Тікелей қасақаналық – істелетін іс – әрекеттің қоғамға қауіпті мәнін білу, оның қоғамға зиянды зардаптарнының болуы мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білу. Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтындығын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе
Жанама қасақаналық – істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіпті мәнін түсіну оның қоғамға зиянды зардабының нақты мүмкін екендігін алдын ала білу. Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе, немқұрайлы қараса
• Абайсыздық - менмендікпен немесе немқұрайлықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |