6
(с.
а.с.)
былай дейді: «Кім көзін арам нәрселермен толтырса, Алла Тағала қиямет күні
оның көзін отпен толтырады».
4. Құрсақта: Алладан қорыққан пенде қарнына арам тамақ кіргізбейді. Себебі арам
аспен азықтану – ең үлкен күнәлардың бірі. Бұл туралы Пайғамбарымыз
(с.а.с.)
былай
дейді:
«Адамзаттың қарнына бір тістем арам түссе, сол тамақ ерімейінше, жер-
аспандағы періштелер оған қарғыс айтып тұрады».
4
4
әл-Фауаид әл-Мажмуға, 207-бет; 27-хадис.
5. Қолда: Алладан қорыққан кісі қолын арамға емес, Алланың разылығына лайық
нәрселерге ұсынады. Кәғб
(р.а.)
төмендегі риуаятты айтады:
«Алла жасыл изумрудтан
бір сарай жаратқан. Ол сарайда жетпіс мың үй, әрбір үйде жетпіс мың бөлме бар.
Бұл сарайға өзіне арам нәрсе ұсынылғанда, Алладан қорыққандықтан оны қабыл
алмаған пенделер ғана кіреді».
6. Аяқта: Алладан қорыққан кісі күнә жолына емес, Аллаға ғибадат жасау жолында
қадам аттайды. Ілім алу және жақсы әдеп-ахлақты үйренуі үшін ғалымдардың және
тақуа пенделердің мәжілістеріне барады.
7. Құлшылықта: тақуа пенде Алланың разылығына жету үшін оған бас иеді. Ел көрсін
деуден, басқаларға өзі не ісі туралы мақтанудан және екі жүзділіктен сақтанады.
Адамның алты мүшесінде және жасаған ғибадатында сол нәрселер бар болса, онда
Алланың:
Достарыңызбен бөлісу: