Дәріс 8. Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде
Жоспар:
1. Дүниетанымның негізгі компоненттері мен мәні.
2.Оқушының дүниетанымын қалыптастыру жолдары мен құралдары.
Дүниетаным дегеніміз обьективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі. Дүниетанымның компоненттері: білім, дүниетаным, сенім, мұрат, көзқарас, қарым-қатынас, мінез-құлық, этностық сана.
Білім - обьективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғатының және қоғам құбылыстарының обьективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады.
Дүниетаным - жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы ой тұжырымы, сонымен қатар осы адамдардың өмірлік позициясы, сенімдері, мұраттары мен таным, және іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарлары кіреді.
Сенім - терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім адамның жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс. Сенім үмітпен басталады. Сенім-адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілітін жоғарлатуға ықпал жасайды. Сенімнің орындауы адамның нақты іс-әрекетімен тәжірибесіне байланысты келеді.
Адам мұраты - жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мақсат–мұраттары, өмірге ұмтылушылығы, талап -танушылығы. Мұрат-адамның өмірден өзіне өнеге іздеуінен, біреуді үлгі тұтып қастерлеуінен байқалатын қасиет. Мұрат кісінің алдына қойған аса ардақты, ең асыл мақсаты.
Көзқарас - адамның айналада болып жатқан процестерге және құбылыстарға қатысын айқындайтын дүниетанымдар категориясы. Олар арқылы адамның принциптері, құндылықтары, сенімдері, идеалы, өмірлік позициясы, бағыты, іс-әрекеті байқалады.
Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Қарым-қатынастың үш жағы бар: интерактивті, коммуникативті, перцевтивті.
Достарыңызбен бөлісу: |