды 
жекеленуге бағыттайды; соған сәйкес, «табиғат туралы ғылым» 
(жаратылыстану және математика) бірден «мәдениет туралы ғылымға» 
қайшы келе бастайды. Риккерттің айтуынша, егер де оның соңғы 
мақсаттарын ескерген жағдайда, тарихты жекеленетін мәдениет туралы 
ғылым деп атауға болады. 
Тілді, шығармашылықты, адамның мінез-құлқын тану мүмкіндігі 
туралы мәселені талқылай келе, Дильтей Шлейермахердің ізімен 
танымның түсінікпен бірге жаңа типін байланыстырады. Сондықтан 
оның ойынша түсінік – бұл күрделі герменевтикалық үрдіс, оған үш 
әртүрлі ерекшелік кіреді: өзінің және өзгенің өмірін, оның объективті 
және жалпыға маңызды сараптамасы (түсінік пен жалпылауға сүйенетін) 
және осы өмірдің семиотикалық реконструкциясын интуитивтік жетістік. 
Дилтей үшін түсінік пен онымен байланысты гуманитарлық таным 
зерттеушілердің 
белгілерімен 
(қағидасымен, 
құндылықтарымен) 


162 
анықталады. Ол басқасын терең танымдық-теоретикалық мәселе ретінде 
жету мүмкіндігін белгілейді; «түсіну мүмкіндігінің шарты бойынша 
өзгенің жекеленуін көрсету түсінуші субъектіде жоқ нәрсе болуы мүмкін 
емес».
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның пәндік құрылуының алғашқы 
сәтінен бастап және олардың дамуының түрлі деңгейлерінде әлеуметтік 
ғылымды жаратылыстанумен салыстыру маңызды рөл атқарады. 
В.Дильтей әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда процедура да, таным 
нәтижелері де танушы субъектіге, оның ішкі дүниесіне байланысты 
деген фактіні келтіреді; таным үрдісінде субъект өзінің кешкен өмірін 
бақылаудағы әлеуметтік құбылыстарға айналдырады.
Дильтей түсінік берушінің өзінің жеке ішкі әлемін ұғу керектігіне 
назар аударады және оның ойынша бұл интроспекция, яғни өзін-өзі 
бақылаудың нәтижесінде болатын іс; бұның бәрі әлеуметтік 
құбылыстарды тек суреттеуге ғана мүмкіндік береді, ал ол кезде табиғат 
туралы ғылым да түсінік (түсіндірме) бар: табиғи құбылыстардың 
себептерін іздестіру; рух туралы ғылымның міндеті ретінде ол 
әлеуметтік-тарихи шындықты, оның ұғымын және түсіндірмесін бастан 
өткеру деп білген. 
М.Вебер Дильтейдің танушының белгілеуіне гуманитарлық 
танымның тәуелділігі туралы тезисін осы тәуелділікті зерттеушінің 
құндылықтарымен байланыстыра отыра күшейте түседі; гуманитарлық 
танымға тек кейбір құбылыстарды ғана зерттеу жатады деген дұрыс 
емес, оған бір мезгілде құрылу, мағына, құндылықтар енгізіу де жатады. 
Құндылықтар әлеуметтік үрдістерді реттеу және бағалаудың неғұрлым 
жалпы қағидасы болып табылады, олар сонымен бірге әлеуметтік 
шындықты танудың үйлестірушісі мен құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Ғылымның қазіргі философиясында жаратылыстану ғылымдарын 
дамыту үшін құндылықтардың барлық рөлін ұлғайту негізге алынады, 
бірақ, десек те, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар үшін де үлкен 
маңыздылық 
көрсетіледі. 
Ғылымда 
нормалар 
мен 
идеалдар, 
құндылықтардың болуы дәстүрлі түрде екі деңгейде қарастырылады:
а) ғылыми білімнің әртүрлі нысанындағы объектілерді бағалау және іске 
асыру үрдісін реттейтін жеке танымдық құрылымдар; ә) құқықтық 
дамудың белгілі бір сатысында мәдениет пен қоғам үшін оның 
құндылықтары және ғылымын тіркеп отыратын әлеуметтік нормативтер. 
М.Вебер әлеуметтік үрдістерден тікелей және тура байланыстарды 
қарауға тырысты, ол логика мен білімді олардың басты құндылықтар 
(немесе рационалдылық типтері) динамикасымен бірге жанастыра отыра 
ашып көрсетеді. Ол қоғамды оның ұйымдасуы, мақсаты, уәждері, 
қозғаушы күші тарапынан жүйе ретінде қарастырады: ол әлеуметтік 
білімде идеалды әлеуметтік типтер (әрекет, иелік (құдайшылдық), дін) 


163 
бөлінісін жасап шығарады, оның негізгісі уәждену болып табылады. 
Вебер үшін гуманитарлық ғылымның идеалды объектілері ерекше 
мәртебеге ие: бұл шындық бейнесі емес, зерттеушіге зерттеудің мақсаты 
мен таңдалған көзқарасына сәйкес эмпирикалық материалдарды 
кестелеуге 
мүмкіндік 
беретін 
идеалды-типтік 
құрылым 
(«конструкциялар», «түсініктер»)
В.Виндельбанд және Г.Риккерт сынды неокантианттықтардың 
ойынша, қоғамдық құбылыстар объективті, ортақ белгілер арқылы 
түсінідіріле алмайды, өйткені әлеуметтік әлемде кездейсоқтық билік 
етеді, бұнда барлық құбылыстар жеке қайталанбас сипаттамаға ие; олар 
әлеуметтік 
құбылыстардың 
жекелігі 
мен 
қайталанбастығыны 
құндылықтармен байланыстырды. 
Виндельбандттың пікірінше, тарихи үрдіс саяси, әлеуметтік, 
экономикалық өмірдің қиындық тудырған мәселелерінен шығып 
отырған жаңа құндылықты уәждердің құрылуы мен құлдырауынан басқа 
ештеңе болуы мүмкін емес. 
В.Виндельбанд және Г.Риккерт әдіснаманың екіжақтылығын жалпы 
танымға және қоғамтануға негіздейді; олар таным түрлерін пән бойынша 
емес, әдіс бойынша бөліп, қарама-қарсы қояды: жалпылаушы әдіс біз 
«табиғат» деп атап жүрген пәнді қалыптастырады, ал жекелендіру әдісі 
біз «мәдениет» (номотетикалық және идиографикалық әдіс) деп атап 
жүрген өмір саласын (және оның ерекше көрсеткіштерін) көрсетеді; 
бөлудің әдіснамалық сипаты бар, ол тек қоғамдық ғылымдар мен 
жаратылыстанудың айырмашылығын көрсетуге қатысты емес, сондай-ақ 
«қоғамдық білім» жағдайларына да таралады, онда жалпылаушы да, 
жекелендіруші де пәндер көрсетіледі; бұл әдіснама жеке пән 
түсіндірмесінде қолданыла алады; бұл әдіснама кез келген қоғамтану 
пәні жалпылама және жекелендірілген бола алады дегенді білдіреді. 
Әлеуметтік үрдістерді зерттеуде әмбебап әдіснаманың алға жылжуы 
М.М.Бахтиннің зерттеулерінен көрінеді. Ол үшін гуманитарлық ғылымда 
объект мен субъект бір реттің құбылыстары болғандықтан, осы саладағы 
таным процедурасының өзі кей кезде диалогтік (табиғат туралы 
ғылымдардың монологтігіне қарағанда) болып келеді; танымдық 
диалогта бір жағынан танушыны («бөтеннің бөтендігін» жеңу) 
жақындату керек, яғни оның көздегенін, ішкі дүниесін, әрекетін және т.б. 
түсіну, сонымен қатар, зерттеліп отырған нысанға («бөтеннің таза 
өзіңдікіне» айналуына жол бермеу) бұрмалау қоспау. 
М.М.Бахтиннің шығармашылығындағы гуманитарлық таным 
диалогтік сөйлесу мен арақатынастың белсенді үрдісі ретінде 
көрсетіледі. «Рух туралы ғылымдар, нысаны – бір ғана емес, ал екеуі 
«рухтікі» (бір рухқа қиысуға болмайтын зерттелуші мен зерттеуші). 


164 
Нағыз нысан «рухтардың» арақатынасы мен өзара әрекеті болып 
табылады». 
Гуманитарлық танымның жаратылыстанудан өзгешеліктері мәселесі 
бойынша, Бахтин гуманитарлық ғылымдар бірегей жеке нысандарды 
зерттейді деп санайды; әрбір мәтін (пікір ретінде) жеке, бірден-бір және 
қайталанбас болып табылады және оның артықшылығы да осында; ол 
(өзінің еркін ядросында) не каузалдық түсінікке, не ғылыми көріністерге 
жол бермейді.
Бахтин гуманитарлық ғылым мен жаратылыстану ғылымының 
қайшылығынан бірден бас тарта отыра, олардың өзгешеліктерін нақты 
көрсетіп береді: егер де жаратылыстану ғылымдарында «теңестіру нысан 
болып табылса», онда гуманитарлық ғылымдарды нақтылық «бөтеннің 
өзгейлігін оны өзіндік қылмай-ақ жеңу (әртүрлі ауыстырулар, 
модернизация, бөтенді танымау және т.б.)» болып табылады. 
Бахтин семиотикалық бағыттың көптеген өкілдеріне әсер еткен 
диалог тұжырымдамасының (теориясының) ең атақты авторы болды; 
Бахтиннің пікірі бойынша, өзара әрекет амалының өзі диалог болып 
табылады; кез келген мәдениет әлемімен түйісудің өзі «сұрау мен 
әңгіме», диалог; түсінісу екі сана кездескен жерде пайда болады; түсінісу 
басқа бір түсінуші сана болған жағдайда ғана бола алады. Диалог 
семиотикалық тұрғыда түсінілетін мәтін арқылы ашылады; Бахтиннің 
ойынша, диалог мәтінге қарағанда алғашқы; мәтін сөйлесудің өнімі 
ретінде жүреді; диалог мәтін өндірудің механизмі болып шығады; бахтин 
мәтіннің диалог репликасынан шығатындығын көрсетуге тырысады. 
Бұдан әлеуметтік танымның диалогтік құбылысы танылушы әлеміне 
енетін – басқа субъектіні көрсететін түсінік пен түсіну процедурасында 
толық көрінеді; түсіну процедурасы бірмезгілде және өзін өзі түсіну 
болып табылады; белгілі бір формада диалог мәтін және мәдениет 
түрінде де мүмкін. 
Негізінде әлеуметтік таным әлеуметтік үрдістер мен құбылыстардың 
бағасымен байланысты; әлеуметтік таным танушының сапасына 
қатысты: дүниетанымы, мақсаты, қызығушылықтары, уәждері, белгілері 
және т.б. Әлеуметтік танымның жаратылыстану ғылымының танымы 
сияқты тарихи негіздемесі бар, бірақ соңғы әлеуметтік танымға 
қарағанда өзінің субъект-субъектілік табиғатының арқасында неғұрлым 
нақты әрі көпфакторлы, адамгершілік, саясат, дін, құқық, экономика, 
өнер және т.б. салалардағы кез келген өзгерістерге әрекет жасайды, яғни 
«әлеуметтік сала» түсінігіне кіретіндердің барлығы әрекетке лайық.
Әлеуметтік таным жаратылыстану ғылымдары саласымен 
салыстырғанда көбінесе суреттеуші сипатқа ие болады; нәтижесінде 
осыдан туындайтын теориялар жаратылыстану ғылымы теорияларымен 
салыстырғанда ерекше құбылыс. Ашылатын қоғамдық заңдардың 


165 
өзгешеліктері жалпы мойындалған парадигмалардың жоқ болуымен 
анықталады, ол танушы субъектінің көзқарасына теоретикалық 
сөйлесудің эмпирикалық базасының көпқылылығымен байланысты және 
нәтижесінде сол теориялық құрылымдардың өзінің көпқылылығымен 
түсіндіріледі. 
Шындығына келгенде адами субъектілік әлемді суреттеуге екі типті 
белгі арқылы жетуге болады: қайталанушылықтық жалпы әлеуметтік 
критерилеріне жауап беретін – мәдени-тарихи үрдіс және 
экзистенциялдық заңдармен жеке тұлға мінезін ғылыми-психологиялық 
сараптау арқылы берілетін қоғамтанушылық; осы белгілердің біркелкі 
болмауы олардың материясы құндылықты-мағыналық, уәждік мағынасы 
қатты детерминацияланбағандығымен айқындалады. 
Гуманитарлық сараптама тілдік мазмұнға – меңгеріліп отырған пән 
бойынша танымдық қызметті іске асыруға мүмкіндік беретін арнайы 
түсініктерге, терминдерге ие: диалогтілік, полифониялық, бейнелілік, 
типологиялық, құрылымдық, генетикалық байланыс. Ал гуманитарлық 
материал жекелендірілген, «әлсіз құрылымданған», типологияланған, 
сондықтан оның унификациясы, категоризациясы, артикуляциясы 
қиынға соғады. 
Гуманитарлық білімнің теоретикалық базисінің рөлі айтарлықтай 
салмақты, маңызды: ол толығымен монополияны генерализациялауға 
идеяларды, теорияларды меңгереді; гуманитарлық ғылымдарға басқа 
ғылымдардан бір құрамға біріктірілген іргелі теориялық идеялар 
гуманитарлық 
материалдың 
(натурализмнің, 
биологизмнің, 
экономизмнің тұрпайылық, объектілік белгілері) теориялануына қатысты 
болмады;
Гуманитарлық 
салада 
маңызды, 
қажетті, 
қайталанатын, 
инвариантты, заңға сәйкес байланыстар және қатынастар; инварианттар 
гуманитаристика саласында орын алады. Гуманитаристика заттық-
натуралистік байланыстар емес, құндылықты-мағыналықта әрекет етеді; 
гуманитарлық нысан «табиғаттан тыс». 
Гуманитарлық 
білімде 
модернизация 
мен 
архаизацияның 
сараптаманың тереңдігі мен ақиқатына кепілдік беретін мүмкіндіктерді 
теріске шығаратын историзмнің, нақтылықтың, жан-жақтылықтың, 
шынайылықтың 
талаптары 
ескеріледі. 
Онда 
жекелендіру, 
персонификация, идеографизация субъективизациямен теңеспейді.
Гуманитарлық бiлiм гуманитарлық материалды объективтi-
логикалық өлшеумен жұмыс iстейдi, қажет жағдайда оның субъективтік-
психологиялық өлшемін де қалпына келтіреді. Ол мәдени-тарихи
әлеуметтiк тәжiрибемен куәландырылатын жалпылау мағынасымен 
байланысты. Онда ғылымдарға тән дәлдiк болмайды; соңғысы 


166 
онтологиялық (пәндiк) шартталған және гносеология (концептуалды) 
себептерге негізделген. 
Диалогтілік субъекттiң жауапты белсендiлiгiмен анықталады; 
гуманитарлық танымдық акт - екi әлемдердiң кездесуi, екi авторлық және 
рецепиент - акцепторского; басты ерекшелiк соңғы творчестволық мән, 
оны екiншi автор сияқты таңырлық қатынасқа қосылған; гуманитарлық 
таныстыруды өнiмі – бiрiккен шығармашылық, бірігіп қайғыру, бірлесе 
қызмет істеу, біріккен бiлiм. 
Гуманитарлық бiлiм символикалық (бейнелi); рационалдылық, 
(интерпретация және концептуалдылық) ұғымға жақындатылады, бiрақ 
оларға өтпейдi; мағына басқа мағыналардың негiзiнде ашылады, 
интерпретатордың субъектiнен тәуелдi болады, не алгоритмдеудi мүмкiн 
емес iстейдi, формализация мағыналар. 
Диалогиялық бiлiм бiрмәндi мағыналарды бiлмейдi; мәдени-жеке 
онтологияның тiкелей байлануы гуманитаристиканың пәндiк негiзімен 
ретінде жүредi; гуманитарлық бiлiмнің иррационалды бірегейлік тезисi 
(материал) жасанды көрiнедi. 
Әлеуметтiк-гуманитарлық субъект ерекшелiктерi туралы танымдар 
бiрнеше сатыларда бар: 
а) жағдайындағы әлеуметтiк әлемнiң механизмі қандай;
б) субъект-индивидтің қандай ішкі қасиеттері болуы керек (жеке-
әлеуметтiк танының iшкi детерминациясы); 
в) сыртқы ортаның оны танушы субъект-индевидке және оның 
танымы нәжесіне әрекеті қандай. 
Жалпы 
алғанда 
зерттеушiлік-танымдық 
процедура 
келесi 
кезеңдерден тұрады: мәселенiң қойылуы, дамыту, шешiм мәселеден 
шыққан нәтиже; әлеуметтiк-гуманитарлық пәндердегі танымдық үрдіс 
күнделiктi бiлiммен жүктелген, ол тек қана формализацияланған ғылыми 
процедура емес, одан да кеңiрек үрдіс. 
Конвергенция 
ұғымы 
әлеуметтік-гуманитарлық 
бiлiм 
ұйымдастыруға 
лайықты, 
жаратылыстану 
және 
әлеуметтік-
гуманитарлық ғылымның өзара жақындасу, өзара әрекеттесу, өзара енуін 
білдіреді; ғылыми бiлiмнiң бұл екi салаларының конвергенциясының 
идеясы жақын болады, гуманитарлықтағы сәйкес және қарсы 
көзқарастар табиғи ғылымдардан алшақ бар болады.
Жаратылыстану және әлеуметтiк-гуманитарлық ғылымдардың 
конвергенцияларында екi бағытты ерекшелеуге болады: 
1. Жаратылыстану ғылымдарының әлеуметтiк-гуманитарлыққа енуi; 
2. Жаратылыстану және техникалық ғылымдардың гуманитариза-
циясы. 


167 
Жаратылыстану 
және 
техникалық 
ғылымдар 
әлеуметтiк-
гуманитарлыққа механизация және гуманитарлық ғылымдардық 
ақпараттануыүрдісі арқылы ықпал етедi. 
Психологияда, 
лингвистикада, 
экономикада, 
әлеуметтануда 
зерттеудің түрлі деңгейінде және сатысында математика-статистикалық 
әдiстердi қолдану, әлеуметтiк-гуманитарлық зерттеулерде табиғи және 
техникалық ғылымдардың өнiмдi енгiзудi әсер етуi қолданылды. 
Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдарды 
конвергенциялау процесi оған бiрлескен шешiмнiң процедурасында сол 
бедерлi айқындалады немесе басқа ғылыми және жаттығу мәселелерiнiң 
процесiнде пәнаралық зерттеулерде көрінеді.
Әлеуметтiк және табиғи ғылымдардың өзара әрекеттесулерi нәтиже 
пән аралық зерттеулердiң барлық кеңейтiлетiн жаңа облыстары болып 
табылады: техникалық эстетика, инженерлiк психология, торлық торлық 
экономика тағы басқалар, компьютер компьютер әдеп, ақпараттық 
ақпараттық эпистемология, математикалық психология, семиотика, 
математикалық лингвистика. 
Жаратылыстану және әлеуметтiк-гуманитарлық ғылымдардың енуiн 
процесс төңiрегiнде - техникалық бiлiмдер әдiстер және әлеуметтiк 
ғылымдардың заңдарының қолдануына деңгейдеге ғана емес жүредi, 
керiсiнше ұғынуының бiлiмдердiң табиғи ғылым табылған алуларын 
процесске негiзiнен гуманитарлық ойлауды енуi сонымен бiрге өнерге 
деңгейде. 
Өнер-бiлiмнiң екi түрлерiнiң ерекшелiгi олар ерекшелiкте пәндiк 
негiзделедi облыстар және зерттеудiң әдiстерi; әлеуметтiк және 
гуманитарлық ғылымдарда зат адам тұрды, ол оның санасы және мәтiндi 
жиi сияқты сөз сөйлейдi, болатын адамгершiлiк мағына. 
Әлеуметтiк-гуманитарлық ғылымдардың негiзгі компоненттерi 
мыналар: әлеуметтiк-гуманитарлық зерттеудiң пәні туралы бүтiндiк 
жүйелiк-құрылымдық 
ұсынысты 
тапсырма 
беретiн 
әлеуметтiк 
нақтылықтың көрінісі; идеалдар және (түсiндiру және сипаттама, 
құрылыс және бiлiмдердiң құрастыруы, дәлел және бiлiмдердiң 
дәйектемесi) зерттеудiң нормаларының жүйесi; (заттың схемасы) 
әлеуметтiк нақтылықтың суретiнiң ұштастыруы және тиiстi тарихи 
дәуiрдiң мәдениетiнiң базистiк құндылықтарымен идеалдар және (әдiстiң 
схемасы) әлеуметтiк-гуманитарлық зерттеудiң норма қамтамасыз ететiн 
философиялық негiздер. 
Ғылымның негізі алынған білімнің жүйелілігін қамтамасыз ететін 
және мәдени трансляцияға қосатын нақты міндеттер мен оларды шешу 
құралдарын айқындайтын зерттеу бағдарламасы ретінде қызмет 
атқарады; олардың құрылуы ғылыми білім саласындағы негізгі, жеке 


168 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет