Имам ғазали жүректің сырлары


Анығында, Алланы ұмыт қалдырып, табынған



Pdf көрінісі
бет107/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары
77 каулы, Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
Анығында, Алланы ұмыт қалдырып, табынған 
пұттарың сендерге ризық-несібе бере алмайды. Ендеше, ризық-несібені 
Алланың құзырынан іздеңдер, бір Аллаға ғана құлшылық жасаңдар және Оған 
әрдайым шүкіршілік етіңдер! Өйткені бәрің де Оған қайтарылудасыңдар
».
365
 
365
 
«Анкабут» сүресі, 17. 
«
Алланы былай қалдырып, тәңір тұтып табынған нәрселерің – құдды өздерің 
сияқты жоқтан жаралған құлдар. Егер оларға сенетіндерің рас болса, қане, 
оларға жалбарынып дұға етіңдерші, дұғаларыңа «жауап бергенін» көрейік
».
366
 
366
 
«Ағраф» сүресі, 194. 
Демек, тілмен шүкіршілік келтіру – шүкіршіліктің бір түрі. 
Риуаяттарға қарағанда, бір күні бірнеше адам әмәуи халифасы Омар ибн 
Абдулазизге (рахматуллаһи аләйһи) зияратқа барады. Араларынан бір жігіт шығып 
сөйлемекші болғанда, халифа: «Ең үлкендерің сөйлесін», – дейді. 
Сонда баяғы жігіт орнынан тұрып: «Уа, мүминдердің басшысы, іс қарияларға қалған 
болса, мұсылмандардың арасында сенен де жасы үлкендер бар емес пе», – дейді. 
Бұл жауапты жақсы көрген халифа ол жігітке: «Онда сен сөйле», – деп рұқсат береді. 
Сонда жігіт: «Біз бір нәрсе тілеп не баспана сұрап келген жоқпыз. Өйткені құрметті 
басшыларың бізге қалағанымызды жеткізді. Әділеттілігің бізден қорқу сезімін кетіріп, 
сенім берді. Біз разылық білдіру үшін келген топпыз, саған өз аузымызбен 
алғыстарымызды айтып, қайта қайтпақшымыз», – деді. 
Тәкаппарлық 
Алла Тағала Құран Кәрімнің бірнеше жерінде тәкаппарлықты және менменсінген 
кісілерді айыптап, сынға алған. 
«
Жер бетінде орынсыз көкірек керіп, дандайсығандарды аяттарымнан сырт 
айналдырамын (яғни, оларды аяттарымды, ақиқатты лайықты түрде түсіне 
алмайтындай етемін). Олар жолымыздың хақ екенін көрсететін қанша дәлел, 
қаншама мұғжиза көрсе де, бәрібір оған иланбайды. Тура жолды көрсе де, оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет