Ылым тарихы мен философиясы


Позитивизмнің бірінші даму кезеңі



Pdf көрінісі
бет8/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#90104
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   107
Байланысты:
Отчет Оперплан по МС 1кв
Позитивизмнің бірінші даму кезеңі. 
Позитивизмнің негізін 
қалаған француз философы Огюст Конт (1798- 1857). 
«Позитивтік философия курсы» атты жұмысында ол 
интеллектуалдық дамудың үш даму кезеңін анықтады: 
1.
Теологиялық, мұнда жоғарғы күштер қызметі басым болған; 
2.
Метафизикалық, мұнда құбылыстар абстрактілі негіз бойынша 
түсіндірілетін; 
3.
Позитивті (ғылыми), мұнда табиғат феномендерін алынған 
заңдылықтар негізінде түсіндіруге болады. 


22 
Ғылымның даму нәтижесінде адам санасы сенімнен жоғары 
болуы тиіс, ғылым діннен, оң білім- теология мен метафизикадан 
жоғары болуы тиіс. Конттың философиясының негізі болжамы 
осыдан туындады. 
Конттың пікірі бойынша позитивті білім барлық білімнің негізі 
болып есептлінеді. Сондықтан, позитивті ғылым –сипаттауға болатын 
шынайылық туралы ғылым. Ғылымның мақсаты – заңдылықтарды 
зерттеу, өйткені тек заңдылықтар болашақты болжауға мүмкіндік 
береді және біздің белсенділігімізді табиғат пен қоғамның өзгерісіне 
бұра алады.
Соңғы мәселені шешу үшін, Конт «әлеуметті физиканы», яғни 
ғылыми әлеуметтануды құруды қажет көрген.
Философ пікірі бойынша позитивті білім әрқашан қатысты, өйткені 
қабылдау процесі – тек құбылыстардың уақытша тізбектілігі және 
олардың кеңістіктік координациясы. Осыдан фактілердің жиынтығы 
имманентті болып табылады. Имманенттілік көзқарасы бойынша – 
позитивті ғылым қағидасы метафизикаға қайшы келеді. Конт 
метафизикалық категорияларды қолдануға қарсы шыққан болатын, 
олар 
«абсолютті 
субстанция», 
«абсолютті 
объект», 
«трансценденттілік» және т.б., себебі аталған талпыныстар абсолютті 
рухтың құпиялы әсерін айқындайды, ал ол өз кезегінде теолого-
физикалық ойлауға тән қасиет болып табылады.
Бірақ, нақты фактілермен қатар Конт абстрактілі түсініктердің 
болуын да мойындайды. Математикалық формулалар көмегімен 
ғылым құбылыс әлемінің уақытты тізбегі мен кеңістікті қатынастарды 
тіркейді. Табиғи заңдылықтарды ретке келтіру мақсатымен Конт 
ғылымдар классификациясын құрған болатын. Осы классификация 
бойынша 
ғылым 
қарапайымдылық 
абстрактілік 
дәрежесіне 
байланысты кеміте орналасқан – математика, астрономия, физика, 
химия, биология, әлеуметтану. Олардың жүйелі реті құбылыстардың 
қарапайым ретіне сәйкес келеді және ол позитивті білімнің даму ретін 
сипаттайды. Математика бірінші орынды иеленді, өйткені ол ең 
қарапайым объектілер туралы ғылым, ол абстрактілі және позитивті 
ғылыми пән ретінде бірінші болып қалыптасқан. Әлеуметтану, 
фундаментальды пәндердің ең соңғысы, өйткені ол өте күрделі, нақты 
және тарихи жағынан кейіннен қалыптасқан ғылым болып табылады. 
Әлеуметтану, басқа пәндерге қарағанда қатаң заңдылықтарды көбірек 
қажет етеді, себебі ол күрделі құбылыстармен көп байланысты. 
Екінші жағынан, оның әр түсінігі байланыстар жүйесіне кіреді, ал 
олар үнемі кеңейіп, нығайып отырады. 
Конт жіктемесінде философия ескерілмеген, өйткені оның 
пікірінше «ғылым өздігінен философия болып табылады». Философия 


23 
міндеті – «әрбір ғылым руханилығын ашу, олардың байланысын және 
қатынастарын анықтау, позитивті әдіске сәйкес қағидаларын қосу». 
Сонымен, философия ғылымдар методологиясына байланысты.
Джон Стюарт Милль (1806-1873), Конт ізбасарларының бірі. 
Оның пікірі бойынша философия ғылыми болуы тиіс және оның 
құрылымы әдістерді ғана қамтып қоймай, сонымен қатар дәлелдерді 
де қамтуы тиіс. Милль еш априорлы немесе интуитивті білімді 
мойындамаған. Әр білімнің негізіне тәжірибе салынған. Милль 
айтқандай, «Тәжірибе шындықтың өлшеуіші және критерийі болып 
келді және ол оның шеңберінен еш аспауы тиіс. Милль үшін 
индукция білімді алудың түбегейлі әдісі болып табылады. Ол 
индуктивті логиканың заңдылықты жүйесін құруға тырысқан. Оның 
көзқарасы бойынша логиканы оқыту ретінде қабылдау қажет және ол 
метафизикамен философиядан алшақ болуы тиіс. Ғылыми 
рационалдылық – адамның ғылым көмегімен бағындырған шыңы, 
олар артта керексіз және ескірген діни және метафизикалық ойлау 
формаларын қалдыру керек. Милль дәлелді негіз ретінде 
ұсынғанымен, ол біздің тарихымыздан алшақтағанымызды білдіреді, 
бірақ ол кейінгі маңызды гносеологиялық және логикалық 
мәселелердің орын алуын мүмкін етеді. 
Осы уақытта, дайын білімнің құрылымына сүйене отырып 
Милль ғылымды философиядан бөледі және олардың арасындағы 
шекараны 
қатал 
демаркациялық 
сызыққа 
айналдырады. 
Н.Г.Чернышевскийдің сөзімен айтқанда ХІХ ғасырдың екінші 
жартысының орыс ғалымдарының көбісі белгілі бір кезеңде Конттың 
философиялық шығармаларының әсерінде болды, олар онда ғылымға 
адал жалғыз философиялық жүйені көрді. Көбірек ерген орыс 
позитивистері–Н.К.Михайловский (1842-1904), П.Л.Лавров (1823-
1900), В.В. Лесевич (1837-1905), Н.И. Кареев (1850-1931) және 
басқалары. Әлем туралы оңтайлы білімдерді реттеу әдістерін, 
иррационализм мен қорқынышқа әсер ететін әдістерді олар тура осы 
позитивті философиядан іздеді.
Конт, Спенсер, Милльдің позитивтік жүйелері шынайлықты 
механикалық түсінудің принциптеріне сүйенетін әлемнің ғылыми 
суретін құрастырды. ХІХ-ХХ ғасырлардың шекарасындағы табиғи-
ғылыми білімнің прогресі кванттық физиканың дамуымен 
байланысты механикалық методологияны сұрақ астына алды және 
бұрынғы әлемнің суретін бұзды. Зерттеулер барысында ғылыми 
тәжірибелердің және адамның сезім мүшелерінің арасындағы
тәуелділік анықталды. Позитивизм бұрын тек қана метафизикалық 
болып саналған мына сұрақтарды қарастыруға тиіс: табиғат туралы 
таным, объект пен субъект арасындағы қатынас, психикалық және 


24 
физикалық қарым қатынасы, тәжірибелердің мінездемесі және 
бастауы туралы т.б.
Позитивизмнің екінші даму кезеңі – эмпириокритицизм (Э. Мах 
(1838-1916), Р. Авенариус (1843-1896)) ғылымның жаңа әдістемелік 
негізін жасау мәселесін қойды.
Табиғаттың бірдей заңдары әртүрлі теоретикалық ұғымдар 
арқылы көрініс табатыны анықталды. Мысалы, бір жағынан, Ампер-
Вебердің электродинамикалық зерттеу программаларының және 
екінші жағынан Фарадей-Максвеллдің ұзақ уақыт бәсекелесуі 
электромагнетизмнің заңдарының әртүрлі құрастыруы мүмкін екенін 
көрсетті.
Эрнст Мах, дүниетануда пайда болған сол методологиялық 
мәселелерді шешуде және құрауда сезімдік танымның білім негізінің 
редукциясынан шықты. «Әлем-бұл сезімдердің жиыны, ғылымның 
міндеті – оларды сипаттау». 
Логикалық анализ және индуктивті тәжірибе жолымен Мах 
көптеген ұрпақтардың практикалық қызметінің нәтижесінде 
қалыптасқан инстинктивті білім мен ғалым жеке тәжірибелерінен 
алынған ғалымдық білімнің арасындағы айырмашылықты бөледі. 
Ғалымның қызметінде ол ғылымдық гипотезаны шығару мен 
теорияларды құраудың ағартушылық үрдісін бөліп көрсетті. 
Теориялардың мақсаты – ғылымдық тәжірибе нәтижесінде алынған 
эмпирикалық 
берілгендердің 
экономикалық 
жүйелігі 
мен 
кодталуының ең оңай әдісі болуында. «Механика. Оның дамуының 
тарихи критикалық очеркі» кітабында өзінің «ойлау экономиясы» 
принципін Мах және Авенариус концепцияларының арасында көп 
ұқсастықтар бар, бірақ Мах өзін ғалым деп санап ғылымды «атом», 
«материя», «субстанция» сияқты метафизикалық ұғымдардан 
босатуға ұмтылды. Мах үшін ғылымның жалғыз ғана функциясы 
болып сипаттау табылады. 
Рихард Авенариус өзін философ деп санады және табиғат 
туралы позитивті ғылымдарға ұқсас етіп философияны қатал ғылым 
ретінде құрауға тырысты. «Эмпириокритицизм» терминін барлық 
тексерілген шындықтарды сыншыл қарастыратын философиялық 
ұстанымды анықтау үшін енгізді. Барлық жерде бәрі үшін бірдей 
әлемнің әмбебап концепциясын алу үшін сын философиялық және 
мифтік ойдан шығаруды жою үшін қажет. «Таза тәжірибеде» 
Авенариус материя және жан, психикалық және физикалық қарама-
қайшылықтарды жоюға тырысқан. Авенариус «субъектісіз объект 
жоқ» деп, тәжірибеде материя мен сана сезім қарама қайшылықтары 
жойылады деп есептеген. Ағартушылық ғылымның психикалық 
механизмдерін, сонымен қоса ғылымдық білімді құрастырудың тиімді 


25 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет