Имам ғазали жүректің сырлары


(Уа, адамдар!) Сендерден жаһаннамның басына



Pdf көрінісі
бет94/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары
77 каулы, Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
(Уа, адамдар!) Сендерден жаһаннамның басына 
бармай қалатын (соқпай кететін) ешкім болмайды. Бұл – Раббыңның (мөрі 
басылған) кесімді үкімі. Содан кейін Аллаға асылық қылудан қорыққан тақуа 
жандарды құтқарып, есесіне (Аллаға өзгелерді серік етіп қосу һәм күпірлік қылу 
арқылы ең үлкен зұлымдықты жасаған) залымдарды жаһаннамда тізе бүккен 
күйі қалдырамыз
»
316
.
316
 
«Мариям» сүресі, 71-72. 
Демек, сенің тозаққа барарың анық болғанына қарамай, одан қайта шығарың да 
күмәнді. Оған кіріп қалу қорқынышын жүрегіңде сезсең, бәлкім, ол жерге түсуден 
сақтанасың. 
Адамдар ақырет азабынан қиналып, ол күні қорқу және қиыншылықпен тікесінен тік 
тұрып, бастарына нелер келетінін білуді және құтқарушылардың шапағатын күтеді. 
Міне, сол сәтте күнәһарларды күйдірген бұлттар қаптап, жалындаған от оларды орап 
алады. Бұл оттың гуілдеген үні бәріне естіледі. Оның у шашып, күркіреп күйгені 
естілгенде күнәһарлар бастарына келген бәлені анық түсінеді. Тіпті жақсы пенделер 
де жағдайларының нашарлауынан қорқады. 
Забанилердің (азап беруші періштелердің) бірі: «Фәни дүниеде өмір сүріп жатқанда 
құрғақ қиялдардың жетегінде кетіп, өмірін жаман істерге қорлатқан пәленше ұлы 


126 
түгенше қайда?» – дегенде, азап періштелері күрсісін қолға алып, сол кісінің алдына 
ентелеп барады. Қорқытып, үркітіп, ауыр азапқа тартады. Оның басын тозақтың дәл 
ортасына бұрады да, Құранның тілімен: «
(Содан кейін әлгі кәпірге): «Ол енді 
(жаһаннам азабының дәмін) тат! Сен (дүниеде өз пайымдауыңша бәрінен) үстем 
әрі құдіретті һәм асыл текті бекзат емес пе едің?!
»
317
 
деп айтады. 
317
 
«Духан» сүресі, 49. 
Сонда пенде тар, шығар жері белгісіз бір жерге қамалады. Бұл жай – күнәһарлардың 
мәңгілік баспана қылатын жайы, ол жерде от күйіп тұрады. Тозақылардың ол жердегі 
сусындары – қайнаған су, тұрағы – «жахим» (тозақтың бір қабаты). Тозақыларды бір 
жағынан забанилер тоқпақтаса, екінші жағынан «хауия» (жалынды от) оларды бір 
жерге жинайды. Олардың жақсылықтан үміті үзілген, аяқтары маңдайларына 
байланған. Күнәлар жүздерін қарайтқан. Тозақтың әр бұрышынан «Уа, Малик 
(тозақтағы періште), қорқынышты ақыбетке душар болдық. Уа, Малик, күрсінің 
соққысына шыдай алмай қалдық. Уа, Малик, теріміз күйдірілді. Уа, Малик, бізді бұл 
жайдан шығар, енді бұлай жасамаймыз» деп айқайлайды. 
Забанилер осылай айқайлаушыларға: «Бұл азаптан құтыла алмайсыңдар. 
Үндемеңдар! Егер бұл жайдан шығарылсаңдар, қайтадан арам нәрселерге 
ораласыңдар», – деп жауап береді. 
Забанилердің бұл жауаптарын естіген тозақылар азаптан құтылудан үміт үзеді. 
Дүниеде Алла тыйым салған істерді жасап, күнә жасағанына қайғырады. Бірақ өкініш 
те, қиыншылық та олардың қайғысын баса алмайды. Керісінше шынжырларға 
байланып, етпетінен жатқызылып, алдынан, үстінен, оң-солынан жалын жалмап, от 
дариясына батады. 
Жегені от, ішкені от, кигені от және жатқан жерлері от болады. Олар от үйінділерінің, 
от киімдердің, темір күрсінің соққыларының және шынжырлардың алдында езіледі. 
Тозақ оты оларды ошақтағы қазаннан бетер бұрқылдата қайнатады. 
Айғайлап шыңғырады. Олар шыңғырған сайын бастарынан төмен ішек-қарнын және 
терілерін күйдірген қайнаған сулар төгіледі. 
Олар үшін дайындалған күрсілер бар. Тозақылардың ауыздарынан ірің ағып, қатты 
шөлдеп, өзектері өртенеді. Көз қарашықтары ағып, жақ төмен салбырайды, шаштары 
түсіп, жақ еттері, бүтіндей денесінің терілері сыпырылады. Терілері күйген сайын оның 
орнына жаңадан тері қаптайды. Еттері сылынып түсіп, қаусаған сүйектері қалады. 
Жандары тамырларында ғана болады. Оттың ішінде шыжғырылады. Өлгісі келеді
бірақ өле алмайды. 
Оларды мынадай көріністе көрсең қандай жағдайда қалар екенсің. Бастарынан 
төмен төгілген қайнаған сулар жүздерін қап-қара қылып, көздері соқыр болып, тілден 
қалады. Белдері сынған, сүйектері ажыраған, құлақтары кесілген, терілері үзік-үзік 
болып, қолдары мойындарына байланады. Аяғы аспаннан келіп, оттың үстінде сүңгиді. 
Көздері қызарған темірлерге қадалып, жалындаған от ішек-қарнын жалмайды. 
Тозақтың жылан, шаяндары денелеріне жабысады. 
Біз суреттеген нәрселер тозақтың кейбір жағдайларын бейнелейді. Енді олардың 
қорқынышты жағдайларының кеңірек суреттелуіне назар сал. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет