Міне, сонда, кімде-кім азғындап, шектен шыққан, әрі дүниенің қу тіршілігін (ақиреттен) артық көрген болса, онда шүбәсіз, оның ақыр соңында барып паналайтын жері сол жалын атқан жаһаннам болмақ! Ал кімде-кім күндердің күнінде Раббысының дәргейіне баратынын ойлап, шынымен қорыққан болса һәм нәпсісін әуейіліктен тыйған болса, шүбәсіз, оның ақыр соңында барып паналайтын жері – жаннат болмақ! »
18
18
«Назиғат» сүресі, 37-41
Кім Алланың азабынан құтылуды, сауабына және мейіріміне жетуді қаласа, бұл
дүниенің қиыншылықтарына шыдасын, сабырлы болып, күнәлардан сақтансын.
«Заһрур-рияд» атты кітапта айтылғандай, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді:
«Пейіштіктер пейішке кіргенде періштелер оларды түрлі тамақтар, сан алуан
сусындар, мейманханалар, орындықтар, қысқасы, пенденің ойына да келмеген
әрқалай нығметтермен күтіп алады. Олар қатты таңғалады. Сонда Алла Тағала:
«Біздің бір уәдеміз бар еді. Соның уақыты келді», – дейді де, періштелерге:
«Жүздеріндегі перделерді ашыңдар!» – деп бұйырады. Періштелер: «Уа, Жаратқан
Алла! Бұлар күнәһар болып тұрып Сенің жамалыңды қайтіп көреді?» – дейді. Алла
Тағала былай дейді: «Перделерді ашыңдар! Себебі олар дүниеде маған келу үшін зікір
қылып, көз жасын төкті».
Сөйтіп көздегі перделер ашылады. Пенделер Алланың жамалына қарап, дереу
сәжде жасайды. Сонда Алла Тағала былай дейді: «Бастарыңды көтеріңдер! Себебі бұл
жер ғибадат жасайтын жай емес, сыйдың жайы». Сонда олардан: «Уа, пенделерім!
Сендерге сәлем. Мен сендерге разымын. Сендер де маған разы болдыңдар ма?» –
10
деп сұрайды. Олар: «Уа, Жаратқан Иеміз! Қайтіп разы болмаймыз? Сен бізге пенденің
құлағы естімеген, көзі көрмеген, ешбір кісінің қиялына келмеген нәрселерді бердің», –
дейді.
«