Қылмыстық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады. Қылмыстык заңның міндеттері



бет41/42
Дата07.02.2022
өлшемі43,05 Kb.
#95848
түріКодекс
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Уголовка Семинары

Фактілі қате деп адамның кылмыстык кұкык бұзушылық кұрамының объектісі және объективті жағының белгілері, ягни нақты жагдайлар жөніндегі теріс ұгынуын айтамыз.
Фактілі кате мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Қылмыстык құқык бұзушылыктың объектісі мен заты жөніндегі қате.
2. Әрекет немесе әрекетсіздіктің мәні жөніндегі кате.
3. Себепті байланыстың өрістеуі жөніндегі қате.
Объект жөніндегі қате бірнеше жагдайда болуы мүмкін:
а) қылмыскер белгілі объектіге қолсұғатын болып ойланганымен,ал шын мәнінде баска объектіге зиян келтіреді. Мысалы, адам дәріханадан наркотикалык препаратты ұрлаудың орнына қателесіп, іш аурудың дэрісін ұрлайды. Бұл сияқты катеде субъектінің жауапкершілігі кылмыстык кұкык бұзушылыкты істеген кезде оның ойы неге багытталса, соган байланысты шешіледі. Осы айтылған мысалга сәйкес кінэлінің әрекеті наркотикалык нәрсені ұрлауға оқталганы үшін сараланады.
б) кылмыскер бір объектіге гана қол сұғуды тілейді, ал шын мэнінде бірнеше объектіге зиян келтіреді. Мұндай нактыланбаган касаканалыкпен әрекет істегенде кінэлі адам нақты болған зардап үшін ғана жауапты болады. Мысалы, түн ішінде бей-берекет мылтык атудан көшеде өтіп бара жаткан адамға ок тигізіп каза болса, кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігімен жэне 99-баптың 2-бөлігі «9» тармағымен, яғни орын алган зардапқа байланысты сараланады. Сондай-ак екіқабат әйелді оның екіқабат екендігін білмей қасақана өлтірген жағдайда кінэлінің әрекетін Қылмыстык кодекстің 99-бабының 2-бөлігі «4» тармағымен саралауға негіз жоқ, мүндай ретте іс- әрекет нақты жағдайға байланысты орын алған кылмыстык кұкық бүзушылыктың зардабына байланысты сараланады.
Объект жөніндегі кателіктен кылмыстық қүқық бүзушылықтың заты жэне жәбірленушінің өзі жөніндегі кателікті ажырата білу кажет. Мысалы: бидайдың орнына арпа ұрлау, бағалы кағаздың орнына жалған акша ұрлау. Мұндай әрекеттер кылмыстык қүкық бұзушылықты саралауға әсер етпейді. Жэбірленушінің өзі туралы жіберілген кателіктің мэні сол кінәлі адам белгілі бір адамның орнына қателесіп, басқа бір адамға киянат келтірді. Мысалы, шетелдік мемлекеттің өкілін өлтірудің орнына жай адамды өлтіру немесе өзі діттеген дүшпанын өлтірудің орнына дэл содан аумайтын баска бір адамды өлтіру мүндай реттерде кінэлінің қателесуінің оның іс-эрекетін дүрыс саралауға ешбір қатысы болмайды. Іс-әрекеттің мэні жөніндегі қателік екі жағдайда орын алуы мүмкін. Адам өзінің істелетін іс-әрекетінің зиянды екенін сезіп, тілеп істегенімен, шын мэнінде, оның іс-әрекеті коғамға зиянды болмай калуы мүмкін. Мысалы, жек көретін адамға у беріп өлтірудің орнына кателесіп оған іш аурудың дәрісін ішкізеді, эрекет кісі өлтіруге окталғандық ретінде бағаланады.
Адам өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін сезбегендіктен өзінін істеген әрекетін немесе әрекетсіздігін заңға қайшы емес деп ойлайды. Мүндай реттегі қылмыстык құкык бұзушылык адамды касақана қылмыстык күкык бүзушылық істегені үшін жауаптылыққа тартуға жол бермейді, бірак та сол іс-әрекеті үшін ол адам абайсызда зиян келтіргені үшін кылмыстык жауаптылыкта зиянды зардаптың болуы мүмкін екенін болжауы мүмкін жэне болжауға тиіс болган ретте ғана жауапка тартылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет