181
Әділеттік тұрғыдағы құқық жалпы философиялық деңгейде
қаралатын мәселенің бастысы.Құқықты теңдік тұрғыда (жалпы
мөлшер
және адамдар еркіндігінің теңдік өлшемі тұрғыда ) түсіну өзінде қажетті
түрде әділеттікті де қамтиды.
Құқық пен заңды ажырату санатындағы үрдісте әділеттік
құқықұғымына кіреді, яғни құқық анықтама бойынша әділет, ал әділеттік
– құқықтың ішкі қасиеті мен сапасы, ол құқықтан тыс (моральдық,
әдептік, діни және т.б. ) категория емес, керісінше, құқықтық категория
және сипаттама.
Сондықтан заңның әділеттілігі немесе әділетсіздігі жөніндегі мәселе
- әрқашанда, шын мәнінде заңның құқықтық немесе бейқұқықтық
сипаты жөніндегі мәселе, яғни оның
құқыққа сәйкестігі немесе
сәйкессіздігі туралы мәселе. Құқық өз ұғымында әрқашан әділет және
әлеуметтік дүниеде әділеттілікті сақтаушы.
Одан да аса айтсақ, тек құқық ғана әділет.Шын мәнінде, әділеттік
тек сондықтан әділетті, өйткені ол өзінде жалпы маңыздылық
дұрыстықты,
туралықты білдіреді, әрі сақтайды және сонымен бірге
өзіннің рационалданған түрінде жалпылық заңдылықты, әділеттікті де
білдіреді, яғни құқықтың мәні мен бастамасын, жалпылық теңдік пен
еркіндіктің құқықтық принципінің мағанасын көрсетеді.
Жалпылаған түрде айтсақ, әділеттік дегеніміз –
құқықтың өзіндік
санаты, өзіндік көрнісі мен өзіндік бағалануы және сонымен бірге
құқықтан тыс тұрғандардың бәрін құқытық тұрғыда бағалау.
Әділеттілікте құқықтан өзге, қандай да бір басқа принцип болмақ
емес және болмайды да. Әділеттіктің құқықтық сипаты мен мәнін
терістеу, әділеттікке қайдағы бір басқа бейқұқықтық бастамаларды –
теңдесітіру немесе артықшылық талаптарын,
кез келген моральдік,
әдептік, діни, дүниеге көзқарастық, эстетикалық, саяси, әлеуметтік,
ұлттық, экономикалық және басқа қағидаларды мүдделерді, талаптарды
тануға, телуге, ауыстыруға әкеледі.
Құқықтық теңдік принципі мен құқықтық реттеу және еркін
субъекттердің
қоғамдық
қатынастарының
қажетті
формасы
тұрғысындағы
құқықтың
жалпылық
және
жалпымаңыздылық
кеңістігінде дәл осы құқықтық әділеттік осы кеңістіктегі әділеттіктің
рөлі мен орнына дәмелі барлық заңдылықтар
немесе заңсыздықтардың
критерийі түрінде көрінеді. Құқықытық әділеттік артықшылықтарды
терістеп және еркіндікті нығайту арқылы құқықты қажетті, жалғыз
мүмкіндік, жалпылық және бәріне бірдей теңдікте орнықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: