19
жалғыз қалып, Аллаға болған сүйіспеншілігін күшейтуді жақсы көреді. Мұнафық
жалғыздықты жақсы көрмей, әрдайым басқалармен араласып жүргісі келеді. Мүмин
түзетуді жақсы көреді, жамандықтан тыйылады. Мұнафық болса жамандықты
жақсы көреді. Мүмин Алла бұйырғаны үшін жамандықтарды тоқтатып, ізгі істерді
қылуға ұмтылады. Мұнафық болса өз пайдасын ғана көздейді. Тіпті жаман істерге
шақырып, жақсы істерге бөгет болады
».
Бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Мұнафық – екі отар қойдың ортасында
біресе бұл отарға, біресе әлгі отарға қосылуға әрекет жасап, бірақ екеуіне де
бөтен болғаны үшін олардың ешбіріне қосыла алмаған қойға ұқсайды
»
36
,
– деген.
36
Мүслим, 2784; Нәсаи, 5037; Табарани, Муғжамул Аусат, 2604; Хайсами, 18573.
Соған ұқсап екі жүзді (мұнафық)
кісілер де бәріне жат болып, имандыларға да,
имансыздарға да қосыла алмайды. Алла Тағала бұлар үшін тозақты жеті есікті қылып
жаратқан. Себебі Құран Кәрімде: «
Достарыңызбен бөлісу: