1.6 К. Поппер: дүниетаным, ғылым және философия мағынасыз деп атауымыз керек болды, мысалы верификация болашақ
және өткен шақтар туралы мәселелерді қабылдамайды. Үшіншіден,
ешқандай ортақ сипатқа ие тұжырымдар сезімдік верификацияға
жатпайды, өйткені біз олардың қорытынды тексерісін ешқандай
сезімдік сәйкестендірулермен жүргізе алмаймыз.
Верификация принципін теориялардың ғылымилылығының
жалғыз ғана критерийі етіп қоюдың талпыныстары қиындықтарға
ұшырады және оның әлсіреуіне алып келді. Кейіннен верификация
үрдісін толық қолдаған Айер, оның кемшіліктерін атап көрсетті.
Верификация кейіннен дәлелдемемен алмастырылды: сөйлемді
мағыналы деп санау үшін оның верификациясы қажет болған жоқ, ол
белгілі бір сипаттаулармен дәлелденген болса жеткілікті.
Сонымен, Вена үйірмесінің өкілдері ғылым мен философияның
сәйкестігі жайлы маңызды методологиялық мәселелерді алға қойды:
ғылыми білімді құрылымдауы, ғылымның мамандануы, теориялық
білімді
дәлелдеу
принципі
ретінде
ғылыми
верификация
критерийлерін анықтауы.
Карл
Поппер
(1902-1994)
шығармашылығы XX ғасыр-
дың
философиясының
дамуының бір бағыты болып табылады. Қазіргі кезде де оның аты
философияның маңызды мәселелері жайлы дискуссиялардың
ортасында. Поппер еңбектері неопозитивизмнің орнына келген және
постпозитивизм деген атқа ие болған ғылым философиясының
дамуының жаңа кезеңін ашты.
XX ғасырдың бірінші жартысында философия қатаң критикалық
шабуылдарға
ұшырады.
Неопозитивистер
метафизиканы
философиялық білім ретінде жоққа шығарды. Неопозитивизм
метафизиканы шынайы мәселелерді қоя алмауында жауапқа тартты,
ал оның принциптері мен ұғымдарын мағынасыз деп сипаттады.
Поппер метафизика мен философияны жақтап шықты. Оның
осы мәселелер бойынша позициясын келесілер арқылы көрсетуге
болады:
метафизика ғылым болып табылмайды, бірақ ол мағынасыз
емес, және ғылымда позитивті және негативті рөлдерді ойнауы
мүмкін. Поппер ғылыми білімнің дамуындағы метафизиканың рөлін
анықтайды;
ғылым және метафизиканың шекаралық критерийі болып
фальсификациялық принцип табылады;
философия мен ғылым тығыз байланысты.