Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түрлері
Қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай – қылмыс және қылмыстық теріс қылық болып екіге бөлінеді. Айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығынан шектеу, бас бостандығынан айыру түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыс деп танылады. Қоғамға зор қауіп төндірмейтін, жеке адамға, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке болмашы зиян келтірген не зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет танылады. Негізгі құрам, жауаптылықты ауырлататын құрам, жауаптылықты жеңілдететін құрам.
Негізгі құрам - деп іс-әрекеттің белгілі түрі бойынша онда негізгі, тұракты белгілердің болуын айтамыз. Негізгі кылмыстық кұкық бұзушылықтың қүрамында қылмыстык кұкық бүзушылыкты ауырлататын немесе жеңілдететін жагдайлар көрсетілмейді. Мысалы, Қылмыстықкодекстің 99-бабының 1-бөлігіндегі кұрам негізгі кұрамга жатады. Онда кісі өлтірудің жай түрі гана корсетілген, ауыр немесе жеңіл түрлері айтылмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |