Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет8/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Алла 
құлдарына 
өте 
шарапатты. 
Қалағанына 
(қалағанынша) ризық береді. Ол – шексіз күш-қуат иесі, бәрінен үстем һәм 
құдіретті
»
24
 
деген аятының баянын міне сол жерден көруге болады. 
24
 
«Шура» сүресі, 19 
Ибн Ата былай деген: «Пенденің шынайы мүмин болып-болмағаны қиыншылықта не 
төрт құбыласы түгел кезде білінеді. Төрт құбыласы түгел кезде шүкір қылып, басына 
бәле келгенде шағымданып жылаған кісі өтірікші». 
Егер біреу адамдардың және жындардың бүкіл іліміне ие болып, бірақ басына бәле 
келгенде шағымдана бастаса, ол ғалымға ілімінің және жасаған жақсы істерінің 
ешқандай пайдасы болмайды. Өйткені Алла Тағала бір құдси хадисте былай дейді: 
«
Кім Менің тағдырыма разы болмаса және Мен берген нығметтерге шүкір қылмаса, 
өзіне Менен басқа құдай іздесін
».
25
 
25
 
Табарани, Муғжамул кәбир, 22/320; Дайлами, 169; Хайсами, 7/207 
Уәһб ибн Мунаббиһ төменгідей риуаят етеді: «Пайғамбарлардан біреу Алла 
Тағалаға елу жыл ғибадат жасады. Алла Тағала оның күнәларын кешіргенін 
хабарлағанда, ол пайғамбар: «Уа, Жаратқан Ием! Сен кешіргендей күнә да қылмадым 
ғой?» – дейді. Бұл жауапты естіген Алла оның мойнындағы тамырларының бірін тез 
соғуға бұйырды. Нәтижеде ол пайғамбар түнімен ұйықтай алмай шықты. Таң ағарғанда 
жанына келген періштеге түнімен тартқан азабын айтып берді. Періште: «Алла Тағала 
саған: «Елу жылдық ғибадат сол тамырдағы аурудың (болмау үшін шүкіршілікке) де тең 
емес», – деп айтады», – деді. 
Нәпсіні тәрбиелеу 
Алла Тағала бір аятта пенделерін былай деп ескертеді: «
Әркім ертеңгі ақиреті үшін 
(не істеп, о дүниеге) не жолдағанына көңіл аударсын. Аллаға шын көңілден 
тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Шүбәсіз, Алла 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет