Иманов а.Қ. «Педагогика» пәні бойынша



бет6/33
Дата03.11.2023
өлшемі229,29 Kb.
#189238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
«педагогика»-emirsaba.org

Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, сссоншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытпады. Ал зерттеудің практикалық маңызды жаңа ұсыныстар, нұсқалар және т.б. дайындауға арқау болуында.

Теориялық саты зертеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Зерттеу әдістемесінің дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмперикалық әдістер тобынан құралады.
Әдістері көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа бөлінеді: 1)педагогикалы тәжірибені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері; 3) математикалық әдістер.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтрі бірдей алынады.

Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау-зерттеуші ізленіс жұмсатарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастай және таңмалы бақылау.
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір әдіс не тәсілінің педагогикалық тиімділігі анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру-түрі эксперимент ерекше маңызды.


Педагогикалық эксперимент міндеттері: 1) жобаланған педагогикалық құбылыс және оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мәнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нәтижесін өлшестіру.
Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент-қайта жасаушы деп аталады. Эксперименттік әдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу юарысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен әдептілігі, көрегіндігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді.
Педагогикалық математикалық және статистикалық әдістер сауалнама, эксперимен жолымен алынған деректемелерді өндеу үшін, сондай-ақ зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тәуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып, эксперимент нәтижесі бағалауға, қортыдындылар сенімділігін арттыруға, теориялық тұжырымдаларды негіздеуге жәрдемдеседі.
Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, әлі анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тәуелділіктері ұланғайыр, тың халінде.Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты-ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-әрекетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет