251
Риуаятқа қарағанда қиямет күні кедей көрші бай көршісін жағадан алып: «Уа,
Жаратқан Ием, бұдан Өзің сұра! Неге шариғатқа лайық маған беретін нәрсені бермеді,
маған есігін ашпады?» – дейді.
Бір кісі үйінде тышқан көбейіп кеткенін айтып кейиді. Оған: «Бір мысық тап», – десе,
ол: «Мысықты сезген тышқандар көршінің үйіне қашса, өзім қаламаған нәрсені көршіме
қалағандай жағдайға түсіп қаламын деп қорқам», – деп жауап береді.
Төмендегі нәрселер негізгі көршілік міндеттер болып саналады: Көршіге жолыққанда
сыпайы сәлемдесу, сөйлескенде сөзді ұзатпау, көп сұрақ сұрамау, ауырып қалса
зиярат қылу, қайғы-қуанышын бөлісу, қателіктерін көрмегенсу, үйін аңдымау, оның
дуалына бір нәрселерді жайып не іліп ашуын келтірмеу, оған тиісті жерден су алмау,
үйінің алдына тастанды, сыпырындыларды төкпеу, өтпек жолдарын тарылтпау, естіліп
қалған отбасылық сырларын жаймау, оның абыройына сөз тигізіп жатқандардың сөзін
бөлу, ол жоғында үйін бақылап, қарап тұру, баласына жақсы сөздерді айту, діни және
дүниелік мәселелерде білмегендерін үйрету.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Көршінің ақылары не екенін білесіңдер ме? Егер жәрдем
сұраса, жәрдем беріңдер. Қарыз сұраса, қарыз беріңдер. Қолы жұқарып қалса, қолдап,
жәрдем беріп тұрыңдар. Ауырып қалса, жағдайын сұраңдар. Көзі өтсе, жаназасына
қатысыңдар. Игілікке жетсе, құттықтаңдар. Басына мүшкіл түссе, көңіл айтыңдар. Одан
рұқсатсыз үйлеріңді оның үйінен биік салмаңдар. Өйткені үйіңіз биік болса, оған келетін
самал желді тосып қоясыңдар. Оны ашуландырмаңдар. Жеміс-жидек алатын
болсаңдар, оған да беріңдер. Егер бере алмасаңдар, үйлеріңе алып келгендеріңді
көрмесін. Балаларыңның қолына жеміс беріп сыртқа шығармаңдар. Өйткені көршінің
баласы оны көріп жыламасын. Қазандарыңда қайнаған еттің иісімен олардың мазасын
алмаңдар. Егер алып келген еттеріңнен көршілеріңе берген болсаңдар, онда еттің иісі
шыға берсе болады», – деп айтты. Одан: «Көршінің ақысы не екенін білесіңдер ме?
Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, көршінің ақысын Алланың мейіріміне ие
болған кісілер ғана өтей алады» деп қосты.
Мужаһид баяндайды: «Бір күні әзірет Омар ұлы Абдулланың жанында отырғам. Ұлы
жанымызда қой сойып, терісін сиырып жатқан. Әкесі оған: «Сойып біткеннен кейін
еттен көршілерге бергеніңде жанымыздағы яһуди көршіден баста», – деді.
Абдулла бұл сөзді ұлына бірнеше мәрте қайталап айтты. Ақырында ұлы: «Әке, қанша
мәрте қайталайсыз?» – деді. Абдулла оған: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) көршілік туралы
өте көп айтқандықтан біз көрші көршінің мирасқоры болады ғой деп ойладық», – деп
жауап берді.
Атақты табиғиндердің бірі Хишам: «Хасан Басри құрбандық етінен яһуди мен
христиандарға берілуін жаңылыс деген емес», – деген.
Әбу Зәрр (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) маған: «Қазан қайнатқаныңда суын
көбірек құй, содан соң көрші үйлеріңнің санына қарап, оларға да бер», – деген».
Достарыңызбен бөлісу: