Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет12/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#90104
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   107
Демаркация 
проблемасы

Бір 
жағынан 
эмпирикалық 
ғылымдардың арасындағы, екінші жағынан математика, логика, 
сондай-ақ 
«метафизикалық» 
жүйелер 
арасындағы
айырмашылықтарды анықтау үшін қажет құралдарды беретін 
философия мен ғылым шекаралығын немесе критерийлерді табу 
мәселелерін Поппер 
демаркация
мәселелері деп атайды. Поппер бұл 
мәселені индукция мәселесімен қатар таным теориясы үшін негіз деп 
санайды. Мұнда таным теориясының басқа да көптеген мәселелерінің 
негізі жатыр.
Позитивистер, Поппердің көзқарасы бойынша, «тәжірибеден 
алынатын» немесе сезімдік тәжірибенің элементтеріне логикалық 
түрде жатқызылатын ұғымдарды ғана ғылыми деп таниды.
Жаңашыл позитивистер (неопозитивистер) ғылымды ұғымдар 
жүйесі ретінде қарастырмайды, керісінше тұжырымдамалар жүйесі 
ретінде 
қарастырып, 
«қабылдау 
ойларының», 
«хаттамалық 
сөйлемдердің» тәжірибесі туралы жай тұжырымдамаларға жататын 
ойларды ғылыми, мағыналы деп таниды. Демаркацияның осындай 
критерийлері неопозитивистермен верификация деп танылады.
Верификация индукциямен байланысты, өйткені «тәжірибелер 
мен бақылаулар нәтижелерінің есебі» болып табылатын жай 
тұжырымдардан әмбебап тұжырымдарды шығаруды ұсынады. 
Неопозитивистердің демаркацияларының критерийлеріне Поппер 
мағынаның 
догмасы 
ретінде 
мінездеме 
береді. 
Поппер 
метафизикалық тұжырымдар хаттамалық тұжырымдарға сәйкес емес 
деген неопозитивистердің қорытындысымен келіседі. Бірақ оның 
айтуынша ғылыми тұжырымдар мен заңдар және теориялық 
құрылымдар да верификациялық емес. «Ортақ заңдар оларды қатаң 
сақтау кездерінің кез келген соңғы сандарының шегінен шығады». 
Бұл тұжырым индукция мәселесімен байланысты. Поппер индуктивті 
әдісті қатаң сынға салады және оны ғылымда жоқ деп санайды.
Индуктивті қорытындылар белгілі болғандай қиыншыл. 
Бақылаудың соңғы сандарының негізіндегі ортақ қорытынды күмәнді 
деп есептеледі. Олардың эмпирикалық дәлелдері негізіндегі ортақ 
тұжырымдардың шынайылығы жайлы қорытынды да негізделмеген.
Поппердің 
есептеуінше, 
эмпирикалық 
дәлелдеулер 
біздің 
теорияларымыздың шындығын анықтауға мүмкіндік бермейді. 
Жұлдызнамаға, 
өмірбаянға, 
бақылауларға 
сүйенетін 
үлкен 
эмпирикалық 
материалдары 
бар 
астрологияны 
қарастырсақ, 
бақылаулардың және дәлелдемелердің үзіліссіз ағыны ғылыми емес 
теорияларды 
«верификациялауы» 
мүмкін. 
Псевдотеориялар 
тәжірибеге сүйене отырып, ғылыми формада болуы мүмкін, бірақ 
ғылымға қарағанда ертегілермен ортақ болады. Поппер осындай 


31 
теорияларға 
З. 
Фрейдтің 
психоанализін, 
А.Адлердің 
жеке 
психологиясын, К.Маркстің тарих теориясын жатқызады.
Верификациялау принципі ғылым мен метафизиканы ажыратуға 
мүмкіндік бермеді. Бірақ одан қандай да бір пайда бар ма? 
Верификация принципінің мақсаты ғылым мен метафизиканың 
демаркациясы ғана емес, соның ішінде метафизикамен күрес болып 
және осы мақсатқа қол жетті. Тілдік анализ философиясының 
өкілдері, Л.Витгенштейннің арқасында, әсіресе Б. Расселдің 
көмегімен 
мағынасыз 
бос 
сөзбен 
мінезделетін 
көптеген 
философиялық шығармалар жоққа шығарылғандығын Поппер 
мойындайды. 
Поппердің 
ойынша, 
«метафизиканы 
жоюда 
позитивистер басқа антиметафизиктерге қарағанда үлкен жетістікке 
жетті». 
Жаңашыл 
зерттеушілердің 
айтуынша, 
логикалық 
позитивизмнің басым болған кезінде ғылым философтарының 
арасында философияға деген қызығушылық өшіп қалды.
Егер верификация принципі метафизика мен ғылымды шектей 
алмаса, онда олардың демаркациялануының критерийі болып не 
табылады?
Поппер верификациялау принципінің орнына фальсификациялау 
принципін алға қояды. «Демаркацияның критерийі ретінде жүйенің 
верификациялануын емес, фальсификациялануын қарастыру керек». 
Жүйенің фальсификациялануы – бұл теориялық жүйені қолдау 
не ақтау формасы емес, оны жоққа шығару принципі. Белгілі бір 
жүйені логикалық түрде жоққа шығаруға болады, сондай-ақ 
тәжірибеге сүйене отырып эмпирикалық түрде де жоққа шығаруға 
болады. 
Поппер 
осы 
екінші 
жоққа 
шығару 
түрін 
фальсификациялаумен байланыстырады.
Табиғи-ғылыми теориялар немесе табиғат заңдары әмбебап 
тұжырымдамалардың логикалық формасына ие. Табиғат заңдарын 
өзгерткенде олар шектеулер түрінде болады. Мысалы, энергияның 
сақталу заңын «Мәңгілік қозғаушы жоқ» деген формада 
тұжырымдамалауға болады. Мұндай формада табиғат заңдары бір 
заттың бар және не болып жатқандығын қаулы етпейді, керісінше бір 
заттың бар екенін жоққа шығарады. Олар кейбір істердің, заттардың 
жоқ екенін қолдайды, оларды шектейді немесе жояды. Осы арқылы 
табиғат 
заңдары 
фальсификацияландыру, 
яғни 
тәжірибемен 
қақтығысуы мүмкін. Поппер метафизикалық, экзистенциялық 
тұжырымдар фальсификацияланбайді деп есептейді. Олардың 
«кеңістікте және уақытта шектері жоқ. Олар жеке, шектелген 
кеңістікті–уақыттылы аумаққа жатпайды». Біз ешқашан болмаған, 
жоқ және ешқашан болмайтын затты анықтау үшін бүкіл әлемді 
зертей алмаймыз.


32 
Поппердің фальсификациялау принципіне анализ жасай келе
мынаны байқау керек, фальсификациялау мен верификациялау – бұл 
теорияның тәжірибемен қарым- қатынасының екі жағы. Поппердің
біреуін тастап кету арқылы екінші жақты ажыратуы, біздің ойымызша 
дұрыс емес. Әрине, теорияның дәлелденуі оның шынайы екенін 
дәлелдемейді. Поппер заңды белгілегендей, егерде біз тапқымыз 
келсе, әрбір теория үшін дәлелдеуші мысалдарды табу оңай. 
Поппердің өзі тәуекелді болжамдар түріндегі делелдердің кейбір 
анықталған түрлерін мойындайды. Сондықтан, мәселе барлық 
дәлелдерді жоққа шығаруда емес, ал делелдердің мамандануының 
анализінде, «дұрыс» және «дұрыс емес» делелдерді анықтауда. 
Делелдерді және оның негізін құрайтын индукцияны жоққа шығара 
отырып, Поппер тану үрдісіндегі тәжірибенің рөлін шектейді.
Егер теорияны жасағанда біз тәжірибеден шықпасақ, сезімдік 
қабылдауға, шынайы заттардың сипатына сүйенбесек және олар да 
бізді «түсінікті теорияларды» жасауға «итерлемесе», онда бұл 
аспектіде теория мен тәжірибе байланысы үзіледі, тәжірибе 
бағаланбайды. Индукцияны толық жоққа шығару анықтаушы 
субъектің теориясының өзімен өзі пайда болуына, априоризмге, 
конвенционализмге, туа біткен білімнің концепциясына алып келеді. 
Иә, біз «теорияның жарығында» бақылаймыз, бірақ бұл бақылау 
теорияны жасаудың импульсі болып табылады. Азамзаттың 
танымының тәжірибесі индукцияның бар болуын насихаттайды. И. 
Ньютонның ғылыми зерттеу әдісі туралы: «Көріністен екі немесе үш 
қозғалыстың ортақ принциптерін шығарып және содан кейін барлық 
дене заттарының іс әрекеті және ерекшеліктері осы принциптерден 
қалай көрінетінің айту керек» деген сөздерін еске салсақ болғаны.
Әрине, Поппердің сынынан кейін индукцияның концепциясы 
түзетулерді қажет етеді. Шынында біздің біліміміз «адам ойының 
тәуелсіз шығармасын» еске түсіреді. Егер де теория бұл «біздің 
әлемге тастаған желіміз» болса, онда осы «желілердің» ұяшықтары 
әлемге сәйкес құрылады.
Фальсификациялануға келсек, онда метафизикалық жүйелердің 
жоққа шығарылмауы екіжайлы. Егер олардың тәжірибе түрінде жоққа 
шығарылуы мүмкін емес болса, онда теория түріндегі жоққа 
шығарылуы мүмкін. Олардың практикалық жоққа шығарылуын есте 
сақтау керек.
Поппер ғылым деп эмпирикалық, тәжірибелі ғылымды 
түсінетінін ескеру қажет. Және осы аспектіде оның «жеткілікті 
түрдегі дәлдікпен фальсификациялау критерийі эмпирикалық 
ғылымдардың теориялық жүйелерін метафизика жүйелерінен 
ажыратады» деген қорытындысы сенімді болып келеді.


33 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет