17
жасап жатырсың. Аллаға құлшылық жасасаң, ғибадаттың ләззатын татасың», – деп
жауап берген екен.
Бір кісі намазға тұрып, «Саған ғана құлшылық жасаймыз» деген аятты оқығанда,
шынында, өзін Аллаға ғибадат жасап жатырмын деп ойлайды. Сонда ғайыптан:
«Жалған айтып жатырсың. Сен мақұлықтарға ғибадат жасайсың» деген үн естіледі.
Сол оқиғадан кейін ол елден аулақтап, намазын қайта басынан бастайды. «Саған
ғана құлшылық жасаймыз» дегенде, «Жалған айтып жатырсың. Сен киімдеріңе сиынып
жүрсің», – деп қайтадан баяғы үн естіледі. Сонда ол кісі үстіндегілерден басқа барлық
киімдерін садақа қылып таратып жібереді. Содан соң намазға тұрады, «Саған ғана
құлшылық жасамыз» деген аятты оқығанда, баяғы үн қайтадан естіліп: «Міне, енді тура
айттың. Жалғыз Жаратқанға құлдық қыла бастадың», – дейді.
Бір кісі қаптарын кімге бергенін есіне түсіре алмай жүреді. Бір күні ол намазда тұрып
кім алғанын есіне түсіреді. Нәтижеде қызметшісіне: «Пәленше кісіге барып қаптарды
алып келші», – дейді. Қызметкері одан: «Оны қашан есіне түсірдіңіз?» – деп сұрайды.
«Намазда тұрғанда», – деп жауап қайтарады әлгі кісі. Сонда қызметкері: «Қожайыным,
сен намазда Алланы емес, қаптарды іздеген екенсің», – дейді. Бұл сөзді естіген
қожайын, қызметшісінің иманы бекемдігін түсінеді де, оны азат қылады.
Ақылды пенде дүниені тастап, Аллаға ғибадат жасап, келешегін ойланып, ақырет
бақытын тілеу керек. Құран Кәрімде бұл туралы былай деп айтылады: «
Достарыңызбен бөлісу: