9
Сол кезде тозақтан таудай үлкен от шығады. Мұхаммедтің үмбеті оны кері қайтару
үшін дұға қылып, былай дейді: «Уа, от, намаз оқығандардың,
ақиқаттан
адаспағандардың, Алладан қорыққандардың және ораза ұстағандардың құрметі үшін
кері қайт». Бірақ таудай от кері қайтпайды.
Сол кезде Жәбірейілдің (а.с.) «От Мұхаммедтің үмбетіне бағыт алды» дегені естіледі.
Содан соң Жәбірейіл (а.с.) су алып келіп: «Уа, Мұхаммед! Мұны отқа шаш», – дейді.
Алла Елшісі (с.а.с.) оны шашқанда, от өшеді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл
қандай су?» – деп сұрағанда, Жәбірейіл (а.с.): «Бұл – сенің үмбетіңнің күнәһарларының
тәубе жасап жылағандағы көз жасы. Алла бұл суды отты өшіру үшін саған беруді
бұйырды», – деп жауап береді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) төмендегідей дұға етті: «
Уа, Жаратқан Алла! Маған жас
шықпай қалардан бұрын Сенен қорқып жылаған екі көз бере көр!
»
15
15
Абдулла ибн Мүбәрак, Аз-зуһд уар-Рақаиқ, 165; Әбу Нуаймин, Хилия, 2/196
Төмендегі екі жол өлеңде күнәлар үшін жылаудың
қаншалық маңызды екендігін
көрсетеді:
«Күнәм үшін жас төкші, көздерім!
Өмір өтті, бірақ оны сезбедім».
Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Көздерінен шіркейдің жасындай жас ағып, жағынан
төмен төгілген мүминге тозақ оты тимейді».
16
16
Ибн Мажа, 4197
Хикая
Абдулла ибн Мунзир
17
жылаған кезде, жүзі мен сақалын көз жасы жуып кетуші еді. Ол
сонда былай деп айтты:«Естігеніме қарағанда көз жасы тиген жерге тозақ оты
тимейді».
17
Андалустық (Испания) амауилерден. 886-888 жылдарда халифалық қызметті орындаған.
Жоғарыда айтылғандар бойынша, шынайы мұсылман пенде Алладан, оның беретін
азабынан және нәпсісінің құмарынан сақтану керек. Сондықтан Алла Тағала былай
дейді: «
Достарыңызбен бөлісу: