Іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында болуы үшін бірнеше шарттардың жиынтығының болуы кажет.
Бірінші шарт: нақты қауіп кылмыстық заң корғайтын мүддеге тікелей төнеді. Бұл кылмыстық заңның өзінде тап осы адамның немесе басқа адамдардың өміріне, денсаулығына, құкығына және заңмен корғалатын мүдделеріне, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою үшін істелетін әрекет деп көрсетіліп отыр.
екінші шарты: заң қорғайтын мүддеге зиян келтіру арқылы гана жүзеге асырылады. Мүндай жағдайда ондай зиян, залал келтірмей оны гой- тару ешбір мүмкін емес. Заң қорғайтын басқа мүддеге зиян келтірмей-ақ қауіпті тойтаруға болатын жагдайлар аса қажеттілікке жатпайды. Мүндай жагдайларда мүддеге зиян кел- тіру кінэлі жагдайда зиян келтіру деп саналып, ол үшін қылмыстық қүкық бүзушылық үшін жауаптылық белгіленеді.
Үшінші шарт: Аса қажеттілік болу үшін келтірілген зиянның мөлшері тойтарылған зиянның мөлшерінен кем болуға тиіс. Келтірілген зиян тойтарылған зиянмен бірдей болса да, іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында істеледі деуге болмайды. Ол туралы заңның өзінде «Қүқық қоргау мүдделеріне болдырмай тасталған зиянга тең немесе оған қараганда негүрлым елеулі зиян келтірілген жагдайда аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |