Алдын –ала қадағалау – өдетте,диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі.Ондағы мақсат- оқұшылардың оқуды бастауға дейін игерге білім,есептік,дағдырларының деңгей,дәрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырып өту алдындан өткізіледі. Алдын- ала қадағалау нәтижесінің негізінде мұғалім оқу жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады.
Ағымдағы (күнделікті) қадағалау – оқу барысында ұйымдастырылып,білім,ептілік және дағдардың қалыптасу дәрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты терең және берік бекігенін анықтау үшін қолданылады.
Бұл қадағалаудың тиімділігі-оқушылар біліміндегі кемшіліктер мен оқулықтарды дер кезінде байқап,бағдарлама ақпараттарын меңгеруде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Мерзімді қадағалау-белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысың алуға пайданалады.Ол не тоқсан не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.
Тақырыптық қадағалау -тақырып,бөлім материалдары өтіліп болған соң өткізіледі.
Қорытынды қадағалау – оқу процесінің соңғы нәтижелері жинақтау үшін қолданылады.Ол пән бойынша бүкіл білім ,ептіліктер мен дағдылар жүйесің қамтиды.
Өтілген материал,тақырып ізімен қадағалау – тақырып,курс,бөлім өтіліп,бірқанша уақыт озған соң қалдық білімді аңықтау үшін қолданылады.Мерзім үш айдан жарты жылға дейін не одан көп созылуы мүмкін .Мұндай қадағалау оқу процесінің тиімділігін соңғы нәтиже бойынша пайымдау талаптарына сәйкес келеді.
Қадағалау арқылы формада жүргізілуі мүмкін .Формалық жағынан мұндай жұмыс жеке – дара,топтық және сыныптық болып бөлінеді.қадағалау барысында арқылы әдістер де қолданылуы мүмкін.Қадағалау әдістері дегеніміз – бұл оқушылырдың оқу танымдық іс әрекеттері мен мұғалімдер жұмыстарының нәтижесін айқындауға жәрдемші жол,тәсілдер.Педагогикалық практикада ауызша,жазбаша,тәжірибелік, компьютерлі (машинаны)қадағалау және өзіндік қадағалаулар қолданылуда.
Ауызша қадағалау – оқушылырға ауызекі сұрақ қоюмен орындалады.Ол шәкірттердің білім,ептілік және дағдылар деңгейін айқындауға,сонымен бірге оқушының материалды баяндау қисынымен танысуға,меңгерген білімдерін процестер мен төңіректе болып жатқан ақшаларды түсіндіре алу ептіліктерін байқауға, өзпікірін білдіру мен лайектеу және қателікті көзқарастарды қарсы тұрып, дәлел келтіре алу ұқыптарын аңықтауға мүмкіндік береді.