249
Абдулла ибн Мүбәракқа бір кісі келіп, баласының бас имей жатқанын айтып
шағымданды. ибн Мүбәрак «Оны қарғадың ба?» – деп сұрады. «Иә», – деді арызданған
кісі. ибн Мүбәрак: «Оны сен жолдан шығарыпсың! Балаға мейіріммен жұмсақ мәміле
жасау керек», – деді.
Балаға жұмсақ мәміле жасау мустахаб (шариғатта жақсы саналған іс).
Ақра ибн Хабис бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) немересі Хасанды сүйгенін көріп:
«Менің он балам бар, ешқайсысын сүйген емеспін», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз:
«Біреуге мейірім көрсетпеген кісі құдайдан мейірім көрмейді», – деді.
Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) мінберде сөйлеп жатқанда немересі Хасан жерге
жығылып қалды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дереу мінберден түсіп, оны көтеріп алды да:
«Дүние-мүліктерің де, бала-шағаларың да сендер үшін бірер сынақ (яғни сендерді хақ
жолдан тайдыратын немесе адамдықтың кемеліне жеткізетін нәрселер), одан басқа
түк те емес»
607
деген мағынадағы аятты оқыды.
607
«Тағабун» сүресі, 15
Абдулла ибн Шаддад (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) жамағатқа имам
болып намаз оқып жатқан. Сәждеге барғанда, әзірет Хүсейін оның мойнына мініп алып,
Пайғамбарымыз сәждеде көпке тұрды. Артындағылар бір нәрсе болды ма екен деп
ойлады. Намаз біткеннен кейін «Уа, Алланың Елшісі, сәждеде көп тұрғаныңнан біз
саған бір нәрсе болды ма деп ойладық», – деді. Пайғамбарымыз: «Немерем мені көлік
қылып мініп алды. Оның көңілі көтерілсін деп, дереу сәждеден тұрғым келмеді», – деп
жауап берді.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) осы іс-әрекетінен төменгідей пайдаларды көруге
болады:
1) Аллаға жақындық. Пенденің Аллаға ең жақын сәті – оның сәждедегі жағдайы.
2) Балаға жақсы мәміле жасау және жақындық.
3) Осындай сәтте қалай жасау керектігін үмбетіне үйрету».
Алла Елшісі (с.а.с.): «Баланың иісі – пейіштің иісі»
608
дейді.
608
Итхафус сада, 6/320.
Язид ибн Муғауия былайша баяндайды: «Әкем біреуді жіберіп Ахнаф ибн Қайсты
шақыртып алып, оған: «Уа, Ахнаф, бала туралы қалай ойлайсың?» – деп сұрады.
Ахнаф әкеме: «Уа, Мүминдердің басшысы! Олар жүрегіміздің жемісі және тірек-
сүйенішіміз. Біз олар үшін жұмсақ топырақ және баспана болған аспан сияқтымыз.
Әрқандай игілікке олардың себепкерлігімен жетеміз. Сондықтан олар бір нәрсе сұраса
бер. Ашуланса, көңілін тап, саған жақын болсын. Оларға жүк болма, сенен қажып
өліміңді күтпесін және саған көңілсіз мәміле жасамасын», – деп жауап берді.
Сонда Муғауия: «Уа, Ахнаф, сен ішке кіргенде Язидке ашуланып отырғам», – деді.
Ахнаф кеткенде Муғауияның Язидке ашуы тарап, оған екі жүз мың дирхам мен екі жүз
киімді сыйлыққа жіберді. Оны алған Язид Ахнафқа жүз мың дирхам мен жүз киімді
сыйлыққа жіберді.
Достарыңызбен бөлісу: