Имам ғазали жүректің сырлары


Кәпірлер үшін әзірленген отыны адамдар мен тастардан тұратын тозақ



Pdf көрінісі
бет106/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары
77 каулы, Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
Кәпірлер үшін әзірленген отыны адамдар мен тастардан тұратын тозақ 
отынан 
(Аллаға, 
елшісіне 
және 
Құранға 
иман 
келтіру 
арқылы) 
сақтаныңдар
»
362
 
деген аятын естігеннен бері содан қорқып тоқтамай жылап 
жатырмын», – дейді». 
362
 
«Бақара» сүресі, 24. 
Пайғамбар Аллаға жалбарып, ол тасты тозақтан құтқарады. Бірақ бірнеше уақыттан 
кейін кетіп бара жатып, сол тастың тағы жылап жатқанын көреді. Одан: «Енді неге 
жылап жатырсың?» – деп сұраса, тас: «Өткенде қорыққанымнан жылап жатқанмын. 
Енді шүкіршілікпен қуаныштың көз жасын төгіп жатырмын», – деп жауап береді. 
Адамдардың жүрегі де тас сияқты, тіпті тастан да қаттырақ. Бұл қаттылықты қорқу 
және шүкіршілік келтірумен жылап жұмсартуға болады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні: «Қиямет күні «Аллаға мақтау айтқандар орнынан 
тұрсын!» – деп айтылғанда бірнеше кісі орындарынан тұрады. Оларға өзгеше белгі ту 
беріліп, бәрі пейішке жіберіледі», – деп айтады. 
Сахабалар: «Мақтау айтқандар кімдер?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«
Қандай жағдайда болса да Аллаға шүкір келтіргендер
», 
– деп жауап берген. 


139 
Басқа бір риуаятта: «
Баршылықта да, таршылықта да Аллаға шүкір 
келтіргендер
»
363
 
дейді. 
363
 
Табарани, Муғжамул кәбир, 12345. 
Тағы бір хадисте: «
Мақтау (шүкіршілік) – Рахманның киімі
», 
– деп айтылады. 
Алла Тағала әзірет Әйюбпен (а.с.) сөйлескен сөзінде: «Мен сүйген пенделерімнің 
шүкіршілігін сыйлық ретінде қабыл аламын» деп уахи қылған. 
Сондай-ақ сабырлы пенделер туралы: «Олардың жайы – Дарус-сәлам пейіші. Ол 
жайға кіргенде оларға шүкіршілік келтіруді нәсіп етемін, ол – сөздердің ең жақсысы. 
Шүкіршілік қылғанда оларға бергендерімді көбейтемін. Мені көруді нәсіп қылумен 
оларға берген нығметтерімді көбейткен боламын», – деген. 
Байлық жинау туралы аяттардың бірі түсірілгенде Омар (р.а.) Пайғамбарымыздан 
(с.а.с.) «Қайсы байлықты жинайық?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): «
Зікір қылушы 
тіл, шүкір қылушы жүрекке ие болыңдар
»
364
 
деді. 
364
 
Тирмизи, ибн Мажа. 
Мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) байлықтың орнына шүкіршілік қылған жүрекке ие 
болуын бұйырып жатыр. 
Ибн Масғуд (р.а.): «Шүкіршілік – иманның жарымы», – дейді. 
Шүкіршілік жүрекке де, тілге де, дененің кейбір мүшелеріне де тиесілі. 
Біріншісі, жүрекке тиесілі. Жүректің жақсылыққа бағыт алуы және барлық 
жандыларға жақсылық жасау сезімінде болуы. 
Екіншісі, тілге тиесілі. Тілдің Алланы мақтау мәніндегі сөздерді Аллаға шүкіршілік 
келтіру үшін айтуы. 
Үшіншісі, дене мүшелеріне тиесілі. Дене мүшелердің Алла берген нығметтерді оған 
ғибадат жасау мақсатында жұмсауы, оның бұйрығына қарама-қарсы қолданудан 
сақтануы. 
Бұған мысал келтіретін болсақ, көз арқылы жасалатын шүкіршілік – мұсылманның 
бейәдеп кемшіліктеріне көз жұму. Құлақ арқылы жасалатын шүкіршілік – мұсылман 
туралы естіген кемшілікті жасыру. Бұлар көз бен құлақ үшін шүкіршілік жасау қатарына 
кіреді. 
Алланың тағдырына разылық білдіру – тілдің міндеті болған шүкіршілік түрінен. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні таңертең бір сахабадан: «Түнді қалай өткіздің?» – 
деп сұрайды. Сахаба: «Жақсы өтті», – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан 
«Құдайға шүкір, жақсы өтті» деген жауапты алғанға шейін бұл сұрақты қайта-қайта 
қайталады. Ақыры сол жауапты алғаннан кейін «Сенен осыны естігім келген еді», – 
деді. 
Бұрынғы мұсылмандар бір-бірінің жағдайын сұрауды әдетке айналдырған. Олардың 
мақсаты Аллаға шүкіршілік келтіруге жағдай жасау еді. Сонымен шүкіршілік келтіргені 
де, хал-жағдайды сұраумен осыған себепші болғаны да ғибадат сауабын алды. 
Хал-жағдайы сұралған кісі не шүкір келтіреді не өз жағдайынан шағымданады не еш 
жауап бермейді. Шүкіршілік келтіріп жауап беру – ғибадат. Жағдайына наразы болып 
шағымдану – мұсылманға жараспайтын жағымсыз көрініс. Барлық нәрсеге құдіретті 
Алла Тағаланы қолынан еш нәрсе келмеген пендеге шағымдану қайтіп жағымсыз 
болмасын! Басына келген бәлеге шыдай алмаған және еркінің әлсіздігі оны 
шағымдануға итермелеген кісі тікелей Аллаға шағымданса жөн болмақ. Өйткені бәлені 
берген де, оны жіберген де Алланың Өзі емес пе. 
Мұқтажын Аллаға айтқаны бірақ Алладан басқаның алдында шағымдануы 
абыройсыздық. Маңайындағы өзі сияқты әлсіз пенде екенін ұмытып, оған шағымдануы 
жағымсыз көрініс. 


140 
Алла Тағала былай дейді: «...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет