Әлеуметтік нормалар дегеніміз - қоғамдық маңызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін, қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы.
1.Әлеуметтік нормалардың мемлекет үшін маңызы 1.1 Әлеуметтік норма ұғымы
Әлеуметтік нормалардың өзіне тән ерекешеліктері бар:
1.Әлеуметтік нормалар қоғамдық сана деңгейімен қабылданады.
2.Тарихи дамудың сатысымен бағаланады немесе айқындалады.
3.Қоғамдық қатынастарлық барлық салаларын реттейтін норма қалыптасады.
Құқықтық нормалар
Әдет-ғұрып нормалар
Діни нормалар
Корпоративтік нормалар
Құлықтылық нормалар
Техникалық нормалар
1.2 Әлеуметтік норма түрлері
2.Әлеуметтік норманың бірі – құқық нормасы 2.1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Құқықтық норманың құндылығы
- құқықтың нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым – қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады;
- құқықтың нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс - әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады;
- құқықтың нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, эканомиканың әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты және тағы басқа демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
- құқық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудығ құралы
Құқықтық нормалардың өздеріне тән арнайы құрылымы болады. Құқықтық нормалардың құрылымы танудың теорияға және тәжірбиеге мәні өте зор. Оны меңгеру, білу арқылы заңгерлер құқықты қолдану процесі қызметінде кеңінен пайдаланады.
Құқықтық норманың құрылымы дегеніміз– қисынды мағынамен оның ішкі мазмұнының элементтерін айқындап көрсету.
Құқықтық нормалардың құрылымы мынандай элементтерден тұрады:
Гипотеза
Диспозиция (мінез-құлық)
Санкция (жаза)
Гипотеза – өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың қолданылуы.
Гипотеза – өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың қолданылуы.
Гипотеза құрамдық мағынасына байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
1) Жай гипотеза бір ғана жағдай болғаңда құқықтық норманың диспозиция іс жүзіне асырылады немесе қолданылады.
2) Күрделі гипотеза екі немесе бірнеше жағдайлар арқылы диспозиция қолданылады
Дәрежелі кесімдік сипаты бойынша болжамдар абсолюттік-кесімді және салыстырмалы кесімді болып бөлінеді.
Абсолюттік-кесімді гипотеза өзінің мәтінінде құқықтық норманы қолданудың және іс жүзіне асырылуының нақтылы жағдайлары мен шарттарын көрсетеді.
Салыстырмалы – кесімді гипотеза құқық нормаларын іс жузіне асыратын субъектілерге арнайы шеңбер көлемінде шарттардың бірнеше мүмкіндіктерін беруді бекітеді.
Диспозиция деп - құқық нормасы бекіткен субъектілердің мінез-құлық ережелерін айтады.
Диспозиция деп - құқық нормасы бекіткен субъектілердің мінез-құлық ережелерін айтады.
Диспозиция құкықтық әдебиетте негізінде екі түрге бөлінеді:
Баяндау тәсілі бойынша
Құрылымы бойынша
Баяндау тәсілі бойынша диспозициялар:
Жай диспозициядабір жағдай болғанда құқықтық норманың жай диспозициясы бір ғана, нақтылы зардаптардың болуын бекітеді.
Суреттемелік диспозиция – субъектілердің мінез-құлықтарының негізгі нышандарын ерекшелеу сипатымен айқынды бастапқылықпен баяндайды.
Сілтеме диспозиция – нормативтік кесімнің басқа баптарына немесе нақтылы норманың баяндалған тармақтарына сілтеу жасайды.
Бланкеттік диспозиция – құқық нормасы өзінің диспозициясында субъектілердің мінез-құлықтарын жалпылама бекітіп, басқа нормативтік-құқықтық кесімдерге сілтеме жасайды.