119
серіктес істе алдаған, ақысын жеген кісілердің күнәлары» деген жауапты аласың және
сол күні қандай жағдайда қалар екенсің?!
Ибн Масғудтың (р.а.) риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Шайтан Ислам дүниесін
пұттарға сиынтудан үмітін үзген. Бірақ кейбір қателерді жасағандарыңды
жеткілікті көреді. Олар – әділетсіздіктер. Демек, қолдан келгенше әділетсіздіктен
сақтаныңдар!
»
– деп айтқан.
Өйткені пенде қиямет күні таудай ғибадаттарымен Алланың алдына келеді. Оның
жасаған ғибадаттары тозақтан құтылуына жеткілікті болмақ. Бірақ сол сәтте біреу шыға
келіп: «Уа, Жаратқан Ием, бұл кісі маған әділетсіздік жасаған» – дегенде, Алла Тағала:
«Олай болса оның жақсылығын сен ал» деп бұйырады. Солайша сауаптары өшіріліп
отырып, аяғында ешбір жақсылығы қалмай қалады. Бұл жолдағы керуенге ұқсас. Олар
бір жерге тоқтап қалады. Жандарында отыны жоқ. Жолаушылар шартарапқа жайылып,
отын іздеп жүреді. Біршамадан кейін бір құшақ отын жинап, от жағады. Күнәлар да
соған ұқсайды»
299
.
299
Мүслим, Ахмад ибн Ханбал, Байхақи.
«
Достарыңызбен бөлісу: