Иманқұлова С. М. 1, Абдрахманова Ж.Ә



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата29.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#115854
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6 эссе

Эксперимент

Жаңа  ғасырдың  өзегі  болып  табылатын 

ақпараттық  технологиялар  өз  орнын  дамудың 

жаңа  кезеңі  –  Smart-экономика,  Smart-оқыту, 

Smart-қоғам сияқты жаңартылған педагогикалық 

технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасай

-

тын смарт-технологияларға босатты. 



Сонымен 

Smart,  Smart  білім  беру  дегеніміз 

не?

Smart

 

–  Self-directed,  Motivated,  Adaptive, 

Resource  free,  Technology  embedded  сөздерінің 

акронимі  (бас  әріптерінің  қысқарған  түрі), 

білім  беруді  жеке  тұлғаға  бағыттап,  оның 

қызығушылығын  оятуға,  технологияларды  пай

-

далана  отырып  электронды  ресурстарға  еркін 



қолжетімділікке ие болу дегенді білдіреді. 

Smart  білім  беру

 

тұжырымдамасы

  –  үлкен 

көлемдегі әр түрлі білім ресурстарының (аудио, 

видео,  графика)  тыңдаушыға  қажетінше  оңай 

әрі  жылдам,  ыңғайлы  түрде  жеткізілуі.  Соны

-

мен қатар Smart білім беру оңай басқарылатын 



және  әрдайым  сыртқы  білім  ресурстарымен 

толығып  отыратын  болуы  тиіс.  Smart  education 

немесе ақылды білім беру – бұл ыңғайлы түрде 

интерактивті  ортада  жүзеге  асырылған  әлемдік 

деңгейдегі  қолжетімді  контент  арқылы  білім 

беру болып табылады. Smart education түсінігінің 

негізі  ол  кең  ауқымды  қол  жетімді  білім  ре

-

сурстары.  Smart  education  барлық  білім  беру 



үдерістерін  және  осы  үдерісте  қолданылатын 

барлық  әдістер  мен  технологияларды  түгелдей 

жаңартуды жүзеге асырады және 

ақылды тақта, 

ақылды  экран

,  кез  келген  жерден  интернетке 

қосылу  сияқты  жаңа  технологиялардың  туын

-

дауына  себеп  болады.  Осы  пайда  болған  жаңа 



технологиялар  контентті  жасақтап,  жүйелеп, 

пайдаланушыға  жеткізеді.  Соның  арқасында 

білім беруді жүзеге асыру тек аудиторияда ғана 

емес, кез- келген жерде: үйде немесе мұражай, 

кафе сияқты қоғамдық жерлерде де мүмкін бо

-

лады.  Яғни  білім  беру  үдерісінің  кез  келген 



қатысушысы  (студент  пен  оқытушы)  интернет 

желісі  арқылы  ортақ  контентті  белсенді  пайда

-

лана алады. 



Соңғы  жылдары  SMART-технология  ұғы-

мы,  яғни  ақылды  оқыту  пайда  болды  және 

Smart  қала,  Smart  фон,  Smart  құрылғы,  Smart 

қондырғы, Smart орта деген тіркестерді жиі естіп 

жүрміз.  Яғни,  E-learning  орнына  Smart-learning 

келуі,  ақпараттық  қоғам  орнына  «smart  қоғам» 

қалыптасуы біздің елімізге де келіп жетті. 

Smart-оқыту дегеніміз – ХХІ ғ. білім берудің 

ЮНЕСКО  ұсынған:  «барлығы  үшін  және  өмір 



ISSN 1563-0323                              

Eurasian Journal of  Philology: Science and Education. №2 (174). 2019

223

Иманқұлова С.М., Абдрахманова Ж.Ә.



бойы білім алу» ұстанымын Life Long Learning 

(LLL)  негізге  алатын,  «кез  келген  жерде,  кез 

келген  уақытта»  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне 

қолжетімді оқыту түрі. 



Smart-оқытудың  ең  басты  мақсаты

  – 


бәсекеге  қабілетті  жоғары  білім  беру  есебінен 

білім  алушылардың  білім  деңгейін:  әріптестік, 

қарым-қатынастық,  әлеуметтік  жауапкершілік, 

сыни  тұрғысынан  ойлауға  бейімділік  және 

мәселелерді  тез  әрі  сапалы  шешуге  дайындау, 

білім беру үдерісін электрондық ортаға көшіру 

арқылы  оқытудың  тиімділігін  арттыру  болып 

табылады.  Білім  беру  шекарасы  кеңейіп  білім 

алушылар  саны  көбейіп  қана  қоймай,  уақыт 

және орынға байланысты шектеулер болмайды. 

Білім беруді кез-келген жерде кез-келген уақытта 

ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.

Қазіргі  таңда  Smart  технологияны  өндіру-

шілер  –  Сингапур,  АҚШ,  Малайзия,  Кана

-

да,  Оңтүстік  Корея  және  т.б.  елдер.  Мысалы, 



Оңтүстік  Кореяның  тәжірибесі  тіпті  керемет, 

ол 1997 жылдан электронды оқытуды енгізген, 

бүгінгі таңда 20 киберуниверситтегі қызметтер 

тек  электронды  режимде.  Қазір  Оңтүстік 

Кореяның 4,4 млн. студенті электронды оқыту 

жүйесіне  қосылған,  бұл  елдің  тұрақты  дамуы 

үшін  таптырмайтын  ресурс.  Мұндай  қадам 

қоғам  дамуына  оң  нәтиже  беріп,  уақытты 

үнемдеуге,  тәулік  бойы  білім  алуға  мүмкіндік 

береді  әрі  тиімді.  Корея  университетіндегі 

білім  беру  жөніндегі  бас  хатшы  профессор 

Де-Джун  Хванның  пікірінше,  барлық  елдегі 

Үкімет бұл өзгерістердің алдында болуы керек 

деп  санайды.  Осыған  байланысты  Smart-білім 

берудің  негізгі  кілті  –  тұрғындардың  түсінігін 

өзгерту мен өзгеріске деген уәжділіктері болып 

табылады.  

Кореядағы  16  білім  беру  департаменті  өз 

білім беру курстарын жасақтап, еркін тәжірибе 

алмасуға,  қаржы  үнемдеуге  мүмкіндік  береді. 

Үкімет ашық желіні қолдануға мән беріп, басқа 

елдермен байланыс орнатады. Жоғары білім ту

-

ралы дипломның танылуына күш салады. 



Малайзияда  1999  жылдан  4  кезеңге 

ұйғарылған  «Смарт-мектептер»  (1999-2020  гг.) 

жобасын  іске  асыру  басталды.  1  кезең  –  1999-

2005 жж. – АҚТ-ды пайдаланып мектептік бас-

қару  мен  сабақ  берудің  озат  практикасы  бар 

модельдік  мектеп  ретінде  «88  смарт-мектеп» 

пилоттық  жобасы,  бұл  мектептер  электрондық 

оқытудың  техникалық  және  бағдарламалық 

құралдарымен жабдықталған

2  кезең  –  2002-2005  жж.  –  смарт-мектептер 

қағидаларын нығайту (пост-пилот);

3 кезең – 2005-2010 жж. – елдің барлық 10000 

мектебінің базасында смарт-мектепті құру;

4 кезең – 2010-2020 жж. – смарт-мектептердің 

технологияларын тұрақтандыру. 

Жобаны іске асыру мен енгізу бойынша білім 

беру  ұйымдарының  нәтижелігін  сараптау  және 

бағалау үшін KPI индикаторы анықталынды және 

1-ден 5-ке дейін жұлдыздармен бағаланатын төрт 

параметр:  системаны  пайдаланудың  жай-күйі, 

адамзаттық капитал, пайдаланылатын қосымша 

бағдарламалар,  техникалық  инфрақұрылым 

бойынша  Smart  School  Qualification  Standards 

негізінде бағалау жүйелері енгізілді (Elektrondy 

okytydyn tyzhyrymdamasy, 2011: 17).

Қазір  елордамызда  да  «Smart  City»  жоба

-

сын  жүзеге  асыру  басталды.  Нұр-Сұлтан,  Ал



-

маты  қалалары,  кейін  Шымкент,  Ақтөбе  және 

Қарағанды  қалалары  қосылып,  ақырындап  об

-

лыс  орталықтарына  да  жетпекші.  Әрбір  қала 



тұрғындары инфрақұрылымдық мүмкіндіктердің 

арқасында жайлылыққа, қауіпсіздікке, тиімділік-

ке  қол  жеткізіп,  экологиялық  жағынан  таза 

қалада, «ақылды қалада» тұруға мүмкіндік ала

-

ды деп ойластырылған.



Smart-технологиялар  инновацияға  негіздел-

ген  «ақылды»  нысанды  ойлап  тауып,  зат  пен 

құбылыс  туралы  түсінікті  өзгертуде.  Smart-

қоғамның  адамдары  –  ойлау  жүйесі  дамыған, 

шы ғар  ма шылық  қасиеттері  басым,  әлеуеті 

креатив тілікке  бейім,  жаңаша  ойлай  білетін 

және тез және жылдам жұмыс істей алатын жаңа 

ғасыр мамандары. Олар ақпараттық мәдениетті 

жыл дам тауып, тиімді пайдаланып қана қоймай, 

сауатты пайдалана білетін дағдыға ие болуы да 

маңызды.

Әлемдегі  көптеген  елдерде  білім  беру 

контенті,  соның  ішінде  электронды  білім  беру 

ресурстары  арзан  болып  келеді  және  «бұлтты» 

серверде  сақталады.  Компьютер,  планшет, 

смартфон, смарт-теледидардан мультимедиалық 

интербелсенді  электронды  білім  беру  ресур

-

стары арқылы тез кіруге мүмкіндік береді. Ин



-

тернет арқылы білім беру қызметінің ең негізді 

артықшылығы – мультимедиалық интербелсенді 

электронды  білім  беру  ресурстарының  әлемнің 

кез-келген қашықтығынан шегі жоқ тұтынушы-

ларға қызмет көрсетуі. 

Қазіргі таңда Интернетте көптеген тегін оқу 

материалдарын,  интернет-курстарды  ұсынатын 

Интернет-порталдарды табуға болады. Мысалы, 

Coursera, Мuks 8000 сағаттық контентке және 57 

млн. жүктеулерге мүмкіндік береді. 

Білім  мен  біліктілік  деңгейін  көтеруге 

арналған ең үздік тегін курстар төмендегідей: 



Хабаршы. Филология сериясы. №2 (174). 2019

224


Смарт білім беру технологиялары

1.  Massachusetts  Institute  of  Technology  – 

mit.edu  –  OpenCourseWare  Университетінің  жо

-

басы 1800-ден аса тегін курс ұсынады.



2.  Open University – open.ac.uk – OpenLearn 

сайты  университеттің  курстық  материалдарына 

тегін мүмкіндік береді. .

3.  Carnegie  Mellon  University  –  cmu.edu  – 

Open Learning Initiative бағдарламалары арқылы 

тегін online курс пен материалдарына мүмкіндік.

4.  Tufts 

University 

– 

tufts.edu 



– 

OpenCourseWare  университет  бағдарламасына 

барлық тұтынушылар үшін ашық. 

5.  Stanford – stanford.edu – Stanford универ-

ситеті,  әлемдегі  ең  үздік  оқу  орны,  Стэнфорд 

курсына мүмкіндік береді. 

Көптеген  елдерде  электронды  білім  беру 

ортақ пайдаланылып келеді, мысалы АҚШ-тың 

90%-дан астам университеттері мен мектептері 

оқытудың бұл түрін кеңінен қолданады. 

Мұндай  ашық  желілік  байланыс  цифрлық 

технологияларды пайдаланудың негізін құрауға 

сеп болады деп есептейміз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет